М. Жұмабаев «Қысқы жолда»

                                                 Сабақ жоспары

  1. Пән аты: Әдебиет
  2. Сыныбы: 5 «Ә»
  3. Күні, айы, жылы: 22.01.2015
  4. Тоқсан: ІІІ
  5. Мұғалім: Юнусова Жұлдызай

Сабақтың тақырыбы:  М. Жұмабаев «Қысқы  жолда»

Сабақтың мақсаты:

  1. Білімділік: М.Жұмабаевтың жыр  әлемімен  танысу, поэзияның  тереңіне  бойлау, өлеңнің,  сөздің  астарына,  қыр – сырына  мән беруге, идеясын  түсініп,  бағалай  білуге  баулу.
  2. Тәрбиелік: оқушыларды адамгершілікке, ізгілікке баулу, елжандылыққа тәрбиелеу.
  3. Дамытушылық: оқулық және  қосымша материалдар деректерін  тиімді  пайдалануға,  ойын  еркін  айтуға, өз  пікірін  қорғап,  айқын да  айшықты  тілмен  сөһйлеуге  дағдыландыру.

Сабақтың типі: жаңа  сабақ.

Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ.

Сабақтың әдіс-тәсілі: мәнерлеп оқу, әңгімелеу,талдау.

Сабақтың көрнекілігі:  портрет, тірек  сызба  суреттер.

Пәнаралық байланыс: тіл, тарих,география.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:       1.Оқушылармен сәлемдесу.

  1. Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру.
  2. Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару.

 

 

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:

     1.Абай  «Қыс» өлеңін  жаттау,  өлең  соңындағы  сұрақтарға  жауап  беру.

 

ІІІ. Білім  тексеру:

М.Жұмабаев  шығармашылығы  бойынша  іздену  жұмыстары.

  • Мағжан кім?
  • Оның қандай  шығармаларын  білесіңдер?
  • Оқыған жері.

 

ІV  Жаңа  сабаққа  дайындық

   1.Сабақ  тақырыбын  тақтаға  жазу

2.Сабақ  мақсатын  түсіндіру

 

 

  1. Жаңа тақырыпты түсіндіру:
  • «Қысқы жолда  өлеңін  мәнерлеп  оқу.
  • Түсінік беру.
  • Мәтінмен жұмыс.

 

 VІ. Түсінік  тексеру:

Өлеңді  сатылай  кешенді  талдау:

«Қысқы  жолда»

Өлең.

5 шумақ.

21 тармақ

8 бунақ

7-8 буын

Аралас  ұйқас (а-а-б-б-в-б-г-в)

а) Эпитет «Құлағын  қайшыландырып»

ә) Кейіптеу.

«Екі иінінен  дем  алып», «Сақ – сақ   күледі, долданып», «кебін  жамылып», «екі санын  шапақтап».

Б) Теңеу: «Аңдай ұлып»

9) Қаракөк – аттың аты.

10) Өлең  табиғаттың  қаталдығы  адамға,  малға

қауіпті  екендігін білдіреді.

VІІ. Жаңа сабақты бекіту:

  1. Оқулықпен жұмыс.
  • «Қысқы жолда»  өлеңінде  қай  мезгіл  туралы  айтылған?
  • Қазір жылдың қай  мезгілі?
  • Қыс туралы тағы  қандай  ақынның  өлеңін  білесіңдер?

2.Венн диаграммасы  арқылы қыс пен  жаз мезгілдерін салыстыру.

 

Қыс

1.      Суық

2.      Қар

3.      Боран

 Жаз

1.Жылы

2.Жаңбыр

3.Жел

 

 

 

 

 

 

VІІІ.Сабақты  қорыту:

1.Бағалау

 2.Үй тапсырмасын беру.

  1. Өлеңді  жаттау.
  2. Қыс туралы  әңгіме  жазу,  сурет  салу.