Қабдеш Жұмаділов

Сабақтың тақырыбы:        Қабдеш Жұмаділов

 

Сабақтың мақсаты:   а) Жазушының өмірінен мәлімет бере отырып, ерлікке, адамгершілікке баулу;

ә) Көркем прозаға деген қызығушылыққа,халықтың құсбегілік өнерін түсіне білуге тәрбиелеу;

б) Эстетикалық талғауларын кеңейту,табиғатты қорғауға баулып эклогиялық тәрбие негіздерін беру.

Сабақтың түрі:                   аралас сабақ

Сабақтың әдісі:                  сұрақ-жауап, түсіндіру т.б.

Сабақтың көрнекілігі:      кітаптар т.б.

Пәнаралық байланыс:      тарих

Сабақтың барысы:

                                   а)  Ұйымдастыру кезеңі:                                                                                                                                         Оқушылармен амандасу,түгелдеу,  оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ә) Үй тапсырмасын пысықтау:

    М.Мағауиннің алғашқы шығармаларын сұраймын.

1.М.Мағауиннің алғашқы еңбегінің жарияланған кездегі қазақ елінің жағдайы туралы не айтасыңдар?

  1. Қандай шығармаларын білесіңдер? т.б.

б) Жаңа сабақты түсіндіру:

           Алпысыншы жылдардың басында әдебиетке келген жаңа буын өкілдерінің кеуде тұсында Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының лауреаты,жазушы Қабдеш Жұмаділов тұр.Елуінші жылдардың ортасынан бастап Қытайдан Қазақстанға мемлекеттер арасындағы келісім бойынша көшіп келген,шекара бұзып қашып келген мың сан еңбек тобы,сан алуан кәсіп иелері,бауырластарымыздың арасында көптеген көзі ашық оқығандар,ақын-жазушылар,әнші-күйшілер,артистер,өнерпаздар,қызмет басында болған мансапты адамдар көп еді.Адам қаны судай боп аққан соғыстар,кісі сүйегі ақсөңке боп қалған ашаршылықтар,отаршылдық тепкісі,таптық қудалау кесапаттарынан шекара асып кеткен қандастардың үлкен толқыны қайта көтеріліп,Қазақстанның шығыс аймақтарына қоныстану арқылы көп жаңалық ала келді.Осы қандастарымыз арқылы халқымыздың жойыла бастаған тамаша ұлттық дәстүрлері,әдет-ғұрыптары,от басы-ошақ қасының рәсімдері,діни тағлымдар қайта оралып,жандана дами бастады.Теңіз тектес тіл байлығы қайта оралды.Осы ұлы қауымның бір баласы,тасты тесіп шыққан қарағай мінездес жазушы – Қабдеш Жұмаділов.

Қабдештің туған ауылы Семейдің Мақаншысынан алыс емес – Тарбағатайдың арғы беті,халықтың ырыс-берекесін,дәстүр-салтын сақтаған,мың жылдар бойы қалың қазақ мекен еткен құтты жер.Ата-бабалары Жұмаділ,Күдері,Смайылдар – ел ішінде беделді,сыйлы адамдар,мешіт салған діндарлар.

әңгімесі: «Қаздар қайтып барады»

романдары: «Соңғы көш», «Дарабоз»

повестері: «Көкейкесті», «Қарауыл», «Бір түп тораңғы»

 

Білімді бекіту: 1.Қ.Жұмаділовтың туып өскен ортасы туралы не білесіңдер?

2.Қ.Жұмаділов шығармасындағы Қабанбай бейнесі туралы ой толғап көріңдер.

 

Білімді бағалау: Оқушылардың жауаптарына қарай білімдері бағаланады.

 

Үйге тапсырма:  Қ.Жұмаділовтың өмірін,шығармаларын оқып келуге беремін.