Сәбит Мұқановтың поэзиясы (1900-1973)

Сабақтың тақырыбы:  Сәбит Мұқановтың поэзиясы (1900-1973)

Сабақтың мақсаты:   а) жазушының поэзиясынан мәлімет бере отырып,ерлікке,адамгершілікке баулу;

ә) тәрбиелік мәні бар мысалдар келтіре отырып,оқушыларды елін,жерін,Отанын сүюге тәрбиелеу;

б) оқушылардың білімін бақылау арқылы мәнерлеп оқуға үйрету.

 

Сабақтың түрі:                   дәстүрлі сабақ

Сабақтың әдісі:                  сұрақ-жауап,түсіндіру т.б.

Сабақтың көрнекілігі:      кітаптар

Пәнаралық байланыс:      тарих,ән-күй

Сабақтың барысы:

                                   а)  Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен амандасу,түгелдеу,  оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

 

ә) Үй тапсырмасын пысықтау:

 

       Үйге берілген С.Мұқановтың өмірбаянын сұраймын.Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын.

1.С.Мұқановтың өскен ортасы жайлы не білесіңдер?

2.С.Мұқановтың «Сұлушаш»поэмасы несімен ерекшеленеді?

 

б) Жаңа сабақты түсіндіру:

 

Кеңес өкіметі орнаған шақтағы ақын поэзиясында («Бостандық», «Кедей баласы», «Батырақ», «Октябрь өткелдері» т.б.) жаңа тұрмыс,бақытқа жеткізетін қоғам орнады деген шаттық пен сенім болды. «Шоқпыттың шаруасы», «Сүт заводы», «Қазақстан», «Жолы жоқтар біздің жолға қосылған», «Егістік», «Балқаш», «Конвейер» шығармаларында төңкерістен кейінгі қазақ ауылы,қазақ шаруасының күйі,тұрмысы,өзгерісі жырланды.Шоқпыттай жиынтық кейіпкері арқылы қазақ шаруасының ұжымдастыру кезіндегі бейнесін жасады.

С.Мұқанов – поэзиясы қазақ әдебиетіне жаңа түр,сонымен бірге жаңа мазмұн әкелген ақын. «Майға сәлем!» өлеңінде ақын 1 мамырды табиғат жаңаруы деп қана емес,бүкіл еңбекші халықты бостандыққа, теңдікке шақыратын,шығаратын күн ретінде алады.Майды «Жолдас майым!» деуінен майды жұмыскер,жаңа заман бейнесінде алғанын көреміз.Өлеңінің құрылысы екпінмен айтуды,салтанатты түрде оқуды негізге алғандай. .

 

Кітаппен жұмыс: кітаптан С.Мұқановтың өлеңдерін мәнерлеп оқиды.

 

Шығармашылық жұмыс:  «Сұлушаш» поэмасындағы басты кейіпкерлерге мінездеме береді

 

Білімді бекіту:  Оқушылардың түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын.

 

Білімді бағалау: Оқушылардың жауабына,сабаққа қатысып отырғандығ бағаланады.

 

Үйге тапсырма:  С.Мұқановтың поэзиясын оқып келеді..