«Жиреншенің хан сынағына түскені» аңызы туралы

Сабақ жоспары

  1. Пән аты: Әдебиет
  2. Сыныбы: 5 «Ә»
  3. Күні, айы, жылы: 13.11.2014
  4. Тоқсан: ІІ
  5. Мұғалім:

Сабақтың тақырыбы: «Жиреншенің  хан  сынағына  түскені» аңызы туралы

 

Сабақтың мақсаты:

  1. Білімділік: Оқушыларды Жиренше шешен     туралы аңыздаздармен  таныстыру, түсінік  беру,   
  2. Тәрбиелік: оқушыларды адамгершілікке, ізгілікке баулу, елжандылыққа тәрбиелеу.
  3. Дамытушылық: оқушылардың әдеби дүниетанымдарын кеңейту, пәнге деген қызығушылықтарын арттыру, мәнерлеп оқу дағдыларын дамыту.

Сабақтың типі: аралас  сабақ.

Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ.

Сабақтың әдіс-тәсілі: мәнерлеп оқу, әңгімелеу,талдау.

Сабақтың көрнекілігі:  Аңыз – әңгімелер жинағы.

Пәнаралық байланыс: тіл, тарих,география.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:      1.Оқушылармен сәлемдесу.

  1. Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру.
  2. Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару.

 

 

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:

  1. Жиренше  шешен  мен  Қарашаш  сұлу  туралы  әңгімелеу.

 

ІІІ. Білім  тексеру:

Сұрақ  жауап

Жиренше  неге  үйленбей  көп  жүреді?

Жиренше  жолаушыға  не дейді?

Жиреншеге  кезіккен    қандай  қыз  еді?

Жиренше  қызға  неге  ғашық  болып  қалады?

 

ІV  Жаңа  сабаққа  дайындық

   1.Сабақ  тақырыбын  тақтаға  жазу

2.Сабақ  мақсатын  түсіндіру

 

  1. Жаңа тақырыпты түсіндіру:

 

  Жиреншенің хан  сынағына  түскені

Бір  күні  хан  Жиреншені  шақырып  алып  оған  қырық  сиыр  беріпті.

-осы  сиырлардың  ішек – қарынын тірідей  тазалап  әкел.   Сойғанда ішінен бір  түйірде қылтан  шықпасын!-депті.

Жиренше  сиырларды  Қарашашқа  әкелді

Қарашаш:

-Қорықпа! Сиырларды  ащы  құдықтың  басына  айдап  барып,  жалғыздап  суар  да, суарғаныңды  сол  жерде  айналдыра  қуа  бер; әуелі  ішінің  қармауы  кетер, онан  кейін жын аралас  су  кетер, ең  соңында  қара  судың өзі  кетер, — депті.

Жиренше  Қарашаштың  барлық  айтқандарын  істеген  екен,  оның  айтқандарының  барлығы  да  дұрыс  келіпті.  Сөйтіп  қырық  сиырдың  барлығының да  ішін тазалап, ханға  алып  келіпті. Хан сиырларды  шетінен  сойғыза  бастапты. Сөйтіп  ешбіреуінің  ішінен  қылтан  таба  алмай, аң – таң болған  екен.

 

 VІ. Түсінік  тексеру:

Сұрақ  жауап

Хан   Жиреншеге   қырық  сиыр  беріп  қалай  сынады?

Хан  Жиреншеге: «Біздікіне  келгенде   жолмен де  жүрмесін,  жолсызбен де  жүрмесін» — деген  сөзіне  қалай  жауап  берді?

Хан  Жиреншеге сексен  еркек  қой  бері :  «Көктемде  қой  қоздағанда  осы  қойларды  қоздатып  кел» — деген  сөзіне  қандай  айла  тапты?

 

VІІ. Жаңа сабақты бекіту:

  1. Оқулықпен жұмыс.
  • Мәтіннен  қазақ  халқының  ақыл  иесі  әйелдерді  қадірлейтінін аңғарыңдар.
  • Ханның аталы  сөзден  жеңілгендігін  мойындаған  жерін  тауып  оқыңдар
  • Аңыздан қандай  тәлімдік  өнеге  алуға  болады?

VІІІ.Сабақты  қорыту:

1.Бағалау

 

 2.Үй тапсырмасын беру.

  1. Жиреншенің хан сынағына  түскені туралы аңызды  әңгімелеу.