Ілияс Жансүгіров өмірі мен қызметі, шығармашылығы

Сабақтың тақырыбы: Ілияс Жансүгіров өмірі мен қызметі,шығармашылығы

Сабақтың мақсаты: Ілияс Жансүгіров қызметі,өмірі,шығармаларының тақырыбы мен негізгі ойы туралы өз беттерімен және топпен білім алуға үйрету.

Сабақ міндеттері: білімділік – Ілияс өмірі мен қызметі,шығармашылығы туралы өз беттерінше білім алуларына жағдай жасау,бастауыш сыныптағы шығарамаларын талдата отырып,мәнерлеп оқуға үйрету; дамытушылық —  оқушылардың сөздік қорларын,шығармашылық қабілеттерін,ой-өрістерін дамыту;  тәрбиелік – Ілияс шығарамаларын талдау арқылы эстетикалық тәрбие қалыптастыру,еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.

Сабақтың типі: жаңа материалды меңгерту,практикалық іскерлік дағды қалыптастыру.

Оқытудың формасы:ұжымдық оқыту.

Сабақта қолданылатын әдіс: ЖИГСО,көрнекілік,талдау-жинақтау,кластер т.б.

Сабақтың барысы.

І.ұйымдастыру бөлімі: 1)оқушылармен амандасу; 2) топқа бөлу.

ІІ. Жаңа сабақ.

1.Сабақ мақсатын хабарлау.

2.Кіріспе. «Бізде балалар әдебиеті жасалмаған әдебиет.

Бізде әсіресе техника,өнер жайында шығармалар туған жоқ.Енді бұл кетікке кірпіш қалауымыз керек».

ЖИГСО әдісі арқылы 4 топ !лияс Жансүгіровтың өмірі және қызметі,балаларға арналған шығарамаларының тақырыптары,ақынның танымдық сипаты,ақын өлеңдеріндегі эстетикалық идеал тақырыптарындағы мәтіндерді эксперименттік топта талқылап,түсініп алады.Сонан соң жанұялық топтарына барып бірінші бөлімнен бастап кезек-кезек әр оқушы өздерінің оқып келгендерін айтып түсіндіреді.Осы әдіс бойынша берілген мәтіннің мазмұнымен барлық оқушы танысып шығады.

«сандар сыр шертеді» кестесі бойынша Ілияс өмірі,қызметіне шолу жасайды.

1905-1911

Сандар сыр шертеді

 

 

 

 

 

 

 

 

Балаларға арналған шығармаларының тақырыптары.

(Кестені әр топтан оқушылар шығып толтырады).

    Еңбек
     Табиғат
      Оқу білім

Ілиястың балаларға арналған өлеңдерінің тақырыптары

 

 

 

 

 

 

 

 Алған білімдерін бекіту.

№4 практикалық жұмыс.

Практикалық бөлімде І.Жансүгіровтың бастауыш сынып оқулықтарына енген шығармаларын талдаймыз.

(Әр топқа 1-4 сынып «Ана тілі» оқулықтары таратылып беріледі).

1-топқа тапсырма: 1-сынып.  «Жазғы шілде»

1.Өлеңді мәнерлеп оқу.     2. Өлеңді ұйқасына,құрылысына талдау.  3.Өлеңнің тақырыбын анықтау.

2-топқа тапсырма: 2-сынып. «Малта»

1.Өлеңді мәнерлеп оқу.  2.Өлеңнің негізгі ойын анықтау.  3. Өлеңді құрылысына талдау.

3-топқа тапсырма: 3-сынып «Шәркей»

1.Әңгімені рөлге бөліп мәнерлеп оқу.  2.Әңгіменің тақырыбын анықтау.   3.Әңгіме кестесін толықтыру.

Әңгіме кестесін толықтыр.

1.Әңгіменің тақырыбы. 2.Әңгіме кейіпкері  3.Оқиға болған жер. 4.Әңгіме бізді неге үйретті?

4-топқа тапсырма: 3-сынып. «Жазғытұрым»

1.Өлеңдегі суреттеме сөздерді табу.        2.Өлеңді құрылысына талдау.       3.Өлеңді мәнерлеп оқу.

Сабақты бекіту. І.Жансүгіровтың бастауыш сынып оқулықтарына енген шығармалары.

 

 

 

1-сынып                                    2-сынып                                     3-сынып                                    4-сынып

«Жазғы шілде»                   «Күн шыққанда»               «Жазғытұрым» «Шәркей»                «Көкшетау»

Үйге тапсырма.

Бағалау.