С.Мұқанов «Лашын»

Сабақ жоспары

  1. Пән аты: Әдебиет
  2. Сыныбы: 5 «Ә»
  3. Күні, айы, жылы:12.02.2015ж
  4. Тоқсан: ІІІ
  5. Мұғалім: Юнусова Жұлдызай

Сабақтың тақырыбы:  С.Мұқанов «Лашын»

Сабақтың мақсаты:

  1. Білімділік: оқушыларға С.Мұқановтың өмірі  жайлы  түсінік беру, «Өмір мектебі» романынан үзінді  туралы  түсінік беру  
  2. Тәрбиелік: оқушыларды еңбексүйгіштікке, адамгершілікке, ізгілікке тәрбиелеу.
  3. Дамытушылық: оқушылардың әдеби дүниетанымдарын кеңейту, пәнге деген қызығушылықтарын арттыру, өзндік ой толғауларын дамыту.

Сабақтың типі: аралас сабағы.

Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ.

Сабақтың әдіс-тәсілі: түсіндіру, мәнерлеп оқу, әңгімелеу.

Сабақтың көрнекілігі: «Абай» энциклопедиясы

Пәнаралық байланыс: тіл, тарих.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі: 1.Оқушылармен сәлемдесу.

  1. Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру.
  2. Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:

 

  1. М.Әуезовтің өмірі мен қызметі

2 « Ақын қонақтар»туралы  түсінік.

 

ІV  Жаңа  сабаққа  дайындық

   1.Сабақ  тақырыбын  тақтаға  жазу

2.Сабақ  мақсатын  түсіндіру

 

 

  1. Жаңа тақырыпты түсіндіру.

1.Ақын  өмірі мен  шығармашылығы  туралы  мәлімет.

  • 1900 жылы Солтүстік Қазақстан облысында туған.
  • Молдадан оқып, сауатын  ашады.
  • Абайдың,Ғабдолла Тоқайдың кітаптарын  оқып, өседі.
  • Омбы қаласында  мұғалімдік оқу  оқиды.
  • Шығармалары: «Сұлушаш» поэмасы, «Өмір мектебі», «Аққан жұлдыздар», «Балуан Шолақ», «Ботагөз» романдар, повестер  жазған.

 

2.Шығарманы мәтін   бойынша  бөлімдерге  бөлу.

  • Балтабай ауылында
  • Балтабайдың Ақметі, оның портреті, атбегілікпен, құсбегілікпен  айналысатыны
  • Ақмет лашынының сипаты
  • Ақметтің лашынды құс  алуға  шығаратын  мезгілдері.
  • Лашынның үйрек  алу  тәсілдері.
  • Дабыл қағудың  мәнісі.
  • Лашынның қазды  алған  кездегі  амалы.
  • Лашынға қарсы  дуадақтың көрсеткен  қайраты.
  • Құс салудың  ең  дұрыс  мезгілі.
  • Құстардың таң  ата  жайылуға  шығуы.
  • Құстардың қойған  қаруылына  көрінбей,  етіртпей  баруы.
  • Дабылдау, құстардың  айналып  ұшуы.
  • Лашынды жіберу.
  • Саятшылық – өмірдің бір  қызығы.

VІ. Түсінік  тексеру:

1.«Талдау» стратегиясы. «Лашын»    үлгіге қарап,  оқушылар өздері  талдайды

Шығарманың  композициялық  құрылымына  талдау  жасау

  • Шығарманың  тақырыбы-
  • Оқиғаның басталуы –
  • Оқиғаның шиеленісуі –
  • Оқиғаның  шарықтау  шегі –
  • Оқиғаның аяқталуы –
  • Шығарманың идеясы –

 

VІІ. Жаңа сабақты бекіту:

  1. Әр  бөлімді  әңгімелеп  меңгерген  соң  оны  мынадай шығармашылық  жоспарға  жинақтау:

 

І Кіріспе:

а)Балтабай  ауылында.

ІІ Негізгі  бөлім:  Саятшылық.

а) құсбегі – Ақмет

б) Ақмет  лашынының мүсіні.

в)Ақмет пен лашынның өнері.

г) Шілдеде  құс алу.

  1. әңгімеден теңеу, эпитетті тауып, дәптерге  жазу.

 

VІІІ. Сабақты қорыту:

  1. Бағалау:
  2. Үй тапсырмасын беру.
  3. С.Мұқанов «Лашын»әңгімелеу.