Тәуелсіз қазақ әдебиеті

Сабақтың тақырыбы:    Тәуелсіз қазақ әдебиеті       

                                                                                                                

Сабақтың мақсаты:  а)  логикалық ойлау қабілеттерін  өмірге деген көз қарасын дамыту. Шығармашылық белсенділіктерін шыңдау;

ә)  тәрбиелік мәні бар мысалдар келтіре отырып оқушыларды елін,жерін,Отанын сүюге тәрбиелеу;

б) оқушылардың ойлау қабілеттерін,ауызша және жазбаша пікір айту дағдыларын қалыптастыру;  

Сабақтың түрі:                   дәстүрлі сабақ

Сабақтың әдісі:                  сұрақ-жауап,түсіндіру т.б.

Сабақтың көрнекілігі:      бүктемелер,кітаптар т.б.

Пәнаралық байланыс:      тарих

Сабақтың барысы:

                                   а)  Ұйымдастыру кезеңі:                                                                                                                                                     Оқушылармен амандасу,түгелдеу,  оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ә) Үй тапсырмасын пысықтау:

Үйге берілген  тапсырманы сұраймын.Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын.

  1. Қазіргі қазақ драматургиясына кімдердің шығармасын жатқызуға болады?
  2. М.Шахановтың қандай поэмасы бар?

 

б) Жаңа сабақты түсіндіру:

 

                   Бүгінгі таңдағы әдебиет пішін ерекшелігімен,тақырып еркіндігімен ерекше.Бұл әдебиеттің өсуі,өнуі елдің егемендік алуымен тікелей байланысты.Сондықтан да осы әдебиет өкілдері жаңа бағытта,соны соқпақтарға оңай қол соза алды.

Тәуелсіз әдебиеттің бастауында Т.Әбдікәкімов,Т.Кеңесбаев, А.Қани,А.Алтай,Р.Мұқанова,А.Кәріпжанов, М.Райымбекұлы,С.Қалиев, А.Кемелбаева,Ә.Балқыбектер тұр.Бұның  ішінде ой,философиялық тереңдікке құлаш ұрған түркі-қазақ ойының орманынан қанып ішкен Т.Әбдікәкімовтың «Ақшам хаттары», «Қас сақ аңқымасы» секілді туындылары тәуелсіз әдебиеттің ғана емес,қазақ әдебиетінің жетістігі,М.Райымбекұлының «Ай» кітабы, А.Кәріпжановтың «Санадағы суреттері»,Ә.Балқыбектің «Метамарфоза» еңбегі,А.Қанидың «Ар алдында» — бәрі біздің алған ірі де құнды биігіміз,Т.Кеңесбаевтың «Қызғыш құс»,Д.Рамазановтың «Көкжал» секілді туындылары да тәуелсіз әдебиеттің қарымын танытуда.Тәуелсіз әдебиет жаңа басталып,өлмес,өшпес жолға бет алды.

 

 

     .

Білімді бекіту:     Оқушылардың түсінбеген сұрақтарына жауап беремін

 

Білімді бағалау: Оқушылардың жауаптарына қарай білімдері бағаланады.

 

Үйге тапсырма:   Қазіргі қазақ әдебиеті тақырыбын оқып келуге беремін.