Жиренше шешен мен Қарашаш сұлу аңыз әңгімелер

Сабақ жоспары

  1. Пән аты: Әдебиет
  2. Сыныбы: 5 «Ә»
  3. Күні, айы, жылы: 12.11.2014
  4. Тоқсан: ІI
  5. Мұғалім: Ж.Юнусова

Сабақтың тақырыбы:   Жиренше  шешен мен Қарашаш сұлу аңыз әңгімелер

Сабақтың мақсаты:

  1. Білімділік: Оқушыларды Жиренше  шешен     туралы аңыздаздармен  таныстыру, түсінік  беру,    
  2. Тәрбиелік: оқушыларды адамгершілікке, ізгілікке баулу, елжандылыққа тәрбиелеу.
  3. Дамытушылық: оқушылардың әдеби дүниетанымдарын кеңейту, пәнге деген қызығушылықтарын арттыру, мәнерлеп оқу дағдыларын дамыту.

Сабақтың типі: аралас  сабақ.

Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ.

Сабақтың әдіс-тәсілі: мәнерлеп оқу, әңгімелеу,талдау.

Сабақтың көрнекілігі:  Аңыз – әңгімелер жинағы.

Пәнаралық байланыс: тіл, тарих,география.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:      1.Оқушылармен сәлемдесу.

  1. Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру.
  2. Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару.

 

 

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:

  1. Аңыздың  фолклорлық  нұсқасы  мен  белгілі  жазушы  Мұхтар Мағауин  жазған  әдеби  үлгісін салыстырып,  ауыз  әдебиеті  мен  жазба  әдебиетінің  ұқсастығы  мен   айырмашылығына  зер  салыңдар.

 

 

 ІІІ. Білім  тексеру:

Сұрақ  жауап

Жошы  ханның  жас  баласы  қалай  қайтыс  болған?

Жошы  қаһарын  қалай  төкті?

Жошы  не  деп  жарлық  шығарды?

Жошыға  баласының  өлгенін  кім  және  қалай  естіртті?

 

ІV  Жаңа  сабаққа  дайындық

   1.Сабақ  тақырыбын  тақтаға  жазу

2.Сабақ  мақсатын  түсіндіру

 

  1. Жаңа тақырыпты түсіндіру:

 

 Жиренше  шешен мен  Қарашаш  сұлу

Қарагөз  ханым  өлгеннен  соң  Жиренше  үйленбей  көп  жүріпті. Сөйтіп  жүргенде  жолда  бір  жігіт  кездесіп  жолдас  болыпты. Жиренше  жігітке  қара: 1) «жол  қысқартайық»дейді, 2) «ағаш  қазан  қайнатайық» дейді.  3) «мынау бір  бейбастақ  үйдің жұрты  екен» дейді жігіт  үндемейді. Сонымен  екеуі  бір  елге  жақындағанда, жаңбыр  жауып  кетеді. Тезек  теріп  жүрген  қыздар  ауылға  қарай  жүріреді. Тек  бір  қыз сырт киімін шешіп, қапқа  жауып отырып  қалады. Жиренше  отырып  қалған  қызға келеді. Жиреншеге  қыздың  көркі  ұнайды. Ақылы  қандай  екен  деп  сынау  үшін: «Сен  неге  қыздардан  бөлініп  жалғыз  қалдың?» — дейді  Жиренше.  «Бұл  өткінші  жаңбыр, аз  жауып  ашылады. Мен  отыныма  шапанымды  жаптым, отынымның  ығына өзім  отырдым. Менің  су  болған  жалғыз  ақ  шапаным. Үйге  барғанда отынымды  жағып  шапанымды  кептіріп  аламын» — дейді қыз.  Қыздың  көркіне  ақылы  сай  екеніне  көзі  жетіп, Жиренше  сұлуға  ғашық  болып  қалады.

 

 VІ. Түсінік  тексеру:

Сұрақ  жауап

Жиренше  неге  үйленбей  көп  жүреді?

Жиренше  жолаушыға  не дейді?

Жиреншеге  кезіккен    қандай  қыз  еді?

Жиренше  қызға  неге  ғашық  болып  қалады?

 

VІІ. Жаңа сабақты бекіту:

  1. Оқулықпен жұмыс.
  • Шығарманы  оқып  шығып,  оның  аңыз – әңгімеге  жақын  екенін  айтыңдар.
  • Бұл аңыз – әңгімеде  Жиренше  мен  қыздың  тапқырлығына  баға  бере  отырып,  оның  жетесіздік пен  пайымсыздыққа қарама – қарсы  қойылуын  аңғарып,  баяндап  беріңдер.
  • Аңыз неге  іштей  екі  бөлімге  бөлінген  деп  ойлайсыздар?
  • Аңызды өздерің  білетін  сұлу  сөздермен  әңгімелеуге  тырысыңдар.

VІІІ.Сабақты  қорыту:

 

1.Бағалау

 

 2.Үй тапсырмасын беру.

 

  1. Жиренше  шешен  мен  Қарашаш  сұлу  туралы  әңгімелеу.