Жалаң және жайылма сөйлемдер

Сабақтың тақырыбы:     Жалаң және жайылма  сөйлемдер                      

Сабақтың мақсаты:    а) Жалаң және жайылма сөйлем  туралы түсінік бере отырып, оқушылардың ойлау қабілетін сабаққа деген қызығушылығын және негізгі мәселелерге аса көңіл бөлуге үйрету;.

ә) Түрлі әдістерді пайдалана отырып балаларды тапқырлық,жылдамдық,есте сақтау қабілеттерін арттыру,сөйлеу тілін жетілдіріп,шешендік өнерге баулу;


б) Сабақ барысында оқушыларды сауаттылыққа баулу;

Сабақтың түрі:                                   Жаңа сабақты игерту.

Сабақтың әдісі:                                сұрақ-жауап, іздендіру,  дамыта оқыту

Сабақтың көрнекілігі:                     плакат,кеспе қағаздар, қосымша материалдар.

Пәнаралық байланыс:                 әдебиет, орыс тілі

Сабақтың барысы:

                                а)    Ұйымдастыру кезеңі:


Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ә) Үй тапсырмасын пысықтау:

Үйге берілген тапсырманы сұраймын. Оқушыларға өткен сабақты қалай меңгергенін байқау үшін бірнеше сұрақтар қоямын

б)     Жаңа сабақты түсіндіру:

              Жай сөйлемнің жалаң және жайылма болуы тұрлаусыз мүшелердің қатысу-қатыспауына байланысты.

Кейбір жай сөйлемдердің құрамында тұрлаусыз мүшелер болмайды.Мысалы: Жаңбыр сіркіреп тұр.жер су. – Жаңбыр ашылды ма?

  Тұрлаусыз мүше қатыспаған жай сөйлемді жалаң сөйлем дейміз.

  Жалаң сөйлем құрылысына қарай жақты да,жақсыз да сөйлем болуы мүмкін.Ойын қызық.Үй жлы.Қарағың келеді.айтуға бола ма?

Ж айылма сөйлем тұрлаусыз мүшелердің қатысуы арқылы жасалады.Едіге ұзақ жол жүрді.Алыстан мұнар тау көрінеді.Алғашқы сөйлемді ұзақ деген мөлшер пысықтауыш жайылма сөйлемге айналдырса,соңғы сөйлемді анықтауыш (мұнар) пен мекен пысықтауыш (алыстан) қатысып,жайылма сөйлемге айналдырып тұр.

Тұрлаусыз мүше қатысқан жай сөйлемді жайылма сөйлем дейміз.

   Жайылма сөйлемдер де құрылысына қарай жақты не жақсыз бола береді. Таспен ұрғанды аспен ұр. – жақты сөйлем. – Сонда менің ауданға баруым керек пе? – жақсыз сөйлем.

 

Жаттығумен жұмыс:           77-жаттығу.  Көшіріп жазып, сызықшаның қойылу себебін анықтаңдар. Жай сөйлемдердің қайсысы жалаң,қайсысы жайылма екенін көрсетіңдер

.

Шығармашылық жұмыс: Төменде берілген сөйлемдерді жайылма сөйлемдерге айналдырыңдар.

            Нұрмағамбет тілін алды. Ол киіне бастады. Нұрмағамбет көзге түсті. Ойын-той болмайды. Сәні болмайды. Андрей шақырылады. Саусақтары жетпейді.  Саусақтары ырқына көнбейді. Ол біледі.

Білімді бекіту:  Өтілген тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын. Түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.

  1. Сөйлемдер құрылысына қарай нешеге бөлінеді?
  2. жай сөйлем дегеніміз не?
  3. жақты сөйлем қалай жасалады?
  4.  жақсыз сөйлем қандай жолдармен жасалады?
  5. Жалаң және жайылма сөйлемдер қалай жасалады?

Бағалау:  Үй тапсырмасын орындап келгеніне және жаңа сабаққа ынталы қатысып отырғандарын бағалаймын.

Үйге тапсырма:        78-жаттығу.