Фариза Оңғарсынова «Оюлар»

                                        Сабақ жоспары

1.Пән аты: Әдебиет

2.Сыныбы: 5 «Ә»

3.Күні, айы, жылы: 29.04.2015

4.Тоқсан: ІV

5.Мұғалім: Юнусова Жұлдызай

Сабақтың тақырыбы: Фариза Оңғарсынова  «Оюлар»

Сабақтың мақсаты:

1.Білімділік: оқушыларға    Ф. Оңғарсынованың  өмірі мен шығармашылығы  туралы әдеби білім бере отырып  Ф. Оңғарсынованың  «Оюлар» өлеңінің  сюжетін меңгерту.

2.Тәрбиелік: оқушыларды  ізгілікке, ұлтжандылыққа, тәрбиелеу.

3.Дамытушылық: оқушылардың әдеби дүниетанымдарын кеңейту,  ауызша және жазбаша тіл мәдениетін дамыту.

Сабақтың типі: аралас сабақ

Сабақтың түрі: дәстүрлі

Сабақтың әдіс-тәсілі: әңгімелеу, баяндау, сұрақ-жауап, түсіндіру, мәнерлеп оқу

Сабақтың көрнекілігі: Ф. Оңғарсынованың    портреті, шығармалар жинағы.

Пәнаралық байланыс:  тіл, әдебиет тарихы.

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі: 1.Оқушылармен сәлемдесу.

                                                2.Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру.

                                                3.Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару.

ІІ.Үй тапсырмасын тексеру:

Т.Молдағалиев «Бауырлар» өлеңі

 

ІV  Жаңа  сабаққа  дайындық

   1.Сабақ  тақырыбын  тақтаға  жазу

2.Сабақ  мақсатын  түсіндіру

 

 

  1. Жаңа тақырыпты түсіндіру:
  2. Ақынның өмірі жайлы  мәлімет.
  • 1939 жылы Атырау  өңіріндегі Манаш  ауылында туған.
  • Фаризаның жырларында  Жайықтың  суындай жағаны  соққан  адуынды  көңіл – күй  сезіледі.
  • Оның өлеңдері Каспийдің  алапат  толқынындай  айбынды.
  • Ақынның 1967 жылы  «Бұлбұл»  деген  атпен  тұңғыш  жыр  кітабы  жарық  көрді.

2.Өлеңді  мәнерлеп оқу.

3.Өлең  құрылысына  талдау.

VІ. Түсінік  тексеру:

  1. Сұрақтарға жауап беру.
  • Халықтың асыл  қасиеттерін  өзіне  жинақтаған  ұлттық  қолөнері бұйымдарын,  халықтық  дәстүрді,  өнерді  ақынның  мейлінше  бағалап,  қастерлеуінің  сыры  неде  деп  ойлайсыңдар?

Түрін – ай  текеметтің  асыл  қандай!..

«Келе  ғой,  қошақаным,  өзіме»  деп,

Әжем кеп  сипағандай  шашымнан  жай,-

Деген  өлең  жолдарын  қалай  түсінесіңдер?

  • Желбауға, басқұрға,  текеметке  салынған  қазақтың  қошқармүйіз  өрнектері ғасырдан  асып жеткенін,  енді  одан  айырылып  қаламыз ба  деген  қаупін  ақын  қалай  берген?

 

 VІІ.Жаңа сабақты бекіту.

  • Қошқармүйіз өрнектерді  көркемдеп,  бояумен  салып  көріңдер, оған өлең тілімен  жан  бітіріп жазыңдар.

 

Балалар  біз  бүгін  не  білдік, не үйрендік?

 

Инсерт әдісі  
БілемінМен үшін жаңалықБілгім келеді
   
   

 

 

VІІІ.Сабақты  қорыту.

  1. Бағалау:
  2. Үй тапсырмасын беру:

 

  1. Фариза Оңғарсынованың өмірі мен шығармашылығы
  2. « Оюлар» өлеңін  жаттау.