Жұмбақтар мен жаңылтпаштардың мәні мен өзіндік ерекшеліктері

Сабақ жоспары

  1. Пән аты: Әдебиет

2.Сыныбы: 5 «Ә»

3.Күні, айы, жылы: 19.09.2014

4.Тоқсан: І

5.Мұғалім: Ж.Юнусова

Сабақтың тақырыбы:  Жұмбақтар мен жаңылтпаштардың мәні мен өзіндік ерекшеліктері

Сабақтың мақсаты:

1.Білімділік: оқушыларға  жұмбақтар  туралы әдеби білім беру,  білімін  тереңдету, салыстыру,  жұмбақтар мен жаңылтпаштарды ажырата  білу  мен  оқу,  талдау  машықтарын  қалыптастыру

2.Тәрбиелік: оқушыларды  адамгершілікке, ұлтжандылыққа  тәрбиелеу.

3.Дамытушылық: оқушылардың  логикалық  ойлауын,ой  дәлдігін  дамыту,сөйлеу мәдениетін  жетілдіру, түрлі  амал – тәсілдер  арқылы  іздендіре  отырып  шығармашылыққа  баулу.

Сабақтың типі: пысықтау сабағы.

Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ.

Сабақтың әдіс-тәсілі: баяндау, сұрақ-жауап, мәнерлеп оқу, әңгімелеу

Сабақтың көрнекілігі:   қосымша  әдебиеттер.

Пәнаралық байланыс: тіл, тарих.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:      1. Оқушылармен сәлемдесу.

  1. Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру.
  2. Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:

  1. Жұмбақтар туралы түсінік, жаттау
  2. Жаңылпаштар жаттау

 

ІІІ. Білім  тексеру:

 

Оқушыларды  іздендіре  отырып  кестені  толтыру.

 

Мақал — мәтелдерТақырыптары
1Денсаулық – зор  байлық…..
2…..Өнер – білім
3Досы  көпті жау  алмайды,…
4….Еңбек
5Ата  көрген  оқ  жонар,…
6….Ынтымақ, бірлік
7Ерді намыс  өлтіреді,….

 

ІV  Жаңа  сабаққа  дайындық

   1.Сабақ  тақырыбын  тақтаға  жазу

  2.Сабақ  мақсатын  түсіндіру

 

  1. Жаңа тақырыпты түсіндіру:

Жұмбақ – ауыз  әдебиетінің  ертеден  келе  жатқан  түрі.  Ол  адамдардың  бір нәрселердің     белгілерін  екінші  нәрсенің  белгілері  арқылы жұмбақтап  айту  өнері.  Жұмбақ  мақал – мәтел  сияқты  тақпақтап,  ұйқастырып айтылады. жұмбақтар  өте  ертеден  келе  жатқанмен, әр  уақытта халық  оның  жаңа  түрлерін  ойлап  шығарып  отырған. М.Әуезов «Жұмбақ  адамның  дүниетану  жолындағы  ойының,  қиялының  шамасын  білдіреді» деген.  Жұмбақ болатын  заттар: аспан әлемі,  жыл мезгілдері,  қоршаған  табиғат,  тұрмыстық  заттар,мал,  жан – жануарлар, адам  оның  дене мүшелері,  еңбек  құралдары,т.б.  әр  түрлі  заттар  мен  құбылыстар,  білім  өнер  ұғымдары. Жұмбақтар  соған  байланысты  тақырыбы  жағынан да  сан  алуан.  Өздерің  де  кез  келген  нәрсені  жұмбақтап,  ұйқасын келтіріп  құрастыруларыңа  болады.

 

 VІ. Түсінік  тексеру:

 

  1. Жұмбақ дегеніміз не?
  2. Жұмбақтар қалай  пайда  болған?
  3. Жұмбақ болатын  заттар  нелер?
  4. Жұмбақтардың тақырыбы  қандай  болады?
  5. Жұмбақтарды қалай  құрастыруға болады?
  6. Жаңылпаш деген не?

 

VІІ. Жаңа сабақты бекіту:

  1. Оқулықпен жұмыс.
  2. Жұмбақтарды  оқып,  олардың  тақырыбын,  нені  танытатындығын  айтыңдар.
  3. Жұмбақтың қысқа да,  ұзын да  болатынын, оны  біреу  айтып, енді  біреу  шешу  керектігін  ескеріңдер.
  4. Жұмбақ болған  нәрселерді  екінші бір  затқа  теңеп  ұқсатып,  қарама – қарсы  қойып  айтқан  сөздерге  мысал  келтіріңдер.
  5. Өздерің жұмбақ  құрастыр ыңдар.

 

 

VІІІ.Сабақты  қорыту:

  1. Бағалау

  1. Үй тапсырмасын беру.
  2. Жұмбақ туралы  түсінік
  3. Жұмбақ пен жаңылтпаштар жаттау