І.Есенберлиннің прозасы. (1915-1983)

Сабақтың тақырыбы:            І.Есенберлиннің  прозасы. (1915-1983)

Сабақтың мақсаты:

а)  Жазушының шығармаларының тақырыбы мен идеясын оқушылардың өздеріне ашқызу; әдеби-теориялық талдау жүргізу арқылы көркем шығарманы саралай білуге жетелеу;

ә)  Сын тұрғысынан ой қорытындысын жасауға үйрету,тіл мәдениетін жетілдіру;

б) адамгершілік,достық қасиеттерді бағалауға үйрету.

 

Сабақтың түрі:                   дәстүрлі  сабақ

Сабақтың әдісі:                  баяндау,түсіндіру

Сабақтың көрнекілігі:      кітаптар.

Пәнаралық байланыс:      тарих

Сабақтың барысы:

                                     а)  Ұйымдастыру кезеңі:

   Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ә) Үй тапсырмасын пысықтау.

Үйге берілген І.Есенберлиннің поэзиясын сұраймын.Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын.

1.І.Есенберлин өмір сүрген кезеңі туралы не білесіңдер?

2.І.Есенберлин шығармашылығы неліктен поэзиядан бастау алады деп ойлайсыңдар?

 

б) Жаңа сабақты түсіндіру.

 

    І.Есенберлин 1960 жылы «Өзен жағасында»   1965 жылы «Толқиды Есіл» деген повестер жазды.Бұл шығармалары қазақ әдебиетінде көп көріне қоймаған геологтарға арналған еді.Дегенмен алғаш жазған шығармаларының ішінде жазушының айбынын  асырған  «Айқас» 1966ж.ж. романы болды.

 

Романдары: «Айқас», «Көшпенділер» трилогиясы

 

Повестер:  «Өзен жағасында», «Толқиды Есіл» т.б.

 

Дәптермен жұмыс: Дәптерлеріне шығармадағы кейіпкерлерді және оқиғалардың немен аяқталғаны туралы жазады.

 

Білімді бекіту: І.Есенберлин шығармаларындағы тарихи оқиғалар және оның басты кейіпкерлері: Абылай,Бұқаржырау,Бөгенбай,Қабанбай,Кенесары,баян,Шығыс хан туралы не білесіңдер?

 

Білімді бағалау: Оқушылардың жауаптарына қарай білімдері бағаланады.

 

Үйге тапсырма: І.Есенберлин прозаларын оқып келу.