Сәкен Сейфуллиннің «Аққудың айырылуы»

Сабақтың тақырыбы: Сәкен Сейфуллиннің «Аққудың айырылуы»

Сабақтың мақсаты: білімділік-поэма мазмұнын түсіну,теориялық талдау жасау;дамытушылық — өз ойын,сезімін еркін жеткізе білу,өмірмен байланыстыру,шығармашылыққа баулу; тәрбиелік – достықты аялау,сезімге адалдық,табиғатты қорғау,әсемдікке тәрбиелеу.

Көрнекілігі: суретті плакат,портрет,сызбалы кестелер,үлестірмелі қағаздар,семантикалық карта.

Әдісі: ЖБИМ (жаңа білімді игеру моделі),сын тұрғысынан ойлау технологиясының стратегиялары.

Сабақтың барысы.

І.Ұйымдастыру: а) сәлемдесу; ә) түгелдеу; б) құралдарын даярлау.

ІІ.Үй тапсырмасын пысықтау.

Оқушыларға топтық жұмыс орындату

1.Категорияны топтастыру стратегиясы.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2.Семантикалық картамен жұмыс.

 

ҮзіндіАуасы дертке дауажұпариісті, Көкірек қанша жұтсаң тоясың ба?Сақалы төсін жапқан қыр мұрынды,Киюлі баста жатыр дулығасы.Шіркін тауық, шырқ айналар,жемің болса қолыңдаҚарасаң етегінен шың басына,Тақия жерге түсер  тұрған киіп.Мініп ап Керкөжекке қайран сұлу, Бұралып қош айтысып жөнеп берді.Астымда ақ боз атым сылаң сағымАрқаның Бетпақ деген даласы бар, Бетпақ шөл ойлы-қырлы панасы бар.
«Жеке батыр»

Сыр сандық»

«Көкшетау»

«Қалмақ қызы»

«Оқжетпес»

«Тау ішінде»

«Ақсақ киік»

       

 

3.Пысықтау сұрақтарын қою.

— Сыр сандықты кім аша алады?

-Анасының есімі?

-«Өткен күндер» жинағы қашан шықты?

-Қай жылы қайтыс болды?

-«Әдебиет майданы» қазіргі қай журнал?

Сергіту сәті

«Тау ішінде әнін» орындау. (1шумақ,қайырмасы)

ІІІ.Жаңа сабақ.

                                                             Алдын ала тапсырма беру

                                                             Мұғалім түсінігі

                                                             Мәтінмен жұмыс

ЖБИМ                                               Теориялық талдау

                                                             Оқушының өзіндік жұмысы

                                                             Модельдеу

                                                             Қорытынды

 

 

Мұғалім түсінігі.Сәкен ақынның поэзиясын оқи отырып рәміз дәрежесіне көтерілген бірнеше тұрақты образдарының бар екенніне көз жеткіземіз.Мысалы:альбатрос,асау тұлпар,сыр сандық. Осылардың ішінде сұлулықтың,тазалықтың идеялы ретінде алынатын бейне – аққу.1925 жылы «Аққудың айырылуы» атты поэмасын жазды.

Аққулар — сұлу құстар.Әдемі,нәзік құстар.Каспий маңында,Көкше өңірінде жиі мекендейді.Қыздардың сұлулығын сөз еткенде аққуға балайды. «Аққудың көгілдіріндей» теңеулері айтылады.

Мәтінмен жұмыс.Поэма мазмұнын оқушыларға баяндату.

Арқадағы сұлу көл,табиғаты көркем.Көлді мекендеген құстар қаншама.Көлдің ажарынашатын ерекше құстар – аққулар.Су бетінде нәзік сыланады,ойнайды,бір-біріне еркелейді.

Кенет тыныштықты сұр меоген бұзды.Бұрқ етіп атылған оқпен аққу да қып-қызыл қанға  боялды.Сыңарынан айырылған аққу мергенге «мені де ат» деп жалынады.Атпасына көз жеткен соң өзін-өзі биіктен тастап мерт етеді

Теориялық талдау

  1. Тақырыбы: достық,махаббат

2.Идеясы:                   сезімге тұрақтылық,досқа адалдық,достықты құрметтеу

3.Негізгі кейіпкер:    аққу,мерген

4.Қосалқы кейіпкер:  лирикалық кейіпкер

5.Әдеби бағыт:          поэзия  (поэма)

6.Монолог:                 лирикалық кейіпкердің тікелей тіл қатуы

7.Көркемдік ерекшелік:  а) эпитет (күміс су,маржан құм)                 ә) метафора (екі сұлу,екі маңғаз,ақ сұлу)

б) кейіптеу (көл, құстар әрекеті)                 в) риторикалық сұрау

г) аллегория (адамша сөйлеп тіл қату).

8.Кеіпкер мінезі:      шын ұнату,берік достықтың иелері болу,сүйіспеншілік,аяушылық,мерген қатыгездігі.

9.Шығарма композициясы:       1.Көл сипаты

2.Құстар қызығы

3.Қос аққу

4.Қатыгез мерген

5.Аққудың азаптануы (кульминация)

6.Өзін мерт ету (трагедия,қайғылы көрініс).

Оқушылардың өзіндік жұмысы.

Эпистолярлық жанрда әңгіме-сыр.

Авторға тікелей тіл қату (топтық жұмыс).Сәкен аға, сіздің шығармаңыз бізге үлкен ой салды … .

Модельдеу.

Сәкенді бейнеге балау,қорғау (топтық жұмыс).Біз Сәкен ақынды … ұқсатамыз.

Себебі …

                                      Сабақты қорытындылау.

Шығарма адамға үлкен әсер береді.бірінсіз бірі тіршілік ете алмайтын аққу құстардың қасиетін ақын сүйіспеншілік мұраты ретінде асқақтата бейнелейді.

Құстар сөз етілгенмен,ой адамдар туралы.неге адал,достыққа берк болмасқа? Бүгінгідей сезімнің тым арзандап,математикалық сипат алып,есепке құрылып бара жатқан заманда әрқайсымызға ой салса керек.Ұлы сезімді құрметтей білу керек.

Үйге тапсырма.

Эйлер шеңберін толтыру (ұқсас шығармаларды салыстыру).

«Аққудың айырылуын» оқығаннан туған ой (эссе).

 

 

 

Авторы                                                                                                                 Шығарма атауы

 

 

 

 

 

 

 

Кейіпкерлер

Іс әрекеті

 

 

 

 

 

Кейіпкер тағдыры