ОЙНАЙЫҚ ТА ОЙЛАЙЫҚ

ОЙНАЙЫҚ ТА ОЙЛАЙЫҚ 

 

    Білім беру саласы: таным.

Оқу іс-әрекеті: қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру.

Мақсаты: балалардың бірден онға дейін ауызша санап есептеуі, сандар қатарын тура және кері санау, қосу, азайту, тең таңбаларын қолданып он көлемде есепті құрастыру.

Логикалық ойын дамыту: шығармашылық қабілетін оятып пәнге қызығушылығын арттыру.

Тәрбиелік: баланың ойын, тілін, танымдық әрекетін дамытып, баланы қоршаған ортаға деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.

Сөздік жұмыс: қосу, азайту, тең, бірден онға дейінгі сандар.

Көрнекілік: сандар, түрлі түсті суреттер, геометриялық пішіндер.

 

    Барысы.

Әрекеттің кезеңдері:

Ұйымдастырушылық-оятушылық кезеңі:

Тәрбиешінің іс-әрекеті: Ертеңгілік шеңбер. Амансың ба, алтын күн, Амансың ба, көк аспан, Амансың ба, достарым. Сабағымызды бастайық, Жамандықты тастайық.

Балалардың іс-әрекеті:Тілек шеңбері арқылы балалар бір-біріне жарқын көңіл күй, достық сезім сыйлайды.

Әрекеттің кезеңдері:

Ұйымдастырушылық-ізденушілік кезеңі:

Тәрбиешінің іс-әрекеті:

— Жарайсыңдар, балалар, көңіл күіміз жақсы болса көңілді отырып, сабағымызды бастайық.

— Балалар, бізге сандар елінен хат келіпті! Ол хатта тапсырмалар берілген екен. (Тапсырмалар екі топқа бөлінеді, жарыс түрінде өткізіледі.)

— Дайынбыз ба, балалар?!

Балалар қонақтарға топтарын таныстырады.

Балалардың іс-әрекеті: Айтқанды мұқият тыңдап сабаққа дайындалады. Балалар екі топқа бөлініп отырады.

Әрекеттің кезеңдері:

Рефлекстік-түзету кезеңі:

Тәрбиешінің іс-әрекеті:

“Балапан” тобының ұраны:

Біз ақылды баламыз,

Айтқан тілді аламыз.

Сабақты жақсы оқуға

Мектепке де барамыз.

“Балдырған” тобының ұраны:

Біз әдепті баламыз,

Оттай болып жанамыз.

Сұрақ қойса ойланып

Дұрыс жауап табамыз.

— Ал енді бастайық. (Бағасы жұлдызша арқылы бағаланады, сабақ соңында жұлдызша көп жинаған топ жеңіске жетеді).

Балалардың іс-әрекеті: Әр топ өз ұрандарын айтып өз топтарын таныстырады.

Тәрбиешінің іс-әрекеті:

1-тапсырма.

Жыл мезгілдерін атау (құрастыру)

2-тапсырма.

1-ден 10-ға дейін тура және кері санау

Балалардың іс-әрекеті: 1-ден 10-ға дейін тура және кері санады.

3-тапсырма.

Сандардың көршісін табу

Балалардың іс-әрекеті: Сандардың көршісін таба білді.

4-тапсырма.

Логикалық есептер

Балалардың іс-әрекеті: Логикалық есептерді зейін қойып тындап, жауабын таба білді.

5-тапсырма.

Геометриялық пішіндер

Балалардың іс-әрекеті: Геометрялық пішіндерді құрастыра білді.

6-тапсырма.

Орныңды тап ойыны

Тәрбиешінің іс-әрекеті:

Логикалық қисынды есептер

  1. Киіз үйде неше бұрыш бар?

(жоқ)

  1. Дүкеннен анам 5 бұрышты 2 доп алып келді, оның біреуін ініме берді. Менде неші доп қалды?

(5 бұрышты доп болмайды)

  1. Үйде анасы, әкесі, інісі бар. Үйде неше адам тұрады?

(4 жан)

 

                                             Сергіту сәті

Орнымыздан тұрайық,

Жаттығуды бастайық.

Оңға, солға иіліп

Басымызды қозғайық.

Алға қарай бір адым,

Артқа  қарай бір адым,

Жоғары-төмен қарайық,

Орнымызды табайық.

 

Ауызша есептер

1.Табақта 5 алма, қолымда 4 алма, қосқанда барлығын болады неші алма? (5+4=9)

2.Көлден ұшты 10 қаз, қайтып қонды 6 қаз, ұшып кетті нешеуі? (10-6=4)

3.Боялмаған дөңгелек 6, сары дөңгелек 2, барлығы қанша?

(6+2=8)

“Санамақ” ойыны ойналды

Балалардың іс-әрекеті: “Балапан” және “Балдырған” тобының балалары санамақ айтып берді.

7-тапсырма.

Үлестірмелі заттар: Геометриялық пішіндерден дене құрастыру.

Балалардың іс-әрекеті: Үлестірмелі заттарды пайдаланып, түрлі денелер мен пішіндер құрастырды.

     Күтілетін нәтиже: 1-ден 10-ға дейін тура және кері санау, қосу, азайту, тең таңбаларымен ауызша есеп шығару.

     Білуі тиіс: 1-ден 10-ға деін сандарды санай білуі тиіс.

Түсінігі: 1-ден 10-ға дейінгі сандарды тура және кері санауды түсінді.

     Көрсете білуі: берілген тапсырмаларды орындау арқылы түсінгендерін көрсетті.