Қазіргі қазақ прозасы Тарихи тақырып

Сабақтың тақырыбы:        Қазіргі қазақ прозасы  Тарихи тақырып 

Сабақтың мақсаты:    а)  логикалық ойлау қабілеттерін  өмірге деген көз қарасын дамыту. Шығармашылық белсенділіктерін шыңдау;

ә)  тәрбиелік мәні бар мысалдар келтіре отырып оқушыларды елін,жерін,Отанын сүюге тәрбиелеу;

б) оқушылардың ойлау қабілеттерін,ауызша және жазбаша пікір айту дағдыларын қалыптастыру;

Сабақтың түрі              Жаңа  сабақ

Сабақтың әдісі:                  сұрақ-жауап,түсіндіру т.б.

Сабақтың көрнекілігі:      бүктемелер,кітаптар т.б.

Пәнаралық байланыс:      тарих

Сабақтың барысы:

                                   а)  Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен амандасу,түгелдеу,  оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

 

ә) Үй тапсырмасын пысықтау:

 

Үйге берілген  тапсырманы сұраймын.Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын.

 

б) Жаңа сабақты түсіндіру:

 

  

Шығарма аты Авторы Шығарма арқауы
1 Көшпенділер Ілияс Есенберлин Қазақ елінің тарихы,тайпалар,мемлекеттер арасындағы соғыс,қазақ мемлекетінің негізі,құрылуы,орнығуы,қазақтың өзін-өзі елге танытуы сияқты тарихи оқиғалар Тәуке,Әбілқайыр,Бұрындық,Абылай хандар билігімен сабақтаса суреттеледі.
2 Ақ Жайық Хамза Есенжанов 1918-1919 жылдары Оралдағы төңкеріс,елді бақытқа жеткізер заман туды деген күрескерлер сенімі,өмірі туралы жазылған.
3. Аласапыран Мұхтар Мағауин ХVI-ХVII ғасырлардағы қазақ елі,орыс-қазақ қатынастары,Ораз Мұхамедтің орыс еліндегі ел іргесін бекітудегі еңбегі жайында
4 Қан мен тер Әбдіжамал Нұрпейісов ХХ ғасыр басындағы қазақ елі,соғыс,төңкеріс,әлеуметтік тартыс,тап арасындағы қайшылық бейнеленген
5 Соңғы көш Қабдеш Жұмаділов Аласапыран заманда елден адасып алыста,Қытай елінде қалған қазақтың атамекенге оралуы суреттеледі
 

6

Үркер Әбіш Кекілбаев Қазақ елінің Ресей патшалығына бодан болуы,екі арадағы саяси қатынастар көркем баяндалады
7 Елім-ай Софы Сматаев «Ақтабан шұбырынды,алқакөл сұлама» жылдарындағы ел басындағы қайғы-қасірет, ауыртпашылық,күрес бейнеленеді.

 

Қазақ әдебиетінде тарихи тұлғалар бейнесі поэзия,проза,драма жанрында 60-90 жылдарға дейін жасалды.Кейінгі Ә.Әлімжановтың «Ұстаздың оралуында» әл-Фараби,Ә.Нұршайықовтың «Ақиқат пен аңызында» Бауыржан Момышұлы, Ш.Мұртазаевтің «Қызыл жебесінде» Тұрар Рысқұлов,С.Жүнісовтың «Ақан серісінде» Ақан Қорамсаұлы сияқты ел есіндегі жандардың бейнелері сомдалды.Бір-біріне тілі,мазмұны,көркемдік әдісі жағынан түрлі сипатымен ерекше бұл шығармалардағы ортақтық көркем бейнемен тарихи шындық сабақтастығы, жеке тұлғаның ғана емес,ел шежіресінің де суреттеуін беруінде.

Қазақ әдебиетінде осы кезеңдегі жазылған шығармалардың бір тобы Ұлы Отан соғысы тақырыбына арналған.Бауыржан Момышұлының «Москва үшін шайқас», «Бір түннің оқиғасы»,Қасым Қайсеновтың «Партизан соқпақтары», Әди Шәріповтың «Қапастағы жұлдыздар»,Тахауи Ахтановтың «Қаһарлы күндер» т.б. шығармаларында соғыс қасіреті,ұрыстағы жауынгерлер жан дүниесі,өлім мен өмір арпалысы,Отан үшін от кешкен ерлер ісі суреттеледі.

60-90 жылдары қазақ әдебиетінде замандас бейнесін суреттеп,бүгінгі күн тақырыбына арналған шығармаларда О.Бөкеев,Д.Исабеков,З.Шашкин, М.Мағауин,С.Мұратбеков,Т.Әбдіков,Қ.Жұмаділов,Д.Досжанов,Қ.Найманбаев, Т.Нұрмағанбетов өз стильдерімен,өз кейіпкерлерімен ерекшеленді.

Ауыл тақырыбы,қоғамдық өзгерістер тұсындағы жылдар,ғасырлар қалыптастырған салт-дәстүр,таным іргесінің сөгілуі,алдыңғы толқын мен кейінді кеңес тәрбиесімен көз ашып,молынан сусындаған ұрпақ арасындағы көзқарас түрлілігі О.Бөкеев,Қ.Жұмаділов,Т.Әбдіков,О.Сәрсенбаев,Д.Исабеков т.б. туындыларында көркем бейнеленді.

Шаруашылық,өндіріс тақырыбына З.Шашкиннің «Теміртауы»,Т.Ахтановтың «Бораны»,З.Қабдоловтың «Жалыны» т.б. жазылды.

 

Білімді бекіту:     Оқушылардың түсінбеген сұрақтарына жауап беремін

 

Білімді бағалау: Оқушылардың жауаптарына қарай білімдері бағаланады.

 

Үйге тапсырма:   Қазіргі қазақ әдебиеті тақырыбын оқып келуге беремін.