О, Генри «Соңғы жапырақ»

Сабақтың тақырыбы:             О, Генри «Соңғы жапырақ»

Сабақтың мақсаты:

                                 а)  әлем әдебиеті туралы түсінік беру,оқушылардың  сабаққа деген  қызығушылығын арттыру;

                                   ә) адамгершілік қасиеттерге баулу,үлгі-өнеге ету;

                                   б) шығармашылық ізденіске бағыттау,ой бөлісу, өз ойын көркемдеп еркін айтуға баулу,мәнерлеп оқуға дағдыландыру,ізденімпаздыққа төселу;

Сабақтың түрі:     жаңа    сабақ

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап,талдау,іздену  т.б

Сабақтың көрнекілігі: сызбалары, портреті,шығармалар жинағы  т.б

Пәнаралық байланыс:          тарих

Сабақтың барысы:

                                               а) Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен амандасу,түгелдеу, оқу құралдарын тексеру, сыныптың тазалығына көңіл бөлу.  Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

                                               ә) Үй тапсырмасын пысықтау:

                      Үйге берілген тапсырманы  сұраймын.Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын.

  1. Ақын ұлтын неге шақырады?
  2. Петефи мен Махамбет өлеңдерінде     үндестік бар ма?

                                           б) Жаңа сабақты түсіндіру:

               О,Генри –ХХ ғасыр басында өмір сүрген американдық жазушы, новеллашы Умльям Синди Портердің лақап аты. Жазушы әдеби  есіммен танылды.Уильям Портер  Американның Солтүстік Каролина штатында Гринсборо қаласында дәрігер отбасында дүниеге келген.

            «Соңғы жапырақ» атты новелласы  ең әсерлі,жүрек қозғайтын шығармаларының бірі болып саналады.

Кітаппен  жұмыс:   Сьюди мен   Джонсидің  өздеріңе ұнаған  мінез-құлықтарын  шығарма мазмұнына сүйене отырып әңгімелеңдер.

 

 Білімді бекіту:   Өтілген тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын. Түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.

  1. Жазушы Сьюди мен  Джонсидің  достығын қалай суреттейді?
  2. Науқас Джонси терезеден нені көріп санап жатты?
  3. «Соңғы жапырақ түскен күні мен өлемін»  деуінен неге қауіптенеді?
  4. Джонсидің айығуына не себеп болды?

 

       Білімді бағалау: Оқушылырдың жауаптарына ,сабаққа белсене қатысып отырғандарына қарай білімдері бағаланады.

 

Үйге тапсырма:         О,Генридің «Соңғы жапырақ» әңгімесін  оқып  келу.