М.Өтемісұлы «Қызғыш құс» өлең тілі туралы мәлімет.

 

Сабақ жоспары

  1. Пән аты: Әдебиет
  2. Сыныбы: 5 «Ә»
  3. Күні, айы, жылы: 25.12.2014
  4. Тоқсан: ІІ
  5. Мұғалім: Ж.Юнусова

Сабақтың тақырыбы:   М.Өтемісұлы «Қызғыш құс» өлең тілі  туралы мәлімет.    

 

Сабақтың мақсаты:

  1. Білімділік: «Қызғыш құс» өлеңнің айтайын  деген  ойын,  өлеңнің  туу  себебін  түсіндіру.
  2. Тәрбиелік:. Оқушыларды елін, жерін, Отанын сүетін  патриот  етіп  тәрбиелеу, ерлік  пен  елдікті, батырлықтыдәріптеу, олардың  бойында  қызығушылық, ізденушілік  қабілеттерін  арттыру.
  3. Дамытушылық: оқушылардың әдеби дүниетанымдарын кеңейту, пәнге деген қызығушылықтарын арттыру, мәнерлеп оқу дағдыларын дамыту.

Сабақтың типі: аралас  сабақ.

Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ.

Сабақтың әдіс-тәсілі: баяндау, диалог, талдау, түсіндіру, қорытынды.

Сабақтың көрнекілігі: ақын  портреті, шығармалар  жинағы, Қазақстан картасы, Исатай  мен Махамбеттің  суреті, 

Пәнаралық байланыс:  тарих,география,  қазақ тілі.

 

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:      1.Оқушылармен сәлемдесу.

  1. Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру.
  2. Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару.

 

 

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:

   1.М.Өтемісұлы  өмірі  туралы  түсінік.

  1. «Соғыс» өлеңін жаттау.

 

ІІІ. Білім  тексеру:

Өздерің  бұдан  бұрын Махамбеттің  қандай  өлеңін  жаттадыңдар?

Махамбет  кім?

 

ІV  Жаңа  сабаққа  дайындық

   1.Сабақ  тақырыбын  тақтаға  жазу

2.Сабақ  мақсатын  түсіндіру

 

 

 

  1. Жаңа тақырыпты түсіндіру:
  2. Топтастыру:

                                                            

 

                 Ел ағасы                                                              ержүрек,батыл

Махамбет

 

 

                                                                                                        Көтеріліс

Шыншыл ақын                                                                         басшысы                                                                      

 

 

үлкен парасат иесі                                                               адал дос

 

2.Өлеңді  мәнерлеп оқу.

Ақын «Қызғыш құс» өлеңін Исатай  өлген  соң  жазды. Көлінен  айырылған  құс пен  өзін  салыстыра  отырып,екуінің  басындағы  жайға  кінәліні  іздейді. Ақынның  артықшылығы сол – сарыуайымға  салынбай  алдағы  күрге  сенеді.оптемизм  басым.

 VІ. Түсінік  тексеру:

Кубизм әдісі:

Суретте:Ақынның  көңіл – күйі өлеңде  қалай  суреттелген?

Салыстыр: Махамбет пен қызғыш құсты  салыстыр. Венн диаграммасы.

Зертте: Махамбет  ақын  туралы  тағы  не  білесің?

Қолдан: өлеңде  лашын  құстың, Махамбеттің  бейнесі  қалай  суреттелген? Бұл  туралы  ойтолғау  жаз.

Талда, қолдан,  қарсы шық: Махамбетті  көтеріліске  алып  шыққан  қандай  күш?  Өзінің көтеріліс  жеңілгеннен  кейінгі  көңіл – күйін  қалай  суреттейді?

 

 

VІІ. Жаңа сабақты бекіту:

  Екі жақты  түсініктеме  күнделік жазу.

Өлеңнен үзіндіҮзінді  жайлы  пікірОй – тұжырым,  мазмұнға сәйкес мақал — мәтел
   
   

 

VІІІ.Сабақты  қорыту:

 

1.Бағалау

 

 2.Үй тапсырмасын беру.

  1.М.Өтемісұлы    « Қызғыш құс» өлеңін  жаттау.