Ғабиден Мұстафиннің шығармалары

Сабақтың тақырыбы:   Ғабиден Мұстафиннің шығарамалары

Сабақтың мақсаты:

                         а)жазушының өмірінен мәлімет бере отырып ерлікке,адамгершілікке баулу;

 

ә) логикалық ойлау қабілеттерін,өмірге деген көзқарастарын дамыту.Шығармашылық белсенділіктерін шыңдау.Мәнерлеп оқу,көркем мәтінмен жұмыс істеу дағдыларын дамыту.

б) туған жердің табиғатын сүйе білетін,оған құрметпен қарай алатын көзқарасқа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі:                    дәстүрлі сабақ

Сабақтың әдісі:                  сұрақ-жауап,түсіндіру т.б.

Сабақтың көрнекілігі:      кітаптар

Пәнаралық байланыс:      тарих

Сабақтың барысы:

                                     а)  Ұйымдастыру кезеңі:

   Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ә) Үй тапсырмасын пысықтау.

Үйге берілген Ғабиден Мұстафиннің шығармаларын,өмірбаянын сұраймын.Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын.

Ғ.Мұстафиннің дүниеге келген шақтағы қазақ даласының жай-күйі туралы айтып көр.

 

б) Жаңа сабақты түсіндіру.

 

1939жылы «Өмір мен өлім» атты тұңғыш романын жазады.1939-1948 жылдары «Әдебиет майданында (қазіргі «Жұлдыз») қызмет етеді.1942 жылы «Айқап» пьесасын, «Тұтқын», «Құлаған құз», «Керуен» әңгімелерін жазады.1945 жылы «Шығанақ»,1948 жылы «Миллионер» шығармалары жарияланды.1952 жылы жазылған «Қарағанды», «Дауылдан кейін» (1960), «Көз көрген» романдары – оқырман қауымның ықыласына бөленген шығармалар.Жазушының «Шығанақ романы 1945 жылы жарық көрді.Шығарма адам мен табиғат арасындағы үйлесімді жаңа қырынан көрсетті.Адамзаттың қажетін тек табиғаттан алуға үйренген қам-қарекетінің екінші жағын ашуды мақсат еткен.Бұл шығанақ бейнесімен ашылған.

«Миллионер романы (1948) «Шығанақ» романында суыртпақтап басталған ұжымдық еңбек жемісін кең көлемде ашты.Жазушы соғыстан кейінгі күйзелген елдің болашағын жарқын да,шат тұрмыс,бай-бақуатты қалыпта көрсетеді.

«Қарағанды» романы(1952) – Қазақстандағы өндірістің дамуын,жұмысша табының туып,қалыптасқанын көрсетететін шығарма.Жұмысша тақырыбы,әрі Қарағанды өңіріндегі өндіріс жазушы өміріне таныс. «Дауылдан кейін»(1959), «Көз көрген» (1963).

Ғ.Мұстафин шығармалары – қазақ даласының,қазақ халқының тарихы.Өсу,даму,өркендеуінің шежіресі.Сондай-ақ,жазушы шығармалары – жақсылыққа сенген,бақытты келер күннен күткен халық үмітінің көрінісі іспеттес.

 

Кітаппен жұмыс: Кітаптан шығармаларын оқып,құрылысына қарай талдайды.

Білімді бекіту:

  1. Ғ.Мұстафиннің өскен ортасы,жетілген жері жөнінде не білесің?
  2. Ғ.Мұстафин сондағы Ш.Берсиев бейнесі несімен қызықтырады?
  3. Жазушының «Миллионер» туындысы бүгін қандай мәселелерді қозғайды?

Білімді бағалау: Оқушылардың жауаптарына қарай білімдері бағаланады.

Үйге тапсырма: Ғабиден Мұстафиннің бір романын оқып келуге беремін.