Сәбит Мұқанов (1900-1973)

Сабақтың тақырыбы:        Сәбит Мұқанов (1900-1973)

Сабақтың мақсаты:   а) жазушының өмірінен мәлімет бере отырып,ерлікке,адамгершілікке баулу;

ә) тәрбиелік мәні бар мысалдар келтіре отырып,оқушыларды елін,жерін,Отанын сүюге тәрбиелеу;

б) оқушылардың білімін бақылау арқылы мәнерлеп оқуға үйрету.

Сабақтың түрі:                   жаңа сабақты меңгерту

Сабақтың әдісі:                  сұрақ-жауап,түсіндіру т.б.

Сабақтың көрнекілігі:      кітаптар,бүктемелер

Пәнаралық байланыс:      тарих

Сабақтың барысы:

                                   а)  Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен амандасу,түгелдеу,  оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

 

ә) Үй тапсырмасын пысықтау:

 

       Үйге берілген Ж.Жабаевтың өмірбаянын сұраймын.Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын.

1.Жыр алыбы  Жамбыл туралы қандай мәліметтер білесіңдер?

2.Жамбыл кімдермен айтысқан?

3.Қандай патриоттық өлеңдерін білесіңдер?

 

б) Жаңа сабақты түсіндіру:

Ақын,жазушы,драматург қазақ әдебиетінің ірі өкілдерінің бірі Сәбит Мұқанов Солтүстік Қазақстан облысында 1900 жылы туған.Ауыл молдасынан ескіше оқыған.Бала кезінен қисса-дастан,жыр,аңыздарды жатқа айтып өскен.С.Мұқанов қазақ әдебиетінің озық үлгілерін оқып танысады.Кейінен Омбыдағы мұғалімдік оқуға түседі.1922 жылы Орынборда жұмысшы факультетінде оқиды.Ленинград университетінде,қызыл профессура институнда білім алады. «Еңбекші қазақ» («Егемен Қазақстан») газетінде қызмет етеді.жазушылар одағының төрағасы қызметін атқарады.

С.Мұқанов — әдебиеттің түрлі жанрларында асыл мұралар қалдырған қаламгер.Оның әңгімелері,  романдары,өлеңдері мен поэмалары,драмалық шығармаларымен бірге очерктері,ғылыми еңбектері,әдебиеттегі тұлғалар,әдебиет жанрлары жайындағы еңбектері де қазақ елі үшін құнды дүниелер.

Поэзиясы: «Бостандық», «Кедей баласы», «Батырақ», «Октябрь өткелдері» «Шоқпыттың шаруасы», «Сүт заводы», «Қазақстан», «Жолы жоқтар біздің жолға қосылған», «Егістік», «Балқаш», «Конвейер», «Майға сәлем», «Пионер», «Жетім қыз үйінде», «Сұлушаш».

Прозасы: «Теміртас», «Есіл», «Өмір мектебі», «Менің мектептерім», «Адасқандар» («Мөлдір махаббат») «Сырдария», «Ботагөз»

Пьесасы:  «Аққан жұлдыз» («Шоқан Уалиханов»)пьесасы.

Дәптермен жұмыс: С.Мұқановтың поэзиясын,прозасын,драматургиясын жазады.

 

Кітаппен жұмыс: кітаптан С.Мұқановтың шығармаларын оқиды

 

Білімді бекіту: 1. С.Мұқановтың өскен ортасы жайлы не білесіңдер?

2.С.Мұқановтың «Сұлушаш» поэмасы несімен ерекшеленеді?

3.С.Мұқановтың сүбелі шығармасы «Адасқандардың» дүниеге келуіне не себеп болды?

 

Білімді бағалау: Оқушылардың жауаптарына қарай білімдері бағаланады.

 

Үйге тапсырма:  С.Мұқановтың өмірбаянын және шығармаларын оқып келу.