Бейімбет Майлин. «Айранбай» әңгімесі

Сабақтың тақырыбы: Бейімбет Майлин. «Айранбай» әңгімесі

Сабақтың мақсаты: білімділік – «Айранбай» әңгімесі арқылы сол кездегі қазақ тұрмысы және оның шынайы көрінісімен танысу; дамытушылық —  жазушы тілін зерттеу; тәрбиелік – еңбекке,намысшылдыққа баулу.

Сабақтың әдісі: проблемалық әдіс.

Сабақтың түрі: зерттеу сабағы (Қанапия Бітібаева технологиясы бойынша).

Пәнаралық байланыс: қазақ тілі,ән-күй,әдеп,бейнелеу өнері.

Сабақтың барысы.     Ұйымдастыру кезеңі.

Жаңа сабақ.

Бейімбет Майлиннің «Айранбай» әңгімесін оқып талдауға алдын ала тапсырма берілген.

  • Балалар, «Айранбай» әңгімесі де шағын,бірақ әңгіменің тақырыбы ауқымды.көтеріп тұрған жүгі ауыр,байқадыңдар ма? Ал,байқасаңдар,қазір өздеріңе сауалнама сұрақтарын берейін,бірер минут ойланып,ауызша жауап бересіңдер:

1.Қалай ойлайсыңдар,әңгіме неге Айранбайдың үй ішін сипаттаудан басталады?

2.Мәдениеттің төмендігі байқала ма? 3.Мәдениеттің төмендігіне әсер етіп отырған не?

(Айранбайдың кедей тұрмысы: жоқшылық,жетіспеушілік,көңілсіздік,әлеуметтік теңсіздік,байдың қайрымсыздығы).

4.Айранбайдың бұрынғы өмірі мен әңгіменің аяғындағы                   Айранбайға сипаттама беріңдер. (Әңгіменің басындағы Айранбай бай туысы Кемелбайға сенеді,ал соңында рухани түрлеуі,жаңа өмірге қадам басуы – негізгі мәселе.Әңгіменің басында Айранбай кір-қоқыс арасында отырса,аяғында оны сілкіп тастап жаңа өмірге қадам басады.

5.Айранбай «кәменеске жазыламыз» деген қорытындыға неге келді?

  1. Қалай ойлайсыңдар,егер Кемелбай Айранбай сұратқан қайысты Раушанға берсе,Айранбай бұрынғы қалпында сараң ағайынның ығында қалар ма еді?
  2. Айранбайдың сенгені бар,ол – кәменестер: «Кәменеске жазылғандарды қазына асырайды дейді ғой».Қазіргі кезде осы идеяға қосылар ма едіңдер?

Бейімбет әңгімелерінің өзіне тән ерекшелігі бар, «деталь» бар.Әңгіменің арқауы «қайыстың» негізінде дамып отыр.

— Балалар,алдын ала берілген тапсырма бойынша бірінші топ әңгіме құрылысын зерттеу керек болатын.

Қане,зертеу жұмыстарыңды ортаға салып көріңдер.

«Айранбай» әңгімесінің құрылысы

Әңгіменің басталуы Байланыс Шиеленіс Шарықтау шегі Шешімі
Айранбайдың үйіне кіріп келгенде-ақ нендей кәсіппен айналысатыны беп-белгілі.От басында кірлі қара тақтай, маңайы толған былғары,қайыстың қиқымы,біз,пышақ, қайрақ,қалып,мұр-ындық қоқырсып жатыр 1.Әлденеге кейігендей…

болып отыр.

2.150-б. ақырғы абзац.

3.151-б.4-абзац

4.151-б. ақырғы абзац.

5.152-б.1-абзац

6.152-б.2-абзац

7.153-б.1-абзац

1.Тарамысты тартып,шынта-ғын көтеріп қалғанда қызына тиіп кетеді. қызына ұрсып,итеріп тастайды.         2.Раушанның Кемелбайдың  қатынымен ұрсуы,сөйтіп оның бетін көрместей ызалануы.

3.Айранбайдың ызалануы және Раушанның қайысқа кетуі.

Раушан Кемелбай-дың үйінен құр қол қайтып келеді және күйеуінің айғайлаған-ына ренжиді.Кемелбайдың қайысты бермеуінен көңілінің қатты қалуы. Айранбай: -Кемелбай-дан жүрегім суынып болды.Енді соның есігін ашушы болмайық. Құдай аштан өлтірмесін. Кемелбай құрлы сол кәменестер асырар
Нақыл сөздер.

«Әйел – ерді азғыратын әзірейіл» деп Жәкең марқұмның айтқан шариғаты осы күнге дейін есінде

«Айранбай»

әңгімесінің  тілдік ерекшелігі

 
Диалект сөздер.

Ділгер болып нос көрсету

Тұрақты сөз тіркесі.

Сары уайым,тықыр таяну,құлақтың етін жеу,беті шылп       етпейді.

Кірме сөздер. Олай болуының себебі шықпай қалған егінді жазуға комиссия сайланғанда,Кемелбай сол комиссияның мүшесі болып сайланған.Нәлөкті салып отырған осы ініңнің өзі көрінеді ғой.Кедей еңбегін бай жеген,инспектор сөзі рас.Кемелбай құрлы сол кәменестер асырар
Дисфемизмдер. «Сорлы жалмауыз, қайдан табақтас болып едің,бір жапырақ жегізбедің ғой». «Байғұс,көрген қызығың осы ма еді?» «Ит,қират», — деді. «Ол бетпақтың бетін құдай көрсетпесін».
Эпитет.  Кірлі қара тақтай,қурап тұрған қара абдыра,таралмай ұйысқан қою қара сақалы.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Зерттеу жұмыстарын жақсы жүргізгендіктерін айтып оқушы білімдерін бағалаймын,келесі сабаққа тапсыра беремін.