М. Шаханов «Отырар» өлеңдегі биік елжандылық

Сабақ жоспары

1.Пән аты: Әдебиет

2.Сыныбы: 5 «Ә»

3.Күні, айы, жылы: 06.05.2015

4.Тоқсан: ІV

5.Мұғалім: Юнусова Жұлдызай

Сабақтың тақырыбы: М. Шаханов «Отырар» өлеңдегі  биік  елжандылық

Сабақтың мақсаты:

1.Білімділік: оқушыларға     поэзиялық  туындының  сюжетін меңгерту,  әдебиет  теориясы  тұрғысынан талдауға  дағдыландыру .  

2.Тәрбиелік: оқушыларды  ізгілікке, ұлтжандылыққа, тәрбиелеу.

3.Дамытушылық: оқушылардың  мәнерлеп  оқу  қабілетін  дамыту  өз  беттерімен  ізденімпаздығын  арттыра  түсу, әдеби  шығарманы талдау  біліктілігін  арттыру.

Сабақтың типі: аралас сабақ

Сабақтың түрі: пікір алмасу

Сабақтың әдіс-тәсілі: әңгімелеу, баяндау, сұрақ-жауап, түсіндіру, мәнерлеп оқу

Сабақтың көрнекілігі:    Мұхтар Шаханов    портреті,

 Мұхтар Шахановтың  «Танакөз»     жыр  жинағы.

Пәнаралық байланыс:  тіл, әдебиет тарихы.

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі: 1.Оқушылармен сәлемдесу.

                                                2.Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру.

                                                3.Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару.

ІІ.Үй тапсырмасын тексеру:

  1. Мұхтар Шахановтың  өмірі мен  шығармашылығы  туралы
  2. «Отырар» өлеңінің мазмұнын  айту.

 

 

ІІІ. Білім  тексеру:

 

  1.   Сұрақтарға жауап беру.
  • Шыңғыс пен Шағатай  тілдесулерінен не  ұқтыңдар?
  • Шағатай әкесі  Шыңғысқа  не  деп  жауап  қатты?
  • Отырарды алу  үшін  Шыңғыс Шағатайға  қандай  зұлымдықты  үйретті?
  • Шыңғысхан алдына  келген  екі  адам  кімдер?
  • Қайырханға Шыңғысхан  қандай  баға  берді?
  • Сатқынның әкесін  алдырып  Қайырхан  не  туралы сұрады?
  • Қайырхан өлім  сағатын  күткен  кезде  не  деді?

 

ІV  Жаңа  сабаққа  дайындық

   1.Сабақ  тақырыбын  тақтаға  жазу

2.Сабақ  мақсатын  түсіндіру

 

  1. Жаңа тақырыпты түсіндіру:

          Отырар  өлеңінің  ең  түйінді,  басты  уақиғаларына  тоқталу.

  1. Отырар поэмасынан алынған үзіндіні кейіпкерлер  атынан диалог әдісімен мәнерлеп оқу.
  • Автор 2) Шыңғыс хан  3) Шағатай  4) Қайыр хан                     5) Қарашоқы  6)Қарашоқының  әкесі
  1. Шығармадағы басты ойды,  негізгі пікірді анықтау:  а) өлең сюжеті  бойынша  оқушылардың  ойын,  пікірлерін тыңдау;  ә)  «Отырар» поэмасындағы оқиғалар ретін  көрсететін  өлең  шумақтарын  анықтау.

Дәптерге  әдебиет  теориясы  бойынша баллада  терминіне  түсінік  жазу.

Баллада – лиро-эпостық  сипаттағы,  шағын  сюжетті өлең. Мұнда ақын өзінің  көңіл күйін, толғанысын жырлап  қана қоймайды, сол сезімді туғызған себептерді оқиғаға айналдыра суреттеп көрсетеді.

 

VІ. Түсінік  тексеру:

  1. Тарих және  география  пәндері  бойынша  Отырар  қаласына тарихи, аймақтық сипаттама беру.
  2. Өлең құрылысындағы өзгешеліктерді анықтау,  дәптерге жазу.

 VІІ.Жаңа сабақты бекіту.

Сабақты  дүниетанымдық  сұрақтар  бойынша қорытындылау.

  1. Шығарманың бас қаһарманы кім?
  2. Қайыр хан мен Қарашоқының Отырар  трагедиясындағы орны.
  3. Қайыр ханның соңғы арманы  орындалды ма?
  4. Баллададағы ұлт трагедиясының  мәні  неде?  Оны  қалай  түсіндіңдер?
  5. Қазіргі ұрпақтың міндеті  мен  парызы қандай  болмақ?

          

VІІІ.Сабақты  қорыту.

  1. Бағалау:
  2. Үй тапсырмасын беру:

 

1.Мұхтар Шахановтың  өмірі мен  шығармашылығы  туралы

2.«Отырар» өлеңі  бойынша  шағын  ойтолғау  жазу.