«Абай әлемі». «Атажұрт» танымдық ойын үлгісімен

 

Сыныптан  тыс жұмыс Тақырыбы: «Абай әлемі».

«Атажұрт» танымдық ойын  үлгісімен

Қазақ тілі  және әдебиет  пәнінің  мұғалімі

Усабаева Зауре Асқарқызы

Мақсаты:

1)Оқушылардың Абай шығармашылығынан алған білімдерін тереңдетіп Абай табиғатын тану.

2)Дүниетаныммын кеңейту, шапшаңдықтарын  тексеру.

3)Ізгілікпен ізденімпаздыққа үндеу, ойлау қабілеттерін арттыру

Түрі: «Атажұрт» танымдық ойын үлгісінде

Әдісі: Сұрақ – жауап, аралас

Көрнекілігі : Абай суреті, нақыл сөздер , «Абай ұрпақтары» атты кескіндеме суреттер.

Әдеби танымдық ойынның барысы:

Жүргізушінің сөзі:

Бүгінгі біздің сыныптан тыс жүргізгелі отырған әдеби танымдық ойынымыз қазақ халқының ғұлама ойшылы,данышпан ақыны қазақ ұлтын бүкіл әлемге паш еткен Абай аталарыңа арналады. Абай өзінен кейінгі ұрпағына мол асыл мұрасын, киелі сөзін қалдырып отыр. Ол: «Атаңның баласы болма, адамның баласы бол», «Жақсы көпке ортақ, еліңе пайдаң тисін», — дейді.

«Қараңғы қазақ көгіне, өрмелеп шығып күн болам» деп аңсаған ағартушы С.Торайғыров өзінің қысқа ғана ғұмырында ғылым мен білімдікейінгі жастарға

 

 

 

насихаттаса, Абай өз өн бойындағы асыл қасиетін бүкіл қазақ жұртына арнады.

Олай болса, жарық жұлдызды «Абай әлеміне» хош келдіңіздер!

Ойынға қатысушыларды таныстыру.

Ойынғақатысушылар екі топта, топ басшыларымен.

 

Ойынның шарты:

  1. Өткел
  2. Белес
  3. Бекет
  4. Асу
  5. Жерұйық.

 

 

 

Әділқазылар алқасымен таныстыру.

Әділ баға береді

Әділқазы алқасы

Қошеметпен ортаға

Шақырамыз сіздерді,- деп әділқазы алқасын таныстыра отырып шақыру.

Жүрегін жырақ етіп жандырған кім?

Жырымен жан сусынын қандырған кім?

Қастерлеп сөз асылын өлеңменен,

Мұра ғып кейінгіге қалдырған кім?

  • Ол Абай, олай болса ойынымыз басталды.

І кезең  «Өткел»

Шарты: 30 секунд ішінде  5 сұраққа жауап береді. Дұрыс жауапқа-10 ұпай.

Бірінші командаға сұрақтар

1.Абай қайжылы дүниегекелді? (1845жылы)

2.Абайдың табиғат лирикасына байланысты жазған өлеңдері? («Қыс», «Күз», «Жаз», «Жазғұтырым»)

3.Абайдың неше қарасөзі бар? (45)

4.Ол орысшаны қайдаүйреніп, қайда оқыды?(Семей. Приходмектебі)

5.Абай И.А. Крыловтан неше мысал аударды? (12)

Екінші командаға сұрақтар

  1. Абайдың әкесінің әкесі кім? Абайға кім болады?(Өскенбай. Атасы)
  2. Абай қайда оқыды? (Ахмет Риза медресесі)
  3. Абай Лермонтовтан неше өлең аударды? (28)
  4. Абайдың руы? (Тобықты)
  5. Неше қара сөз Абайдан аяқталмаған? (1)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ІІ кезең.  «Белес»

Шарты: Әр командаға 2 сұрақтан беріледі. Дұрыс жуапқа 30 ұпай. Егер көмек пайдаланса10 ұпай.

 

Бірінші командаға сұрақтар

  1. Абайдың бір өлеңінде «Атадан алтау, анадан төртеу жалғыздық көрер жайым жоқ» деп айтуының себебі неде?

Аналары кімдер?

Аталары кімдер?

(Аналары:Күңке, Ұлжан,Айғыз, Нұрғаным.

Аталары: Әйтек, Олжас, айдос, Ырғызай,Өскенбай, Құнанбай)

  1. Абай Құнанбайдың нешінші баласы? (3)

Шын аты – Ибраһим

Тете аты – Телқара

Екінші командаға сұрақтар:

  1. Құдайберді Құнанбайдың бәйбішесі Күңкеден туады? Ол атасы Өскенбай мен әжесі Зеренің тәрбиесін алып өседі. Ержеткен соң әкесі оған Қаракесек ішіндегі кедей руынан шыққан әйгілі би Алдабергеннің қызы Төлекбикені айттырды.

Сұрақ: Құдайберді Құнанбайұлы кім?

(Шәкәрімнің әкесі, Абайдың атасы)

Қосымша: Төлебике –арабша,т үрікше оқыған сауатты, ісмер.Ырғызбай ұрпағы оны –Дәметкенге үйлендіреді.Шәкәрімнің шешесі.

  • Абайдың ең сүйікті баласы кім? (Абдрахман (Әбіш) 1804жылы)

Қосымша түсінік. Хронологиялық кесте.

Абай өлеңіндегі әрбір сөз көнеден қалғанасыл сөз

Ерте оянып, ойланып ер жеткен кім?

Қайталанбас талабын тас қияға өрлеткен кім?

Өлеңнің бесігінде тербеткен кім?

  • Иә, ол кім?-Ол Абай

ІІІ кезең. «Бекет»

Шарты: Әр командаға 3сұрақтан беріледі.

1 командаға

1.Сізге ғылым кім берер?

Жанайжатып сөнсеңіз

(Бұл қай өлеңнен)      (Ғылым таппай мақтанба)

2.Көрінбей жердің топырағы

Құлпырар әсем жер жүзі

(Желсіз түнде жарық ай)

3.Адам баласына талапсыз ең жаман қасиет – деп бастады.

Нешінші қара сөзінде  (44)

ІІ командаға

  1. Күллі адам баласын қорқылатын үш нәрсе бар

Содан қашпақ  керек. Әуелі – надандық, екінші – еріншектік, үшінші –зұлымдық .

Бұл қайқара сөзінен?  (38)

  1. Бұл махрум қалмағыма кім кінәлі қолымды дөп сермесем өстер ме едім.(Жасымда ғылым бар деп ескермедім)
  2. Жырлайын, жылайын,

Ағызып сөз майын…

Қай  өлеңнен үзінді?(Көзімнің қарасы)

Жүргізуші: Асу, асу, асулар

Алда талай асу бар.

Өз халқының тағдырын

Абай шешкен асулар , — деп келесі кезеңіміз  «Асу»

 

 

 

IV.Кезең «Асу»

 

 

 

Шарты: 9 терезеден тұратын сұрақ ұпайы көп команда астайды. Әр ұпай терезеледе

 123
1)202020
2)303030
3)404040

 

  1. 20 Абайдың нешінші қарасөзі аяқталмаған? (46)
  2. 20 Абай әке жолын қай жағынан қуды? (көп әйел алған)
  3. 20 Абай «Көзімнің қарасы» әнін кімге арнады? (Әйгерім)
  4. 30 Абай ұрпақтарынешеу? (10)
  5. 30 Қандай тілді жақсы меңгерді? (орыс)
  6. 30 Абайды әлемге танытқан кім ? (М.Әуезов)
  7. 40 Қай жылы дүниеден өтті? (1904ж қоян)
  8. 40 Қанша мұрасы қалды? (8мыңөлең, 3поэма, 45қарасөз, 140-төлсөз)
  9. 40 Абай достары кімдер? (Долгополов,Михаэлис,қарапайым адамдар)
  10. Кезең «Жерұйық»

Шарты: Бұл кезеңде көмек пайдаланбайды. Сұрақтың толық, еркін түрде жауап берілгені есептеледі.

  1. Жүректің суреті көрсетіледі.  Абай жүрек сөзін қалай қай сөзінде пайдаланған? (Қара сөзінд есол қарасөзді толық баяндау)
  2. Жүрегімнің түбіне терең бойла,

Мен бір жұмбақ адаммын оны да ойла.

Соқтықпалы соқпақсыз жерде өстім,

Мыңмен жалғыз алыстым кінә қойма.

(мағынасын ашу)

 

Жүргізуші сөзі:

Абайдың үміт күтер (шөберелері) ұрпақтары

Бүгінгі «Абай әлемі»  атты әдебитанымдық ойынымыз өз мәресіне жетті.

Сөз кезегін әділ қазы алқасындаберейік.

Қорытынды: Жеңген команда марапатталады.