Кәдірбек Сегізбайұлы. Құмырсқалар.

 

Тақырыбы:  Кәдірбек Сегізбайұлы.  Құмырсқалар.

Сабақтың мақсаты: 1. Мәтіннің негізгі ойын анықтау.

  1. Оқушылардың мақал-мәтелдерді орынды қолдана алу, соның нәтижесінде ауызша сөйлеу дағдыларын жетілдіру.
  2. Өзара көмекке, достыққа тәрбиелеу.

Қолданған технология: Педагогикалық шеберхана

Сабақтың типі: Дәстүрлі емес сабақ, білік және дағдыны қалыптастыру

Сабақтың көрнекілігі: Мақал-мәтелдер, суреттер, интерактивті тақта

І. Индуктор

Интерактивті тақтадан сурет көрсетіледі.

  • Балалар, осы көріп отырған сурет мазмұнын ашатын негізгі ойды тауып, оны мақал-мәтел түрінде айтып, мағынасын ашып беріңдерші.

 

 

ІІ. Жеке құрастыру.

          Балалар берілген сурет мағынасына қарай мақал-мәтел ойластырып, оның мағынасын ашу барысында жұмыс жасайды.

ІІІ. Әлеуметтік құрастық.

Әр бала өз ойын, шешімін ортаға салып, біріге талдап, бірлесіп нақты шешімге келеді.

ІV. Жарнамалау.

Әр оқушы өз жұмысын жарнамалап ортаға салады. Әр оқушының өз жұмысын тақтаға ілуге, дауыстап оқуға толық мүмкіндігі бар.

Данияр: Еңбек түбі – береке.

Еңбекті сүйіп өскен жан әр нәрсенің қадір-қасиетін түсінеді. Жалықпай еңбектенген адамның істеген ісі де, өмірі де берекелі, ысырапсыз болады.

Аружан: Ердің атын еңбек шығарады.

Өз еңбегінің арқасынды адам өзін әлемге әйгілі ете алады. Сондықтан тынбай еңбек етсең, даңққа бөленесің.

Аманжол: Еңбек етуді құмырсқадан үйрен.

Бұлай айтуымның себебі,  құмырсқаны көрсімен көз алдыма еңбек келді. Ал кім еңбекқор деген сұрау болса, мен ол – құмырсқа дер едім. Аружан айтпақшы құмырсқа өз атағын еңбегімен иеленді.

Сурет бойынша жұмыс жасалып, балалардың ойы тыңдалады.

  • Жақсы. Суреттің негізгі ойы құмырсқа, еңбек жайында екен. Олай болса, мына жұмбақты шеше қойыңдар.

Бір балуан өзі күшті, қайраты мол,

Өзінен үлкен затты көтерер ол.

Мейлі қыр, мейлі жота, мейлі төбе,

Қайқаңдап аса берер бәрінен де ол.    (құмырсқа)

  1. “Құмырсқалар” мәтіні оқушылармен тізбектей оқылады.

Мәтіннен көңілдеріңе не түйдіңдер?

  • Біз құмырсқалардың қиян-кескі қырқысуын, одан кейін әлсіздердің күш біріктіруі туралы білдік.
  • Табиғаттың қатал заңы күш біріктіру екенін аңғардық.
  • Осы мәтінді бөлімдерге бөліп, әр бөлімді қалай атар едіңдер?
  • Менің ойымша 3 бөлімге бөлген дұрыс секілді.
  1. Ләйләнің еңбегі
  2. Қан майдан.
  3. Күш біріктіру.
  4. Үзіліс.

Ең қызығы

Құмырсқаның бәрі түгелдей соқыр. Оларда көз деген атымен болмайды. Есесіне қазандай басы бар. Бұл бастың ішінде 1 миллиграмм да ми жоқ.

 

(Интерактивті тақтадан сурет көрсетіледі.)

 

 

 

Сания: Менің есіме  әжемнің Ынтымақ жүрген жерде

Ырыс бірге жүреді деген сөздері түсіп отыр.

Шыңғыс: Мына суретке қарап отырып, байлық байлық емес, бірлік – байлық деп түйіндеу орынды деп ойлаймын.

Аңсаған: Шіркін, татулыққа не жетсін!

 

VІ. Шығармашылық тапсырма.

 

Табиғаттың қатал заңы : Күштілер әлсіздерді жеңеді (Ләйләнің сыпырғышпен өз құмырсқаларын қорғауы жайында айтқызу)

Бұл да табиғаттың заңы: Күш біріктірмесе әлсіздер дүниеден құрып кетер еді (кішкентай құмырсқалардың күш біріктіргені жөнінде айтқызу)

Олай болса, Ләйләнің әкесінің сөздеріне сай, ынтымақ туралы, күш біріктіру туралы оқыған мақал-мәтелімізді еске түсіріп көрейік.

  • Күш – бірлікте
  • Адассаң көппен адас
  • Аз да бітер, көп те бітер,

Татулыққа не жетер?

  • Ұйымдасқан ұтады.
  • Татулық – табылмас бақыт.
  • Ынтымақ түбі – береке.
  • Ырыс алды –ынтымақ.

 

VІІ. Рефлексия.

 

Өте жақсы, балалар. Ендеше адамдар арасында бірлік болса, олар ынтымақта, тату-тәтті өмір сүреді. Өзара сыйласып, ұйымшылдық көрсеткен кезде ғана бірлікке қол жеткізуге болады.

 

VІІІ. Үйге тапсырма.

Ләйләға мінездеме жазып келу.