Қадыр Мырзалиев «Ана» өлеңі

Сабақ жоспары

  1. Пән аты: Әдебиет
  2. Сыныбы: 5 «Ә»
  3. Күні, айы, жылы: 09.04.2015
  4. Тоқсан: ІV

5. Мұғалім: Юнусова Жұлдызай
Сабақтың тақырыбы: Қадыр Мырзалиев «Ана» өлеңі

 

 Сабақтың мақсаты:

  1. Қадыр Мырзалиевтың өмірі мен шығармашылығына тоқталу;
  2. Ақынның «Ана» өлеңінің мазмұнын аша отырып, оқушылардың анаға деген мейірімін ояту;
  3. Эстетикалық бағалау қабілетін дамыта отырып, тиянақты, жүйелі сөйлей білуге баулу, ойлау дағдыларын қалыптастыру;

Сабақтың амал-тәсілдері:        1. баяндау;      2. сұрақ-жауап;

Пәнаралық байланыс:  сурет, тарих

Сабақтың көрнекіліктері: слайд, қима қағаздар, кестелер

Ұйымдастыру кезеңі:

а) Сәлемдесу, түгендеу;

ә) Сынып тазалығына мән беру;

б) Оқушылардың дайындығын тексеру;

Үй тапсырмасын сұрау:

Оқушыларға  дайындап келген суреттерін қорғату;

Кітаптан үзінді тауып оқу;

1.Күреңбайдың Құлагерді сынауы;

2.Ақан серінің  Құлагерді ақырғы бәйгеге шығарып салуы;

3.Құлагер мен Ақанның қоштасқан сәті;

Жаңа тақырып.

Жаңа тақырыптың мақсатымен таныстыру;

Слайд ашылып, ақынның өмірі мен шығармашылығына шолу жасалынады.

«Ана» тақырыбында кішігірім бейне таспа көрсетіледі.

-Оқушылар, ана сөзінде қаншама сезім мен мағына жатыр десеңдерші. Ана — әрқашан мақтан тұтатын адам. Ана бізге махаббат пен мейірім  сыйлайды.

Қорытындылау

Үйге тапсырма беру

Бағалау