Өнегелі өмір

Сабақтың тақырыбы:             Өнегелі өмір 

Сабақтың мақсаты: оқушыларға Мұхтар Әуезовтың балалық шағынан мәлімет бере отырып,оның өнегелі өмірімен оқушыларды таныстыру.Оқушылардың шығармашылықпен жұмыс істеуіне ықпал ету,сөздік қорын молайту,тіл байлығын дамыту,ой өрісін,дүниетанымын кеңейту.туған жердің табиғаты мен тарихын сүйе білуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: танымдық сабақ.

Сабақтың өту әдісі: баяндау,сұрақ-жауап,сызбамен жұмыс.

Көрнекілігі:Мұхтар Әуезов бейнесі,тақырыптық суреттер.

Пәнаралық байланыс: тарих,дүниетану,қазақ тілі.

Сабақтың барысы:  1.Ұйымдастыру.

2.Өткен сабақты пысықтау.

Жаңа сабақ.

1.Кіріспе әңгіме.

М.Әуезов 1897 жылы Семей облысы Абай ауданында дүниеге келген.Оның арғы атасы Қаратау өңірінде туған.Мұхтардың атасы Әуез,әжесі Дінәсіл.Жастайынан Абайдың өлеңдерін жаттап өскен.Алғаш Абай ауылындағы бастауыш мектепті,сосын Семей қаласындағы орыс мектебінде оқып,содан кейін білімдерін әр түрлі оқу орындарында жалғастырады.

Мұхтардың ең құнды шығармасы – «Абай жолы» эпопеясы.

М.Әуезовтің өлкемізге келу тарихымен таныстыру.

М.Әуезов өлкемізде.

Зерттеу жұмыстарының тағы бір тарихи тұлғасы ұлы жазушымыз М.Әуезов 1927 жылдары біздің өлкемізде болған.М.Әуезов сол жолы өлкемізге келіп 1916 жылғы Қарқара жәрмеңкесінде болып Албандар көтерілісі туралы жазған (М.Әуезов «Қилы заман» Алматы,1975.10-бет)

Ауданымызда болған жерлердің карта схемасымен таныстыру.

Сабақ өту барысында мәтін бойынша жұмыс істеледі.

3.Әңгімені қысқаша баяндау.(мұғалім)

4.Әңгімені оқушыларға әр абзацтан кезектестіріп оқыту.

5.Сұрақтар арқылы оқушылардың мәтін мазмұнынан түсінгендерін тиянақтау.

1.Бала Мұхтарды атасы неліктен «Қоңыр қозым» деп атады.

2.Атасы Мұхтарды қайда апармақшы болды?

3.Бала Мұхтар ойынға неге араласпады?

4.Ол назарын не нәрсеге аударды?

Мәтінмен жұмыс.

а) Мәтіннен Мұхтар ауылының суреттелген жолдарын тапқызу.

ә) Абай ауылының көрінісі суреттелген жолдарды тауып,оқыту.

б) Бала Мұхтарға мінездеме беру.

Дәптермен жұмыс.

Қаздар көгілдір толқынды көлге қонып,қанаттарын сабалай қағып,жүзіп ала жөнелді. (Сөйлемдегі зат есімнің астын бір,сын есімнің астын екі сызыңдар).

Мәтінді мұғалім басынан аяғына дейін мәнерлеп оқып,оқушылар іштей ілесіп отыруын тапсырады.

Сабақты қорыту.

1.Әңгіме кім туралы?

2.Олар қайда келеді?

3.Бала Мұхтар қандай екен?, т.б.

Бағалау.

Үйге тапсырма: Мәтінді оқып,мазмұнын әңгімелеу.Мәтін бойынша сурет салып келу.