С. Сейфуллин «Ақсақ киік» өлеңі

Сабақ жоспары

  1. Пән аты: Әдебиет
  2. Сыныбы: 5 «Ә»
  3. Күні, айы, жылы: 29-30.01.2015ж
  4. Тоқсан: ІІІ
  5. Мұғалім: Юнусова Жұлдызай

Сабақтың тақырыбы: С. Сейфуллин «Ақсақ киік» өлеңі

Сабақтың мақсаты:

  1. Білімділік: ақын  жайлы  білетін  мәліметтерді тыңдай отырып  жаңа  мағлуматтар  алуына  жағдай  жасау, «Ақсақ киік»  өлеңінің  тақырыбы мен идеясын  ашу.
  2. Тәрбиелік: оқушыларды адамгершілікке, ізгілікке баулу, елжандылыққа тәрбиелеу.
  3. Дамытушылық: өз бетінше талдау , зеріттеу  жұмыстарына  машықтанып, түйінді ой, өзіндік пікір қалыптастыруына жағдай  жасау.

Сабақтың типі: аралас  сабақ.

Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ.

Сабақтың әдіс-тәсілі: мәнерлеп оқу, әңгімелеу,талдау.

Сабақтың көрнекілігі:  портрет, тірек  сызба  суреттер,электронды оқулық.

Пәнаралық байланыс: тіл, тарих,география.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі: 1.Оқушылармен сәлемдесу.

  1. Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру.
  2. Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару.

 ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:

  1. Оқулықтан Жамбылдың өмірі мен шығармашылығы туралы мәліметті

   2.«Өтеген батыр»  дастанының  ұнаған шумақтарын  жаттау.

 ІІІ. Білім  тексеру:

Өткен  сабақта  Сәкен  туралы зерттеу  деректер  жинап  келу  тапсырылған. Қане,  ойымызды  ортаға  салайық.

ІV  Жаңа  сабаққа  дайындық

   1.Сабақ  тақырыбын  тақтаға  жазу

2.Сабақ  мақсатын  түсіндіру

  1. Жаңа тақырыпты түсіндіру:
  • Электронды  оқулықпен  жұмыс.

(Электронды оқулықтан «Ақсақ киік» өлеңі мәнерлеп  оқылады)

  • Балалар, өлеңнің бастапқы жлдарында  баяндалған Арқа, Бетпақдала  туралы  мәлімет  бере  кетейін.Арқа,  яғни Сарыарқа Орталық Қазақстанды  алып жалтқан  аймақ. Батысынан  шығысына  дейін 1200 км өңірді  алып  жатыр. Бетпақдала  осы  сарыарқада орналасқан,  батысы сазды,  шығысы  тасты  құмды, шөлді  жер.
  • Киік дегеніміз  не?  Киікті  қазақ  ақбөкен  деп  те  атайды. Киік  шөлді  жерді  мекендейді. Оның  мүйізі  медицинада  дәрі – дәрмек  жасау  үшін  пайдаланылады.  Еті мен  мүйізі  бағалы.

 

 VІ. Түсінік  тексеру:

Кітаппен  жұмыс:

Мәнерлеп  оқу.

Түсініксіз  сөздерді  қарандашпен  белгілеу.

Экранға  сөздік жазылады.

Қу баялыш –шөптің  атауы.

Сегіз  көштік – ұзындық  өлшемі.

Таңа – жануардың  әсем,  сұлу мүсіні.

Қос – шатыр күрке.

Бетеге – шөп  атауы.

Тақтадағы  сөздерді  дәптерге  жазу.

 

VІІ. Жаңа сабақты бекіту:

  • Шығармашылық жұмыс.
  1. Өлең мазмұнына  сүйене  отырып,  өлең  ішінен  табиғат  көрінісі,  киіктің  сұлу мүсіні,  мүшкіл халін  суреттеген  жолдарды  тауып,  өз  сөзімізбен  айтып  көрелік.

(Оқушылар  өлеңнен  тауып  айтады.)

  1. Өлеңнен ақынның  қандай  бейнелі  сөздерін  байқадық?

Елеңдеп  жас  балаша  жаутаңдайды – теңеу.

  1. Сұрақ жауап
  • «Ақсақ киік»  өлеңінің  тақырыбы  не?
  • С.Сейфуллин «Ақсақ киік» өлеңі арқылы жас  ұрпаққа  не  айтқысы  келді?
  • Табиғатты қорғау,  жан – жануарларды  қорғау  туралы  қандай  мақал – мәтелдер  білесіңдер?

 

  1. Балалар біз  бүгін  не  білдік, не үйрендік?

 

Инсерт әдісі  
БілемінМен үшін жаңалықБілгім келеді
   
   

 

VІІІ.Сабақты  қорыту:

1.Бағалау

 2.Үй тапсырмасын беру.

  1.   С.Сейфуллиннің  өмірі мен шығармашылы  туралы

мәлімет  жинау

2.«Ақсақ киік»  өлеңін мазмұндау, өздеріңе  ұнаған

жерін  жаттау.