«Ер Төстік» ертегісі

Сабақ жоспары

1.Пән аты: Әдебиет

2.Сыныбы: 5 «Ә»

3.Күні, айы, жылы:  26.09.2014

4.Тоқсан: І

5.Мұғалім: Ж.Юнусова

Сабақтың тақырыбы:  «Ер Төстік»  ертегісі  оның  тақырыбы

Сабақтың мақсаты:

1.Білімділік: оқушыларға  Ер Төстік ертегісінің  тақырыбын  аша  отырып, кейіпкер туралы  түсінік  беру.

2.Тәрбиелік: оқушыларды  адамгершілікке, ізгілікке баулу, ұлтжандылыққа тәрбиелеу.

3.Дамытушылық: оқушыларды  мәтінмен  жұмыс  істеуге, өз  пікірін  қорғауға  дағдыландыру,  әдебиетке   қызығушылығын  ояту.  

Сабақтың типі: жаңа сабақ.

Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ.

Сабақтың әдіс-тәсілі:  түсіндіру, сұрақ-жауап, мәнерлеп оқу, әңгімелеу

Сабақтың көрнекілігі:  «Қазақ  әдебиеті» энциклопедиясы

Пәнаралық байланыс:  тіл, тарих.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:       1. Оқушылармен сәлемдесу.

  1.   Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру.
  2. Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:

 

1.Ертегілер туралы түсінік.

  1. Қалаған ертегі  оқып  келу

 

ІІІ. Білім  тексеру:

  1. Ертегілерде нелер  баяндалады?
  2. Ертегілер бізге қалай  жеткен?
  3. Ертегілердің қанша  түрі  бар?
  4. Хайуанаттар туралы ертегілер  деген не?
  5. Қиял – ғажайып ертегілер  деген не?
  6. Ер Төстік ертегісі қандай  ертегіге  жатады?

 

ІV  Жаңа  сабаққа  дайындық

   1.Сабақ  тақырыбын  тақтаға  жазу

2.Сабақ  мақсатын  түсіндіру

 

  1. Жаңа тақырыпты түсіндіру:

* Жоспар  құру.  Осы  жоспар  бойынша  бөлімдерге  бөлу.

  1. Ер Төстіктің дүниеге келуі
  2. Өрмек тоқып отырған кемпір

3.Ер Төстіктің ағаларын  іздеуі

4.Ерназардың  ұлдарының  елге  келуі

  1. Ерназардың келін алуы
  2. Бекторының тұсау құруы
  3. Ерназардың жалмауыз кемпірдің  құрсауына  түсуі

8.Ер Төстіктің  достары

9.Жер  асты  оқиғасы

10.Кенжекейдің  ақылы

11.ЕрТөстіктің  әкесін құтқаруы

* Ерназардың  тоғыз  ұлына  келін  іздеген  жерін  тауып  оқу.

* Кенжекейдің  Ер Төстік  туралы  жаман  ойлап,  зарлана  бастаған  жерін  тауып  оқу.

 

 

 

 

 

 VІ. Түсінік  тексеру:

Топтастыру стратегиясы:

 

                                                                                  жанашыр

адал

 

Ер Төстік

қайырымды                                                        мейірімді

 

 

 

айлалы                                                                    кішіпейіл

 

 

 

VІІ. Жаңа сабақты бекіту:

  1. Оқулықпен жұмыс.
  2. Ер Төстіктің көмекшілеріне  сипаттама жасаңдар
  3. Ертегіден халық  тұмысына,  сенім – нанымына байланысты  әдет – ғұрып,  салт – сана  көріністерін  тауып,  әңгімелеңдер.
  4. Ертегінің ұнаған  жері  туралы  шығарма  жазыңдар.

4.Ертегі  кейіпкерлерінің  суретін  салыңдар.

  

VІІІ.Сабақты  қорыту:

1.Бағалау

 2.Үй тапсырмасын беру.

1.Ер Төстік ертегісі  туралы  түсінік

  1. Ертегі кейіпкерлеріне мінездеме жазу.