«Ақтамақ хикаясы» (Жүсіпбек Аймауытовтың «Әнші» әңгімесі бойынша)

Күні:                                   Пәні: қазақ әдебиеті                            Сыныбы: 7

Сабақтың тақырыбы: «Ақтамақ хикаясы» (Жүсіпбек Аймауытовтың «Әнші» әңгімесі бойынша)

Сабақтың білімділік мақсаты: 1) әңгіменің тақырыбы мен жазушының идеялық мұратын мәтінге сүйене отырып ашу; 2) әнші бейнесін тереңірек талдап ашу; 3)  жазушы идеясының өміршеңдігіне көз жеткізу.

Сабақтың тәрбиелік мақсаты:1) оқушыларды өнер құдіретін сезінуге тәрбиелеу; 2) ұлттық құндылығымыз бен намысымызды қорғай білуге үйрету; 3) ұлтжандылыққа,өз еліне деген сүйіспеншілікке баулу.

Сабақтың дамытушылық мақсаты:1) «Әдебиет пен өнер егіз» деген ұғымды ашу; 2)жеке және топтық жұмыста шапшаңдыққа баулу;3)өз ойын еркін жеткізе білуге,сөйлеу мәдениетін қалыптастыруға баулу.

Сабақтың әдісі: сөзбен түсіндіру,талдау,өзара талқылау,ізденушілік.

Сабақтың түрі: жаңа материалды өздігінен игерту.

Сабақтың көрнекілігі:  концептуалдық кесте,тапсырма парақтары,түсіндірме күнделігі,жинақтау плакаты, «Әміре — ән асқары» альбомы, «Әміре жайлы лебіздер» жинақ-кітапшасы.

Пайдаланылған әдебиет: «Портреттер», «Замана бұлбұлдары», «Ән асқары — Әміре».

Сабақтың барысы.

І.Ұйымдастыру кезеңі.

1.Оқушылармен сәлемдесу. 2.Оқушыларды топқа бөлу: І топ «Болашақ», ІІ топ «Ұлан», ІІІ топ «Өнерпаз».

ІІ.Үй тапсырмасын тексеру.

  1. «Әнші» әңгімесінің жалпы мазмұнын «Зымыран сұрақтар» әдісімен сұраймын.Барлығы 15 сұрақ. Сұрақ тез оқылады,жауап та тез,қысқа әрі түсінікті болуы керек.

1.Жүсіпбек Аймауытов кім?   2.Әңгімедегі әнші есмі.   3.Жазылған жылы.  4.Әмірханның өмірдегі бейнесі кім?  5.Автор әншімен қайда кездесті?  6.Әнші ән айтуды кімнен үйренді? 7.Әмірхан қандай әнші?

8.Әмірханның тұрмыс-тіршілігі қандай?  9.Әңгімедегі кейіпкерлерді ата.  10.Жастар не ұйымдастырды? т.б.

Оқушылар әңгімедегі басты тұлға Әмірқан бейнесін концептуалдық кестеге талдайды.

Әр топқа тапсырма қағаздары таратылады: І топ – мінезі; ІІ топ – қарым-қатынасы; ІІІ иоп – кәсібі.

ақкөңіл
бірбеткей
сенгіш

Кестеге орналастыру.

Әр топтан бір оқушы орындады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ІІІ. Үй тапсырмасын қорытындылау.

Талдау барысында әншінің жан-жақты қыры ашылды.Әншінің бұл қырлары алғашқы әңгімеде анықталса,біз үшін белгісіз бір қыры – сезімталдығы мен сыршылдығы.

Әмірқанның  осы қырын ашатын жүрек түкпіріндегі мөлтек сыры іспеттес хикаясы бүгінгі жаңа сабақтың тақырыбы,негізгі өзегі екендігіне тоқтала отырып,жаңа сабаққа көшемін.

  1. Жаңа сабаққа көшу.

Ақтамақ хикаясы.

Мұғалімнің сөзі.Оқушылар! Біз өткен сабақта «Әнші» әңгімесі арқылы қазақтың атақты әншісі Әміре Қашаубаевтың өмірі мен өнері жайында білдік.Талантты жазушы Жүсіпбек Аймауытов әнші Әмірқан бейнесі арқылы қазақ ән өнерін,ұлттық мәдениетімізді қалың оқырманға паш етті.Бүгінгі жаңа сабақта біздер әнші бейнесін тереңірек ашуға бар ынта-жігерімізбен жұмыс істейміз.

  1. Топпен жұмыс

  Әр топқа тапсырма жазылған парақтар таратылады.Әрбір мәтінді /50-52-беттер/ абзацтарға бөліп,оны оқиды,мазмұндайды,тақырып қояды.

Әр топқа тапсырма жазылған парақтар таратылады.Әрбір мәтінді /50-52-беттер/ абзацтарға бөліп,оны оқиды,мазмұндайды,тақырып қояды.

І топ

  1. Әңгімедегі ой бөлігі /4-5 абзац 50-бет/.
  2. Ой бөлігіңді оқы. 3. Түсінгеніңді мазмұнда. 4. Тақырып қой. «Ақтамақ ару»

ІІ топ

  1. Әңгімедегі ой бөлігі /2-3-4 абзац 50-51-бет/.
  2. Ой бөлігіңді оқы.     3. Түсінгеніңді мазмұнда.        4. Тақырып қой. «Қос ғашық»

ІІІ топ

  1. Әңгімедегі ой бөлігі /5-7 абзац 51-бет/.
  2. Ой бөлігіңді оқы.    3. Түсінгеніңді мазмұнда.     4.Тақырып қой. «Жолы болған әнші»
  1. Мәтінмен жұмыс

Бұл кезеңде хикаяның тілдік ерекшелігі талданады.Әр топ хикаяның толық мәтінімен жұмыс жүргізеді.

  1. Теориялық ұғымдарды еске түсіріп аламыз /Жалқы есім,диалог т.б./.
  2. Талдау жұмысын жүргіземіз.

І топ: жалқы есімдерді түр-түріне ажырату.            ІІ топ: диалогтарды тауып,рөлдік оқу.                                                 ІІІ. Топ: Ақтамақ бейнесіне ассосиация құру.

  1. Әр топ өз жұмысын тақтаға ілінген плакаттарға орындайды. Үлгісі:

І топ

Жер,су аттарыАдам есімдеріТау аттары
Ормамбет

Жетішатыр

Ақтамақ,                                             Әмірқан,                             Иманжүсіп,                                      Балуан Шолақ,                              Мәди,                                       ДәулетжанОрда

Тижатпас

ІІ топ

Мәтіндегі 4 диалогты тауып,рөлге бөлініп оқиды.

1.Ақтамақ пен әнші  2.Автор мен әнші   3. Ұрылар мен әнші   4. Әнші мен автор

ІІІ топ

 

 

 

 

 

 

 

3.Ұжымдық жұмыс.

Хикаяттағы мағынасы түсініксіздеу сөздерді тауып, түсіндірме күнделігіне орындайды.Бұл тапсырма «Сөз төркінін тану» мақсатында жүргізіледі.

Түсіндірме күнделігі

Мәтіндегі ойОқушы түсінігі
жөпшеңді

орамал тастады

жанторсық

таң асып тұрған

анына қош айтысу

қоржынбасы

анау-мынау,жай

ұлттық ойын

қымыз құятын ыдыс

бабына келген

өмірмен қоштасу

екі басты қоржын

 

  1. Үй тапсырмасы: «Егер мен жазушы болсам» «хикаяны өз ойымен аяқтап жазып келуі)

VI.Тақырыпты бекіту кезеңі.

1.Жүсіпбек Аймауытов – қазақтың ән өнерін жоғары бағалай білетін талғампаз жан.Ол әнді сүйіп өсті,өзі де ән айтудан әсте жалыққан емес.Сондықтан да ән мен әнші тақырыбы – жазушы шығармашылығының өзегі. «Әнші» әңгімесі жазушы ұлылығының айғағы десек те болады.

  1. Әміре Қашаубаев — ән асқары,қазақ өнерінің жарық жұлдызы,ұлттық мақтанышымыз. «Бұратана» саналған қазақ халқының бай өнері мен жоғары мәдениетін барша халыққа паш етті.Франция секілді өркениетті елге өнеріміздің құдіреттілігін мойындатты.Сол үшін де қазақ халқы Әміре сынды ұлы тұлғасын ешқашан ұмытпайды.

VII.  Түйін жасау.

  1. «Әміре жайлы лебіздер» жинақ кітапшасымен жұмыс.  Р.Роллан,А.В.Затаевич,А.В.Лунчарский,А.Барбюс,Ғ.Мүсірепов сөздерімен таныстырдым.
  2. Жинақтау плакатын толтыру.

Тақтаға қазақтың кең даласы мен сұлу табиғаты бейнеленген плакат ілінеді.Плакатқа 5 жұлдызды орналастырамын әр жұлдызда Әміре бейнесін айқындайтын «Дала бұлбұлы», «Ғажайып әнші», «Ұлт мақтанышы», «Дара тұлға», «Алтын мұра» секілді эпитет сөздер жазылған.Осы сөздер арқылы әңгіме түйінін ашып,сабақты аяқтаймын.