Шығармашылық белсенділіктерін шыңдау Шығарма

Сабақтың тақырыбы:       Шығарма

Сабақтың мақсаты:

а)  логикалық ойлау қабілеттерін,өмірге деген көзқарасын дамыту.Шығармашылық белсенділіктерін шыңдау;

 

ә)  мәнерлеп оқу,көркем мәтінмен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру;

б) тәрбиелік мәні бар мысалдар келтіре отырып оқушыларды елін,жерін Отанын сүбге тәрбиелеу.

 

Сабақтың түрі:                    қайталау сабағы

Сабақтың әдісі:                  шығармашылық ізденіс т.б..

Сабақтың көрнекілігі:      кітаптар

Пәнаралық байланыс:      тарих

Сабақтың барысы:

                                     а)  Ұйымдастыру кезеңі:

 

   Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

 

б) Жаңа сабақты түсіндіру:

Шығармаға жоспар жасауға және ол бойынша жазуға үйрету.

 

Жоспар — өте күрделі жұмыс.Ол бүкіл шығарма жазуға тиісті

 

тақырыпты,туындыны,оның идеясын,құрылысын және мазмұнын толық қамтитындай

 

етіліп жасалуы тиіс.

 

Оқушы шығарманың талапқа сай жазылуы оның жоспарының дұрыс жасалуына да

 

байланысты.Сондықтан ең алдымен жоспарды дұрыс,жүйелі жасауға үйретіледі.

 

Шығармаға  жоспарды дұрыс жасау оқушының сол тақырыпты,мәселе мен

 

туындының мазмұны мен идеясын қаншалықты түсінгеніне байланысты.Сондықтан

 

шығарма жаздырардан бұрын сол тақырып мәселесін немесе еңбектің мазмұнын

 

қаншалықты білетінін,оған керекті жағдайларды анықтап алу керек.Содан кейін шығарма

 

жоспарының мәні мен мазмұнының және қандай түрлері болатыны түсіндіріледі.

 

Қорытынды бөлім – оқушы шығармасының түйінді өзегі.Мұнда оқушы сөз етіп отырған

 

тақырыптан алған әсерін,тілек мақсатын жазушы я шығарма,тақырып  немесе мәселе

 

туралы пікірін білдіреді.

 

Үйге тапсырма:    Кез келген ақын – жазушылардың шығармаларын оқып келуге беремін.