Ақсақ құлан, Жошы хан

Сабақ жоспары

 

  1. Пән аты: Әдебиет
  2. Сыныбы: 5 «Ә»
  3. Күні, айы, жылы: 24.10.2014
  4. Тоқсан: І
  5. Мұғалім: Ж.Юнусова

Сабақтың тақырыбы:  Ақсақ  құлан,  Жошы хан

Сабақтың мақсаты:

  1. Білімділік: Оқушыларды Ақсақ құлан,  Жошы хан аңызы    туралы  түсінік  беру,   оларды тілдік тараптан талдауға үйрету.
  2. Тәрбиелік: оқушыларды адамгершілікке, ізгілікке баулу, елжандылыққа тәрбиелеу.
  3. Дамытушылық: оқушылардың әдеби дүниетанымдарын кеңейту, пәнге деген қызығушылықтарын арттыру, мәнерлеп оқу дағдыларын дамыту.

Сабақтың типі: аралас  сабақ.

Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ.

Сабақтың әдіс-тәсілі: мәнерлеп оқу, әңгімелеу,талдау.

Сабақтың көрнекілігі:  Аңыз – әңгімелер жинағы.

Пәнаралық байланыс: тіл, тарих,география.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:       1.Оқушылармен сәлемдесу.

  1. Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру.
  2. Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару.

 

 

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:

  1. Аңыз – әңгімелер, Асан Қайғы  туралы  түсінік.

 

 ІІІ. Білім  тексеру:

 

Сұрақ жауап

  1. Аңыз дегеніміз  не?
  2. Аңыз қалай  пайда  болған?
  3. Аңыз – әңгіме неден  құралады?
  4. Аңыз – әңгіме бізге  қалай  жеткен?
  5. Асан Қайғы  жерұйықты  қалай  іздеген?
  6. Асан Қайғы  қайда  қайтыс  болған?

 

 

ІV  Жаңа  сабаққа  дайындық

   1.Сабақ  тақырыбын  тақтаға  жазу

2.Сабақ  мақсатын  түсіндіру

 

 

 

  1. Жаңа тақырыпты түсіндіру:

 

 Ақсақ құлан  Жошы хан

Жошы  ханның ашамайға  мінгізген  жас  баласы  аңшылармен  бірге  жүріп,  бір  жерде  қашып  бара  жатқан  ақсақ  құленды  қуып  кетіпті. Ақсақ  құлан жүйіткіп  бара  жатқан  бір  топ  құланға  қосылыпты.Баланың  астындағы  еріккен  тұлпар  елігіп  құландарға  қосылады. Құланның  әңгісі  баланы шайнап  өлтіреді. Жошы аңшыларға  қаһарын  төгіп: «баламды  тауып бер» деп қалың  кісіге  іздетеді.

Баламды  өлді  деп  естірткен адамның  құлағына  қорғасын  құямын  деп  жарлық  қылады. Енді  ешкім  баласының  өлгенін  Жошы  ханға  айта  алмайды. Ақыры  көпшілік  ордада  отырып, бір  домбырашыға  күймен  айтқызады.

 

 

 VІ. Түсінік  тексеру:

Сұрақ  жауап

Жошы  ханның  жас  баласы  қалай  қайтыс  болған?

Жошы  қаһарын  қалай  төкті?

Жошы  не  деп  жарлық  шығарды?

Жошыға  баласының  өлгенін  кім  және  қалай  естіртті?

 

VІІ. Жаңа сабақты бекіту:

 

  1. Оқулықпен жұмыс.
  • Аңыздың оқулықта  келтіріліп  отырған  екі  нұсқасын  да  ой  сала,  мәнерлеп  оқып  шығыңдар.
  • Кет Бұға күйшіге  оқулықтағы  суретті  пайдалана  отырып, мінездеме  беріңдер.

VІІІ.Сабақты  қорыту:

1.Бағалау

 

 2.Үй тапсырмасын беру.

  1. Аңыздың фолклорлық  нұсқасы  мен  белгілі  жазушы  Мұхтар Мағауин  жазған  әдеби  үлгісін салыстырып,  ауыз  әдебиеті  мен  жазба  әдебиетінің  ұқсастығы  мен   айырмашылығына  зер  салыңдар.