Шешендік сөзер. Тайкелтірдің төрелігі

Сабақ жоспары

  1. Пән аты: Әдебиет
  2. Сыныбы: 5 «Ә»
  3. Күні, айы, жылы: 20.11.2014
  4. Тоқсан: ІІ
  5. Мұғалім: Ж.Юнусова

Сабақтың тақырыбы:    Шешендік  сөзер. Тайкелтірдің  төрелігі

Сабақтың мақсаты:

  1. Білімділік: Оқушыларды Шешендік сөздер     туралы түсінік  беру, Тайкелтірдің  төрелігі  шешендік  сөздерімен   таныстыру, түсінік  беру,   
  2. Тәрбиелік: оқушыларды адамгершілікке, ізгілікке баулу, елжандылыққа тәрбиелеу.
  3. Дамытушылық: оқушылардың әдеби дүниетанымдарын кеңейту, пәнге деген қызығушылықтарын арттыру, мәнерлеп оқу дағдыларын дамыту.

Сабақтың типі: аралас  сабақ.

Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ.

Сабақтың әдіс-тәсілі: мәнерлеп оқу, әңгімелеу,талдау.

Сабақтың көрнекілігі: « Шешендік  сөздер»   кітабы

Пәнаралық байланыс: тіл, тарих,география.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:     1.Оқушылармен сәлемдесу.

  1. Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру.
  2. Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару.

 

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:

  1.    Жиреншенің хан  сынағына  түскені туралы аңызды  әңгімелеу.

 

ІІІ. Білім  тексеру:

Сұрақ  жауап

Хан   Жиреншеге   қырық  сиыр  беріп  қалай  сынады?

Хан  Жиреншеге: «Біздікіне  келгенде   жолмен де  жүрмесін,  жолсызбен де  жүрмесін» — деген  сөзіне  қалай  жауап  берді?

Хан  Жиреншеге сексен  еркек  қой  бері :  «Көктемде  қой  қоздағанда  осы  қойларды  қоздатып  кел» — деген  сөзіне  қандай  айла  тапты?

 

ІV  Жаңа  сабаққа  дайындық

   1.Сабақ  тақырыбын  тақтаға  жазу

2.Сабақ  мақсатын  түсіндіру

 

  1. Жаңа тақырыпты түсіндіру: Шешендік сөздер

Қазақ  ауыз  әдебиетінің  бір  саласы – шешендік  сөздер.  Шешендік сөздер – елге  белгілі  адамдардың  қайсыбір  оқиғаға  байланысты  айтқан  тақпыр  сөздері. Ол  сөздер  мәйекті, өткір  болғандықтан  елге  тез  тарап, ауыздан – ауызға  көшіп  сақталып  отырған. Шешендік  сөздер әдетте  екі  адамның  белгілі  бір  талас  мәселені  шашудегі  сөз  жарысында  туып, елге  жайылып  кетеді. Ондай  дауды  негізінен  билер  шешіп  отырған.  Сондықтан да  шешендік  сөздерді  айтушылар  көбіне билер  мен  шешендер  болып  келеді.

Шешендік  сөздер  дау- тартыстардағы  айтылған айтыстармен  шектелмеген. Көпті   көрген  өнегелі  адамдардың бата – тілек, насихат – нақыл сөздері  түріндеде  айтылып  отырған. Шешендік  сөздерде  халықтың  бастан  кешкен оқиғалары, ақыл – ойы, арман – тілегі  бейнелегеді, тілінің  байлығы, оралымдылығы  байқалады.

Шешендік  сөздер адамды  жақсы  мінездерге  баулиды, бірлікке ,татулыққа, сыйластыққа  шақырады.

Тайкелтірдің  төрелігі

Төле би  Тайкелтірдің  болашағын  болжайды. Төле би  атқосшы  жігітін  шақырып:

-Қонақ  үйдегі  екі  кісіні  таласып  жүрген  ертұрманымен  осында  әкелші!

-Иә,  балам  Тайкелтір, осы  ертұрманға  мына  екеуі  талас. Бұлар  тоқтарлық  бітім  айтып  екеуінде  риза  етші! –дейді Төле  би.

Тайкелтір  кереге  ілулі  тұрған  Төле  бидің  қамшысын  қолына  алып,  ортадағы  ерге  жақындап  барып  қамшымен тартып  жібередіде  есік  алдында  тұрған Төле  бидің  жігітіне  ерді  береді. Дауласып жүрген  екі  кісі  ердің  Төле  бидің  атқозшысына  берілгеніне  ризалығын білдірді.

 VІ. Түсінік  тексеру:

Сұрақ  жауап

Шешендік  сөздер  деген не?

Шешендік  сөздер  қандай  сөздерден  жасалады?

Шешендік  сөздердің  тәрбиелік  мәні  неде?

Төле  би Тайкелтірді  қалай  сынады?

Тайкелтір  даукестерге  қандай  төрелік  сөз  айтты?

VІІ. Жаңа сабақты бекіту:

  1. Оқулықпен жұмыс.
  • Тайкелтірдің  тапқыр  сөзін  оқып  бер
  • Өздерің  білетін  Төле  бидің  төрелік  сөзінен  мысал  келтір.

VІІІ.Сабақты  қорыту:

1.Бағалау

 2.Үй тапсырмасын беру.

  1. 1. Шешендік сөзер. Тайкелтірдің  төрелігі туралы  мазмұндау.