Ә.Кекілбаевтің өлеңдері

Күні:                                   Пәні: қазақ әдебиеті                           Сыныбы: 11

Сабақтың тақырыбы:     Ә.Кекілбаевтің өлеңдері

Сабақтың мақсаты:

а) ақын туралы мәліметтерді тыңдай отырып,мағлұматтар алуына жағдай туғызу;

ә) түрлі шығармашылық жұмыстар арқылы ойлау қабілетінің дамуына,тіл байлығының артуына ықпал жасау;

б) ізденімпаздыққа,еңбексүйгіштікке баулу.

 

Сабақтың түрі:                   аралас сабақ

Сабақтың әдісі:                  сұрақ-жауап,іздендіру

Сабақтың көрнекілігі:      кітаптар т.б.

Пәнаралық байланыс:      тарих,ән-күй

Сабақтың барысы:

                                     а)  Ұйымдастыру кезеңі:

 

   Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

 

ә) Үй тапсырмасын пысықтау.

 

Үйге берілген  Әбіш Кекілбаевтың өмірін сұраймын.Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын.

1.Ә.Кекілбаев кезеңі туралы не айтасыңдар?

2.Ә.Кекілбаевтің әңгімелерінің ерекшелігі неде?

б)Жаңа сабақты түсіндіру:

 

Ә.Кекілбаевтың 1962 жылы шыққан «Алтын шуақ»,1992 жылы «Дүние ғайып» жыр жинақтарына Әбіш өлеңдерінің көп сыры ашылады.Ә.Кекілбаевтің жырлары лирикаға,нәзік сырларға көп бой ұрады.Қаламгер соғысты көрген,соның сызын сезген ұрпақтың өкілдері болғандықтан «Танктер», «Әйел күлкісі», «Біздің болашағымыз» т.б. өлеңдер жазған.

 

Кітаппен жұмыс: Кітаптан Ә.Кекілбаевтің өлеңдерін мәнерлеп оқиды.

 

Тақтамен жұмыс:  тақтаға өлең шумақтарын жазып құрылысына қарай талдайды.

 

Шыдай алмай // шайқалыпты // шаңырақ,         1 шумақ

Майыстырып // тіреу қылған // бақанды.           4 тармақ

Желтоқсанның // желі сапты // аңырап,              12 бунақ

Бұрын-соңды // естілмеген // мақамды                11 буынды.

 

Білімді бекіту: Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоя отырып,түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.

 

Білімді бағалау:  Оқушылардың жауаптарына қарай білімдері бағаланады.

Үйге тапсырма:  Ә.Кекілбаевтің өлеңдерін мәнерлеп оқып келу.