Заттардың бейнесін сандар арқылы көрсету.

Шағын орталық  топтағы ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы.

Өткізілетін күні:      19.02.2015

Тәрбиеші:Алғанбаева Балкүміс Сарсенқызы

 Білім беру саласы: Таным,шығармашылық,әлеуметтік орта,қатынас,денсаулық.

 Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті: Қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру

Тақырыбы: Заттардың бейнесін сандар  арқылы көрсету.

Мақсаты:  Балалардың ойлау қабілетін,есте сақтау дағдысын дамыту.Берілген тапсырма бойынша заттарды дұрыс санай алуды, сонымен қатар заттардың бейнесін сандар арқылы көрсетуді үйрету.Тапсырманы тиянақты орындауға қалыптастыру.                                           

Білімділігі: Сандардың құрамына байланысты алған білімдерін бекітіп, білім және білік-дағдыларын қалыптастыру.

Дамытушылығы: Баланың тілін, ой-өрісін,өздігінен жұмыс істей білугедағдыландыру.

Тәрбиелілігі: Көзіменкөргенін есіне ұстап  сақтауға, шығармашылық еңбек ете білуге ,алғырлыққа, тапқырлыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

Сабақтың әдіс-тәсілі: Көрнекілік,түсіндіру,көрсету,сұрақ-жауап,Техникалық құралдар,т.б  

Әрекет көздеріТәрбиешінің іс-әрекетіБалалардың іс-әрекеті
Дәлелдеу-ояту

 

 

 

 

 

 

 

Балалар шеңберге тұрып,өлең жолдарын іс қимыл арқылы көрсетті.
 

Ұйымдастыру-іздену

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Балалар біз бұған дейінде сандармен танысқанбыз,сол сандарды еске түсіре отырып,қайталап шығайық.

 

-Қазір жылдың қай мезгілі?

-Қыста ауа райы қандай болады?

-Қар еріп,құстар ұшып келетін қандай мезгіл?

Жаңа сабақ

 

Балалардың назарын тақтаға аударып,жаңа сабақты түсіндіріп өту.Заттардың бейнесін сандар арқылы сәйкестендіру.

Мысалы:

 

 

 

1

 

 

 

 
 

2

 

 

 

 

Бірінші тапсырманы орындап болған соң,екінші тапсырмаға көшу.

 

 

Екінші тапсырманы орындап болған соң,үшінші тапсырмаға назар аудару.Тапсырмаларды мұқият тыңдау.

 

 

 

Балалар жапсырма қағаздан жалауша мен шарды баланың қолына жапсыру.

 

 

 

 

 

-Жарайсыңдар,балалар! Қандай ақылды баласыңдар? Мен сендерге өте ризамын.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Осыған дейін өткен сандарды еске түсіреді.Сандарды ауызша қайталап шығады.

 

Жыл мезгілдері туралы білгендерін айтады,көктем мезгілін естеріне түсіреді.

 

 

Балалардың назары тақтада,сонымен қатар берілген тапсырмаларды мұқият тыңдап,дұрыс ұқыпты орындауды меңгерді.

 

 

 

Заттардың бейнесін сандар арқылы сәйкестендіруді игерді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1-ші тапсырма бойынша балалар тақтамен жұмыс жасады. Өзінің қорегін себетке сала алатын аңның суретін таба алды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2-ші тапсырма бойынша балалар цифр қаншаны көрсетіп тұрса, сонша заттың суретін сала білді.

( Геометриялық пішіндер,жеміс-жидектер,аңдар).

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Балалар ойын алаңына еркін тұрып, ұшақ болады. Тәрбиешінің нұсқауымен ұшақ ұшады дегенде барлығы ұшты.Ұшақ орнына қонды деген,орындарына жайғасты.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

3-ші тапсырма бойынша балалар,оң жақта тұрған баланың сол қолына жалауша, оң қолына шар ұстатып жапсыруды меңгерді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Балалар орындарынан тұрып,шеңбер жасап сергіту сәтін орындайды. Музыка арқылы бірге қосылып, қимылдар жасайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

4-ші тапсырма бойынша балалар,суретте жылдың қай мезгілі бейнеленгенін атап,сол мезгілге тән суретті бояды. Артық суретті сызып көрсетті.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Балалар қуанышты көңіл күймен сабақты аяқтады.

Сабаққа жақсы қатысқандары үшін жұлдызшамен марапатталғандарына қуанды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сабаққа жақсы қатысқандар бес жұлдызшаға ие болды.

Рефлексивті-түзету

 

 

 

 

 

 

                Қорытындылау

Балалардан сандар туралы тақпақтар сұрау.

 

-Бүгінгі сабақтан алған әсерлерін қандай?

-Себетке қай аң қорегін салды?

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Күтілетін нәтиже:    

 Білді: Балалар  10-ға дейінгі реттік сандарды ауызша санау арқылы салыстыра білуді білді.

  Игеру: Өз бетімен іс-әрекет жасап, математикалық тапсырмаларды игерді.

   Меңгерді: Тапсырмадағы сұраққа толық жауап беруді,ойын-жаттығуларды,заттарды сандар арқылы сәйкестендіруді меңгерді.