М. Өтемісұлы Соғыс

                                                    Сабақ жоспары

  1. Пән аты: Әдебиет
  2. Сыныбы: 5 «Ә»
  3. Күні, айы, жылы: 17.12.2014
  4. Тоқсан: ІІ
  5. Мұғалім: Ж.Юнусова

Сабақтың тақырыбы: М. Өтемісұлы Соғыс    

Сабақтың мақсаты:

  1. Білімділік: өлеңнің авторы туралы мәлімет  беріп, өлеңнің  айтайын  деген  ойын, Исатай-Махамбет  бастаған көтерілістің  мақсатын, соғыс  сипатын, көтеріліс  басшыларының  ерлік, батырлық  тұлғаларын түсіндіру, өлеңде  кездесетін  тұрақты  тіркестер, теңеу  сөздерді  талдау.
  2. Тәрбиелік:. Оқушыларды елін, жерін, Отанын сүетін  патриот  етіп  тәрбиелеу, ерлік  пен  елдікті, батырлықтыдәріптеу, олардың  бойында  қызығушылық, ізденушілік  қабілеттерін  арттыру.
  3. Дамытушылық: оқушылардың әдеби дүниетанымдарын кеңейту, пәнге деген қызығушылықтарын арттыру, мәнерлеп оқу дағдыларын дамыту.

Сабақтың типі: аралас  сабақ.

Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ.

Сабақтың әдіс-тәсілі: баяндау, диалог, талдау, түсіндіру, қорытынды.

Сабақтың көрнекілігі: ақын  портіреті, шығармалар  жинағы, Қазақстан картасы, Исатай  мен Махамбеттің  суреті, Жәңгір ханның суреті.

Пәнаралық байланыс:  тарих,география,  қазақ тілі.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі: 1.Оқушылармен сәлемдесу.

  1. Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру.
  2. Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару.

 

 

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:

 

  1. 1. А. Байтұрсыновтың «Өгіз бен бақа»мысал

өлеңін  мазұндау. Қалаған  жерін жаттау.     

 

 

ІІІ. Білім  тексеру:

 

  1. Ахмет Байтұрсынұлы кім?
  2. Крылов мысалдарын   қай  кезеңдерде  аударды?
  3. Ахмет Байтұрсынұлының  мысал  өлеңдері  жинақ  болып  қай  қалада  басылып  шықты?
  4. Мысал жанрының  басқа  жанырлардан  өзгешелігі.
  5. Аллегория деген  не?
  6. Қазақ әдебиетінде  мысал  жанры қай  ақыннан  басталады?

 

 

ІV  Жаңа  сабаққа  дайындық

   1.Сабақ  тақырыбын  тақтаға  жазу

2.Сабақ  мақсатын  түсіндіру

 

  1. Жаңа тақырыпты түсіндіру:
  2. М. Өтемісұлының өмірі  туралы  мәлімет.

Махамбеттің  80 –ге  жуық  өлеңі  бар, мұрасының  көбі  бізге  жетпеген. Оның  өлеңдрін  шәкірті  Қуан  жырау  жатқа  білген екен. Одан  Мұрат Мөңкеұлы  үйренген. Одан  Ығылман  Шөреков  жаттаған. Бірқатар  өлеңдерін  жинаған  ақын – Шәңгерей Бөкеев.

Ең  алғаш  Махамбет  өлеңдері 1908 жылы  қазан  қаласында «Мұрат  ақынның Ғамырқазы уғылына  айтқаны»  деген  жинақта  жарық  көрген.

Сонмен  қатар  күйші,  сазгер,  домбырашы.  Олай          дейтініміз- Махамбеттің «Жорық» «Жайық  асуы», «Қайран, нарын» «Исатайдың  Ақтабаны – ай», «Кішкентай», «Жұмыр қылыш»,

« Өттің  дүние», «Өкініш», «Қиыл қуғыны»т.б. күйлері  бар.

  1. Электронды оқулықтан  Махамбеттің  өскен  ортасы, өмірінен  мәліметтер  беріледі.
  2. Махамбеттің « Соғыс» өлеңін  оқу.
  3. Хронологиялық кестені  пайдаланып,  көтерілістің  шығу  себебі мен  оқиғаның  болған  уақыты жайлы  айтылады.

 

 

 VІ. Түсінік  тексеру:

Сұрақ  жауап

Өлеңде  қандай  оқиға  суреттеледі?

Өлеңнен  Исатайдың  сырт  бейнесін суреттейтін  жерін  тауып  оқу.

VІІ. Жаңа сабақты бекіту:

 

  1. Оқулықпен жұмыс.
  • Өлеңнен Исатайдың ерлік  бейнесін  суреттейтін жерді  тауып, дәптерлеріңе  жазыңдар.
  • Өлеңнен тұрақты  тіркестерді  тауып,  білдіретін  мағынасын  ашу.
  • Өлеңдегі эпитет, метафора,  теңеу  сөздерді  тауып  талдау.
  • Өлең шумақтарынан  омоним  болатын  сөздерді  табу.

VІІІ.Сабақты  қорыту:

1.Бағалау

 2.Үй тапсырмасын беру.

  1.М.Өтемісұлы  өмірі  туралы  түсінік.

  1. «Соғыс» өлеңін жаттау.