Ғабит Мүсірепов

 

Сабақтың тақырыбы: Ғабит Мүсірепов

Сабақтың мақсаты:   а) Жазушының өмірінен мәлімет бере отырып,оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын арттыру;

ә) Оқушылардың бойына әдептілік,инабатылық,қарапайымдылық қасиеттерін қалыптастыру;

б) сабақ барысында оқушыларды мәнерлеп оқуға дағдыландыру.

Сабақтың түрі:                   дәстүрлі сабақ

Сабақтың әдісі:                  сұрақ-жауап,түсіндіру т.б.

Сабақтың көрнекілігі:      бүктемелер,кітаптар т.б.

Пәнаралық байланыс:      тарих

Сабақтың барысы:

                                   а)  Ұйымдастыру кезеңі:                                                                                                                                                                                                                              Оқушылармен амандасу,түгелдеу,  оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ә) Үй тапсырмасын пысықтау:

   1.М.Әуезовтың тұңғыш мақаласы не жөніндегі мәселені көтерді?                                     2.М.Әуезовтың 20-жылдарда жазылған әңгімелер топтамасы қандай идеяны,тақырыпты қозғайды

б) Жаңа сабақты түсіндіру:

             Ғабит Мүсірепов 1902 жылы,қазіргі Солтүстік қазақстан облысы,Жамбыл ауданында туған.Ауыл молдасынан хат танып,1917 жылы Қостанай уезінің Обаған болысында 2 класты орыс мектебіне түседі,белгілі ақын,талай жақсы жайсаңдарды оқытқан Бекет Өтетілеуовтен оқиды. Пресногорьковтегі жоғары бастауыш училищені бітіріп,жеті жылдық білім алады.

1923 жылы Орынбор қаласындағы жұмысшы факультетін бітірген соң,бір жыл Омбы қаласындағы ауыл шаруашылық академиясында оқыған.1928-1938 жылдары түрлі жауапты орындарда,баспасөзде қызмет атқарады.1938-1955 жылдарда таза әдеби жұмыспен айналысады.1956-1966 жылдары «Ара-Шмель» журналының бас редакторы,Қазақстан жазушылар одағының бірінші хатшысы болған.

 

  Хронологиялық таблицамен жұмыс:  таблицадағы елеулі жылдарды белгілейді

 

Әңгімелері:  «Қос шалқар»1928, «талпақ танау»(1933), «Шұғыла» (1933), т.б.

 

Повестері: «Тулаған толқында», «Көк үйдегі көршілер», «Өмір ертегісі», «Алғашқы адымдар»,

«Тұтқын қыз», «Жайлау жолында», «Туннель»

 

Романдары: «Қазақ солдаты», «Оянған өлке», «Жат қолында», «Ұлпан»

 

Пьесалары: «Қозы Көрпеш-Баян сұлу», «Ақан сері-Ақтоқты», «Қыз жібек», «Амангелді».

 

                                                                                                                                                              Білімді бекіту:     Оқушылардың түсінбеген сұрақтарына жауап беремін

 

Білімді бағалау: Оқушылардың жауаптарына қарай білімдері бағаланады.

 

Үйге тапсырма:   Үйге Ғ.Мүсіреповтың өмірбаянын оқып келуге беремін