Қадыр Мырза Әли «Қызыл кітап» поэмасы

Cабақтың тақырыбы: Қадыр  Мырза   Әли «Қызыл кітап» поэмасы

Сабақтың мақсаты:

а) Қадыр Мырза Әли  шығармаларын талдай отырып білімдерін жүйелеу,жинақтау және шығармашылық жұмыстар арқылы білімдерін тиянақтау;

ә) ізденгіштік қасиеттерін арттыра отырып дәлелді пікір айтуға үйрету;

б) Оқушылардың бойына әдептілік,инабаттылық қасиеттерін қалыптстыру.

 

Сабақтың түрі:                   дәстүрлі сабақ

Сабақтың әдісі:                  сұрақ-жауап, түсіндіру т.б.

Сабақтың көрнекілігі:      кітаптар т.б.

Пәнаралық байланыс:      тарих

Сабақтың барысы:

                                     а)  Ұйымдастыру кезеңі:

   Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ә) Үй тапсырмасын пысықтау.

Үйге  берілген Қадыр Мырза Әлидің өмірбаянын сұраймын.Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын.

1.Қазақ әдебиетінде өзіндік орны бар Қадыр Мырза Әли туралы не білесіңдер?

2.Қадыр Мырза Әлидің шығармаларындағы балаларға арналған қандай туындыларды білесіңдер?

б)Жаңа сабақты түсіндіру:

   Қадыр Мырза Әли ірі туындыларды жазған ақын.Оның  «Қызыл кітап» поэмасы жер бетіндегі адамзат істеп жатқан зұлымдыққа қарсылықтай.Бүгін аң-құс жер бетінен жойылып жатса,ертең адамзат та жер бетінен жойылады деген мағына бой көрсетеді.

 

Хронологиялық кестемен жұмыс:

 

1959жылы

1960жылы

1961жылы

1962жылы

1966жылы

1967жылы

«Көктем»

«Жаңғалақтар»

«Кішкене Қожанасырлар»

«Ноян Қоян»

«Дала дидары»

«Бұлбұл бағы».

 

 

Білімді бекіту: 1.Қадыр Мырза Әлидің  «Қызыл кітап» атты поэмасындағы көтерілген экологиялық мәселе бүгінгі күні қандай дәрежеде деп ойлайсыңдар?

 

Бағалау: Оқушылардың жауаптарына қарай білімдері бағаланады.

 

Үйге тапсырма: «Қызыл кітап» поэмасын оқып келуге беремін.