Символдық мәліметтермен амалдар орындау

Тақырыбы: Символдық мәліметтермен амалдар орындау

Білімділігі:  Оқушыларды символдық шамалармен орындалатын амалдар таныстыру. Символдық  мәліметтерді енгізу, шығару ерекшеліктерін түсіндіре отырып, программа құруға дағдыландыру;

Дамытушылығы:  Символдық мәліметтерді Паскаль тілінде программалау арқылы өңдеу тәсілдерін жүзеге асырып, оқушылардың логикалық  ой- өрістерін дамыту;

Тәрбиелік: Оқушыларды тиянақтылыққа, ұқыптылыққа, жауапкершілдікке  тәрбиелеу.

Күтілетін нәтиже: оқушы символдық шамаларды өз бетімен есептей алады.

Сабақтың түрі:

Көрнекілік: интерактивті тақта, флипчарт, слайд, Паскаль программасы, карточкалар.

Пәнаралық байланыс: ағылшын, қазақ әдебиеті

Сабақ барысы:

  1. Амандасу
  2. Үй тапсырмасы.
  3. Жаңа сабақ
  4. Бекіту
  5. Үйге тапсырма
  6. Бағалау

1.Амандасу бөлімінде оқушылармен амандасып, жоқ оқушыларды анықтау.

  1. Үй тапсырмасын сөзжұмбақ, синонимдер ойындары арқылы тексеру. Оқушыларға сөзжұмбақты, карточкаларды үйлестіремін және дұрыс жауаптарына ақша төленеді.
  2. Сөзжұмбақтың сұрақтары:
  3. real-нақты

2.string-жолдық

3.if-егер

  1. read-оқу
  2. логикалық типті өрнек — шарт

6.қабылдайтын мәндер жиыны мен форматын не деп атайды- типі

7.integer- бүтін

  1. char-символдық
  2. математикалық тілде берілген функцияны паскаль тіліне айналдру керек.

x2 — sqrt(x)

[x] — int(x)

шартсыз өту — goto

жаңа  — new

AB — A*B

Lnx — ln[x]

π — pi

│x│- abs(x)

√x — sqrt(x)

cosx- cos(x)

، — apostrof

бүтін — longint

  1. Жаңа сабақ. Мәні символ (әріп, цифр, таңба) болатын айнымалы символдық айнымалы деп аталады.

Турбо Паскальда мәтіндік айнымалыларды өңдеу үшін string типі қолданылады. (string-жол)

Символдық айнымалының ұзындығы деп ондағы символдардың санын айтады.

Әр тұрақтының ұзындығы (мәтіндегі символдар саны) 255-тен артпайды.

Символдық тұрақтының әр символы 1-ден бастап солдан оңға қарай бүтін сандармен нөмірленеді.

Мысалы: а1:=’кітап’; а1 айнымалысы жадыда былайша орналасады:

012345
5кітап

 

0 -байтта символдық айнымалының ағымдағық ұзындығының мәні орналасады. Символдық айнымалы Type немесе VAR бөлімінде сипатталады.

Оның жалпы түрі:

Type символдық типтің аты = string  [айнымалының символ саны];

Var символдық айнымалы аты: типтің аты; немесе

var символдық айнымалы аты: string;

Мысалы: 1) type b1=string [6];

b2=string;

var a1:b1;a2:b2;

2) var x:string[10];

y: string;

string сөзінен кейін символ саны көрсетілмесе, ол айнымалыға жадыдан 255 орын бөлінеді.

Символдық айнымалыларға стандарт функциялар және прцедуралар қолданылады.

 Символдық айнымалыларды түрлендірудің стандарт функциялары.

lenght(а) — функциясы а символдық айнымалының ұзындығын табады.

функция нәтижесінде бүтін типті сан шығады.

Мысалы: var a,b:string[10];

begin

a:=’кітап’;

b:=’54654′;

k:=length(a); writeln(‘а жолының ұзындығы =’, k);

writeln(‘b жолының ұзындығы=’, lenght(b));

end.

concat (a1,a2) — функциясы а1 және а2 жолдық айнымалыларды біріктіреді.

(concat- конкатенция — біріктіру). функция нәтижесінде жолдық айнымалы шығады. мысалы: а1:=’қалам’;

a2:=’сап’

b:=concat(a1,a2);

writeln(b);

программаның орындалу нәтижесінде «қаламсап» сөзі шығады. Екі жолды біріктіру үшін «+» таңбасын да қолдануға болады.

Мысалы: а1:=’информатика’;

b:=’ғылымы’;

Writeln(a+b);

copy (a,n,k) — функциясы а жолының n-ші символынан бастап к символ көшіріп (немесе қиып) алады.

Мысалы: copy(‘қаламсап’,3,2)→’ла’

copy(‘кітап’,1,1)→’к’

pos(a1,a2)- функциясы а2 жолындағы а1 ішкі жолының басталу позициясын көрсетеді, егер а2 жолында а2 жолы жоқ болса, онда функция мәні 0-ге тең болады.

Мысалы: pos (‘ка’, ‘информатика’)→10

pos (‘та’, ‘информатика’)→0

pos(‘cd’,’abcdcdrf’)→3

Әрбір символға компьютерде 0 мен 255 аралығындағы бүтін санды код сәйкес келеді. Символдар кодының кең тараған түрі ASCII коды. ASCII -де символдардың коды 32-ден басталады. 0-ден 32-ге дейінгі компьютердің ақпартпен түрлі жұмыс істеуіне арналған басқарушы кодтар.

паскаль тілңнде символдардың ASCII кодытар кестесіне сәйкес кодын анықтайтын және оған керсінше, 0-ден 255-ке дейінгі бүтін санды кодқа сәйкес символды беретін 2 қарама-қарсы стандарт функциялар бар.

ord функциясы символдың сәйкес кодын табады. (ordinal value — реттік мән)

Мысал: ord(‘A’)→65

ord(‘a’)→97

chr функциясы кодқа сәйкес символды береді. (character- символ)

Мысалы: chr(65)→’A’

chr(49)→1

Бұл функцияны # (диез белгісі) символымен алмастыруға болады.

Мысалы: # 65→’A’

Мысалы: 0-ден 255-ке дейінгі барлық кодты (бүтін сандар) және оған сәйкес символды 2 баған түрінде экранға шығаратын программа.

program l;

uses crt;

var i:byte;

begin

for i:=0 to 255 do

begin

writeln (i,’—-‘,CHR(i));

delay (200)

end end.

Delay процедурасы символдарды үзіліспен шығару үшін қолданылады.

 

Сабақты бекіту. Аукцион ойынын ойнаймыз. Жинаған ақшаларыңызға дүкеннен ойыншықтар мен балмұздақ сатып аласыздар. Әр ойыншықтың, балмұздақтың артында өз тапсырмалары бар, соны орындаймыз.

Тапсырмалар:

 

№1 есеп /сәттілік/

а1:=’сәт’;

a2:=’тіл’;

a3:=’кішілік’;

a4:=copy(a3,6,2);

b:=concat(a1,a2,a4);

writeln(b);

 

№2 есеп /бақыт/

а1:=’бақа’;

a2:=’сауыт’;

a3:=copy(a1,1,3);

a4:=copy(a2,4,2);

b:=concat(a3,a4);

writeln(b);

 

№3 есеп /ізгілік/

c1:=’із’;

c2:=’гүл’;

с3:=’іні’;

с4:=’сәйгүлік’;

a:=copy(с2,1,1);

b:=copy(с3,1,1);

k:=copy(с4,6,3);

writeln(a+b+k);

 

№4 есеп /ілтипаттылық/

а1:=’білім’;

a2:=’тип’;

a3:=’ат’;

a4:=’тылық’;

a5:=copy(a1,2,2);

b:=concat(a5,a2,a3, a4);

writeln(b);

 

№5 есеп / еңбекқор/

а1:=’Еңлік’;

a2:=’Кебек’;

a3:=’қоры’;

a4:=copy(a1,1,2);

a5:=copy(a2,3,2);

a6:=copy(a3,1,3);

writeln(а4+а5+а6);

 

№6 есеп /Махаббат/

а1:=’Маханбет’;

a2:=’бекетіне’;

a3:=’барып’;

a4:=’қайттым’;

d1:=copy(a1,1,4);

d2:=copy(a2,1,1);

d3:=copy(a3,1,1);

b4:= copy(a4,2,1);

b5:= copy(a4,4,1);

writeln(d1+d2+d3+d4+d5);

 

№7 есеп / ізеттілік/

а1:=’ізгі’;

a2:=’қасиет’;

a3:=’тілек’;

a4:=’мендік’;

a:=copy(a1,1,2);

d:=copy(a2,5,2);

c:=copy(a3,1,3);

l:= copy(a4,5,2);

writeln(a+d+c+l);

 

№8есеп / сүйіспеншілік/

а1:=’сүйген’;

a2:=’ісім’;

a3:=’кәсіппен’;

a4:=’көпшілік’;

a:=copy(a1,1,3);

d:=copy(a2,1,2);

c:=copy(a3,6,3);

l:= copy(a4,4,5);

writeln(a+d+c+l);

 

 

№9 есеп / құрмет/

а:=’құр’;

a1:=’сөзіңмен’;

a2:=’мақтанба’;

d:=copy(a1,6,2);

c:=copy(a2,4,1);

writeln(a+d+c);

 

№10 есеп /қайырымдылық/

c1:=’қай’;

c2:=’ырымды’;

с3:=’айталық’;

с4:=copy(с3,5,3);

writeln(с1+с2+с4);

 

№11 есеп /Отансүйгіштік/

c1:=’Отанын’;

c2:=’сүйген ‘;

с3:=’кішінің’;

с4:=’міндетік’;

a:=copy(с1,1,4);

b:=copy(с3,2,2);

d:=copy(с4,6,3);

writeln(a+b+d);

 

№12 есеп /адалдық/

c1:=’адам’;

c2:=’болам ‘;

с3:=’десеңіз’;

с4:=’ық’;

a:=copy(с1,1,3);

b:=copy(с2,3,1);

b:=copy(с3,1,1);

writeln(a+b+d+с4);

 

№13 есеп /шаттық/

c1:=’шашыңды’;

c2:=’тарақпен ‘;

с3:=’тарадық’;

a:=copy(с1,1,2);

b:=copy(с2,1,1);

d:=copy(с3,1,1);

c:=copy(c3,5,3);

writeln(a+b+d+c);

 

№14 есеп /сәттілік/

а1:=’сәт’;

a2:=’тіл’;

a3:=’кішілік’;

a4:=copy(a3,6,2);

b:=concat(a1,a2,a4);

writeln(b);

 

№15 есеп /бақыт/

а1:=’бақа’;

a2:=’сауыт’;

a3:=copy(a1,1,3);

a4:=copy(a2,4,2);

b:=concat(a3,a4);

writeln(b);

 

№16 есеп /ізгілік/

c1:=’із’;

c2:=’гүл’;

с3:=’іні’;

с4:=’сәйгүлік’;

a:=copy(с2,1,1);

b:=copy(с3,1,1);

k:=copy(с4,6,3);

writeln(a+b+k);

 

№17 есеп / ізеттілік/

а1:=’ізгі’;

a2:=’қасиет’;

a3:=’тілек’;

a4:=’мендік’;

a:=copy(a1,1,2);

d:=copy(a2,5,2);

c:=copy(a3,1,3);

l:= copy(a4,5,2);

writeln(a+d+c+l);

 

№18 есеп /Отансүйгіштік/

c1:=’Отанын’;

c2:=’сүйген ‘;

с3:=’кішінің’;

с4:=’міндетік’;

a:=copy(с1,1,4);

b:=copy(с3,2,2);

d:=copy(с4,6,3);

writeln(a+b+d);

 

 

 

Үйге тапсырма.162 бет. 4.1-4.2 тақырып

Оқушыларды бағалау.