І. Жансүгіров «Күй»

Сабақ жоспары

1.Пән аты: Әдебиет

2.Сыныбы: 5 «Ә»         

3.Күні, айы, жылы:  04.02.2015ж

4.Тоқсан: ІІІ

5.Мұғалім: Юнусова Жұлдызай

Сабақтың тақырыбы:    І. Жансүгіров «Күй»    

Сабақтың мақсаты:

1.Білімділік: оқушыларға    І. Жансүгіров өмірі мен шығармашылығы туралы әдеби білім беру, поэманың  негізгі идеясы мен мазмұнын меңгерту.

2.Тәрбиелік: оқушыларды мейірімділікке, адамгершілікке, елжандылыққа тәрбиелеу.

3.Дамытушылық: оқушылардың әдеби дүниетанымдарын кеңейту, қосымша деректер арқылы пәнге деген қызығушылықтарын арттыру.

Сабақтың типі: жаңа сабақ

Сабақтың түрі: дәстүрлі

Сабақтың әдіс-тәсілі: сұрақ-жауап, әңгімелеу, түсіндіру, мәнерлеп оқу

Сабақтың көрнекілігі: :    І. Жансүгіров  портреті, «Қазақ әдебиеті» энциклопедиясы.

Пәнаралық байланыс:  қазақ тілі, Қазақстан тарихы.

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі:      1.Оқушылармен сәлемдесу.

                                                2.Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру.

                                                3.Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару.

 

ІV  Жаңа  сабаққа  дайындық

   1.Сабақ  тақырыбын  тақтаға  жазу

2.Сабақ  мақсатын  түсіндіру

 

 

  1. Жаңа тақырыпты түсіндіру.
  2. Ақын өмірі мен  шығармашылығы  туралы  мәлімет.
  • 1894 жылы 14 мамырда Алматы облысы Ақсу  ауданында туған.
  • 4 жасында анасынан  айырылып, әке  тәрбиесінде  өскен.
  • 1911 жылы ауылдағы қазақ – татар  тіліндегі бастауыш мектепті  бітіреді.
  • Ташкетте қазақ – қырғыз институтында, 1925 жылы Мәскеуге оқуға кетеді.
  • 1928 жылы коммунистік журналистика институтын  бітіреді.
  • Балаларға арнап  әдемі  өлеңдер жазған.

 

  1. Шығарманы жоспарлау.

І кіріспе:

а) Қобызшы  туралы.

ІІ негізгі бөлім:

а) «Бозінген күйі» туралы.

ІІІ қорытынды:

а) Күйдің  адам  өміріндегі  маңызы

 

VІ. Түсінік  тексеру:

1.«Талдау» стратегиясы. «Күй» поэмасын  үлгіге қарап,  оқушылар өздері  талдайды

Шығарманың  композициялық  құрылымына  талдау  жасау

  • Шығарманың  тақырыбы-
  • Оқиғаның басталуы –
  • Оқиғаның шиеленісуі –
  • Оқиғаның  шарықтау  шегі –
  • Оқиғаның аяқталуы –
  • Шығарманың идеясы –

 

VІІ. Жаңа сабақты бекіту:

Шығарманың  негізгі  бөлімін  жоспармен  салыстырғанда:

  • Молықбайдың ерекше  шебер  тартатын  күйі.
  • Қобыз үнімен  күтімдегі  інгеннің  маңғаз,  сұлу  мүсінін  бейнелеу.
  • Сатылған інгеннің  зарын  тарту.
  • Ақын қолданған  теңеу мен  эпитетті табу.

 

Сұрақ  жауап:

  • « Күй күшті  тауды  тасты  бұзатұғын» деген  ақынның  ойын  сендер  қалай  дамытар  едіңдер?
  • «Нар идірген» аңызын білетіндерің  бар ма?
  • Поэма өздеріңе  қалай  әсер  етті?
  • Қылқобыздың зарлы  үнін  поэмадан таба  аласыңдар ма?

VІІІ. Сабақты қорыту:

  1. Бағалау:
  2. Үй тапсырмасын беру.
  3. І. Жансүгіров өмірі мен  шығармашылығы  туралы  түсінік.
  4. «Күй» поэмасы туралы ойтолғау жазу