С. Сейфулиннің «Тар жол, тайғақ кешу» романы

 

Сабақтың тақырыбы: С.Сейфулиннің «Тар жол,тайғақ кешу» романы

Сабақтың мақсаты:   а) роман туралы ойларын тереңдету,жазушыны тану;

ә) ізденгіштік қасиетін арттыра отырып,дәлелді  пікір айтуға үйрету,       шығармашылықпен жұмыс істей білуге,өзінше тұжырымды ой айта білуге үйрету.

б) жазушының шығармаларына деген қыығушылығы мен сүйіспеншілігін ояту.

Сабақтың түрі:                   дәстүрлі сабақ

Сабақтың әдісі:                  сұрақ-жауап, іздену т.б.

Сабақтың көрнекілігі:      кітаптар т.б.

Пәнаралық байланыс:      тарих

Сабақтың барысы:

                                   а)  Ұйымдастыру кезеңі:                                                                                                                                                         Оқушылармен амандасу,түгелдеу,  оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ә) Үй тапсырмасын пысықтау:

 

  1. С.Сейфуллин жайында қандай деректер білесіңдер?

2.Қандай поэмаларын білесіңдер?

3.»Аққудың айырылысуы» поэмасын кімнің шығармасымен салыстыра аласыңдар?

 

б) Жаңа сабақты түсіндіру:

 

   С.Сейфуллиннің «Тар жол,тайғақ кешу» мемуарлық романы 1922-1927 жылдарда жазылып,1936 жылы қайта өңдеуден өткен.Шығарма 1916-1919 жылдардағы тарихи оқиғаларды суреттеген.Романда осы кездегі оқиғалар тарихи дәлдікпен беріліп,көркем суретпен бейнеленеді. «Тар жол,тайғақ кешудің» жанрлық жағынан ерекшелігі де – тарихтағы өткен оқиғалардың нақты көрсетілуі әрі оның көркем шығарма түрінде жазылуында.Басты кейіпкер – Сәкеннің өзі.

Роман Омбы семинариасын бітірген Сәкен Сейфуллиннің Бұғылы еліне мұғалім болуынан,Ресейде өткен сынақ жұмысына араласуынан басталып,Әулиеатаға келіп,Шуда кеңес үкіметін құру сияқты саяси оиғалармен аяқталады.Осы аралықта 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалыс,төңкеріс кезеңі,ақ пен қызыл соғысы,түрлі партиялардың қызметтері,кеңес үкіметінің Ақмолада орнауы,Чехтар көтерілісі,Ақмоладағы кеңес үкіметінің құлап,өкімет мүшелерінің қолға түсуі,түрмедегі көрген азаптары т.б. суреттеледі.Шығарманың басынан соңына дейінгі оқиғалар,көркемсуреттер Сәкеннің өз көзімен көрген,өз көңілімен түйген дүниелер болғандықтан да,тарихи шындық қаз қалпында баяндалады.

Жазушы тек тарихи оқиғаларды баяндап қоямай,сол кездегі әлеуметтік,саяси жайттарға тоқталып,тұрмыстық,этнографиялық ерекшеліктерді де көрсетеді.қазақ аулының қалпы,әсіресе алғашқы тарауларда берілген.

 

Шығармашылық жұмыс:

   поэзия                                          проза                                                            драматургия

 

          Сәкен Сейфуллиннің шығармалары қай жанрда жазылған?

 

 

  повест                                      новелла                                                   роман

 

Білімді бекіту: С.Сейфуллиннің төңкеріс кезіндегі рөлі туралы не айтасыңдар?

 

Білімді бағалау: Оқушылардың жауаптарына қарай білімдері бағаланады.

 

Үйге тапсырма:  «Тар жол,тайғақ кешу» романын оқып келуге беремін.