«Керқұла атты Кендебай» ертегісі


                                                    Сабақ жоспары

1.Пән аты: Әдебиет

2.Сыныбы: 5 «Ә»

3.Күні, айы, жылы:  09.10.2014

4.Тоқсан: І

5.Мұғалім: Ж.Юнусова

Сабақтың тақырыбы:  «Керқұла  атты Кендебай»  ертегісі

Сабақтың мақсаты:

1.Білімділік: оқушылардың   Кендебай  бейнесін  аша  отырып,  кейіпкер  туралы  түсінік беру. өткен  тақырыптармен  байланыстыра  отырып,  әдебиеттен  алған  білімін  жетілдіре  түсу.

2.Тәрбиелік: оқушыларды қайырымдылыққа, мейірімділікке, адамгершілікке, имандылыққа,  еңбекті сүюге тәрбиелеу.

3.Дамытушылық: оқушылардың  өз  бетінше  жұмыс  істеу  қабілеттерін  жетілдіру,  логикалық  ойлау  қабілеттерін  кеңейту, пәнге деген қызығушылықтарын арттыру.

Сабақтың типі: аралас сабағы.

Сабақтың түрі: дәстүрлі  емес сабақ.

Сабақтың әдіс-тәсілі: талдау, сұрақ-жауап, мәнерлеп оқу,

                                       әңгімелеу, сыни  тұрғыдан ойлау.

Сабақтың көрнекілігі: Ертегілер жинағы

Пәнаралық байланыс: тіл, тарих.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:       1. Оқушылармен сәлемдесу.

  1.     Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру.
  2. Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:

1 Ертегіні   ары  қарай  жалғастырып  жаз.

  1. Сөз жұмбақ құрау

 

 ІІІ. Білім  тексеру:

  1. Ер Төстіктің  ертегінің  ұнаған  жері  туралы  шығарма  жазыңдар.
  2. Ер Төстіктің ертегі  кейіпкерлерінің  суретін  салыңдар.

 

ІV  Жаңа  сабаққа  дайындық

   1.Сабақ  тақырыбын  тақтаға  жазу

2.Сабақ  мақсатын  түсіндіру

 

  1. Жаңа тақырыпты түсіндіру:
  2. Қайталау — оқу айнасы.
  3. Кітап – досың, ақылшың.
  4. Өнерлі өрге жүзер

4.Кейіпкер  келбеті.

  1. Білімдіден ақыл шығар.
  2. Қайталау – оқу айнасы.

* Ертегі  дегеніміз не?

* Ертегінің  құрылысы  қандай?

* «Керқұла  атты Кендебай  ертегісі  қандай  ертегіге  жатады?

  1. Кітап – досың, ақылшың.

 а) Түсінгенін  жоспар  бойынша   қысқаша  айту.

  1. Кендебайдың дүниеге келуі.
  2. Мергенбай батырдың баласымен кездесуі.
  3. Кендебайдың малшы болуы.
  4. Алтын құйрықты құлын.
  5. Ханның шарты.

ә) Мәтінмен  жұмыс

— Қазанқап  кедейдің  іс – әрекеті,  кәсібі  туралы айтылған  жерді  тауып  оқу.

— Сиыр  айдап  өткізер  жерін  табу.

  1. Өнерлі өрге жүзер.

Кендебай  мен  жетім  бала   кездескен  сәтінен инсценироака көрсету.

Мақал – мәтелмен  түйіндеу.

  1. Кішіпейілділік – кішілік емес, кісілік.
  2. Мейірімділік – жүректен,

Мейірімсіздік – білектен.

4.Кейіпкер  келбеті (теориялық  жұмыс).

а) Сыртқы  түрін, қимыл – әрекетін, мінез – құлқын, басқалармен  қарым – қатынасын  ойша  біліп, көз  алдымызға  елестетеміз. Шығармадағы  адамдардың  көркем бейнесін  кейіпкер  деп  атаймыз.

ә) Ертегідегі  қарама – қарсы  кейіпкерлерді  табайық.

Кендебай                              Бай  балалары

-еңбекқор                              -еріншек

-мейірбан                               -жалқау

— батыр                                   -өтірікші

-жігерлі                                  -шыдамсыз

VІ. Түсінік  тексеру:

Топтастыру стратегиясы:

 

 

 

жанашыр

 

 

адал

 

 Кендебай

қайырымды                                                                             мейірімді

 

 

 

айлалы                                                                                         кішіпейіл

 

5.Білімдіден  ақыл  шығар (әр  қатарға  деңгейлік  тапсырма)

1-қатар: Кендебайға  ұқсағың  келеме?

қай  қасиеті  көбірек  ұнады?

Қазіргі жастар бойынан  осындай  қасиеттер  кездесе ме?

2-қатар: Сен  осы  ертегіге  қандай   өзгеріс  енгізер  дедің?

3-қатар: Суреттер сөйлейді. Тест  сұрақтарын  беру.

Өзіміз  оқыған ертегілердің  қайсысына  ұқсайды?

Ер Төстік                Кендебай

-Жылқы  малымен  дос  болу

-сөйлеуі

 

 

VІІІ.Сабақты  қорыту:

1.Бағалау

 2.Үй тапсырмасын беру.