Үшбұрыш жəне оның түрлері.

БҚО. Теректі ауданы

Х.Есенжанов атындығы ЖОББМ

Турсинова Жадыра Берковна

Сабақ № 14

Сабақтың тақырыбы: Үшбұрыш жəне оның түрлері.

Сабақтың  мақсаты:

Білімділігі: Үшбұрыштың түрлерімен танысу, үшбұрыштың анықтамасының тұжырымдамасын білу, қасиеттерін білу, үшбұрыштар туралы ұғымын кеңейте түсу.

Дамытушылық: Өздігінен ой қорта білуге, шығармашылықпен жұмыс жасау білуге, үшбұрыштардың қасиеттерін пайдаланып есеп шығара білуге дағдыландыру.

Тәрбиелік: Бір-бірін тыңдау, топпен жұмыстануғатәрбиелеу.

 Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Оқыту формасы: топтық жұмыс

Сабақтың берілу әдіс-тәсілі:  интерактивті әдіс

Сабақта қолданылатын көрнекті құралдар: интерактивті тақта

Сабақтың өту барысы:

  1. Оқушыларды ұйымдастыру . /3 мин/
  2. Өткенді қайталау . /4 мин/
  3. Миға шабуыл /1 мин/
  4. Жаңа тақырыпты түсіндіру. /15 мин/
  5. Есептер шығару /15 мин/
  6. Сабақты бекіту. /4 мин/
  7. Үйге тапсырма беру. Бағалау. /3 мин/

1.Оқушыларды ұйымдастыру . 

Оқытушы оқушыларды түгелдеп, сабаққа дайындығына назар аударылады.

Тренинг «Топқа бөлу».  Тең қабырғалы, тең бүйірлі, әр түрлі қабырғалы үшбұрыштарды таңдау арқылы «ал, балалар, барлық қабырғалары тең үшбұрыштар-«тең қабырғалы үшбұрыштар» тобына, екі қабырғасы тең үшбұрыштар- «тең бүйірлі үшбұрыштар» тобына, ал қабырғалары әр түрлі үшбұрыштар- «әртүрлі қабырғалы үшбұрыштар » тобына бөлініп отыра қойыңдар»-дегенде үш топқа бөлінеді.

  1. Өткенді қайталау.

 

 

 

  1. Миға шабуыл. Анаграмма «Үшбұрыштар»

      РҰТАШҮБШЫР

  1. Жаңа тақырыпты түсіндіру.
В

Үшбұрыш — бір түзу бойында жатпайтын үш нүктеден және оларды қосатын кесінділерден тұратын геометриялық фигура.

Осы үшбұрыш қабырғасына қарай 3 түрге бөлінеді:

  • Тең қабырғалы үшбұрыштар
  • Тең бүйірлі үшбұрыштар
С
А
  • Әртүрлі қабырғалы үшбұрыштар

 

 

Ал, бұрышына қарай :

  • Доғал үшбұрыш 90<α<180
  • сүйір үшбұрыш 0<α<90
  • Тікбұрышты үшбұрыш α=90              доғал                сүйір               тікбұрышты

Ал, енді балалар үш топ өз топ аттарына сай сол үшбұрыштың қасиеттері, анықтамасы,периметрі туралы плакатқа жазып, тақтаға шығып, постер қорғайды. Дайындалуға 6 минут, қорғауға әр топқа 3 минуттан.

 

5.Есептер шығару. Алғашқы үш есеп А деңгейінің есептері интерактивті тақтада берілгені жазулы тұрған есептерді жалғастырып шығару жолын, жауабын жазады.

 

 

 

Кітаппен жұмыс.

 

 

Есептің шешуін тапқан топ тақтаға есептің шығару жолын жаза береді. Өз тобының есебін шығарып болған топ келесі топтың есебін шығара береді.

№109

Бер:     АВС-тең бүйірлі

АВ=BC=6см;      АС=5см;

Т/к: Р=?

Шешуі: Р=2АВ+АС=2*6+5=17

Жауабы: 17 см

№110

Бер:     АВС-тең бүйірлі

АВ=BC=5см;      Р=12см;

Т/к: АС=?

Шешуі: Р=2АВ+АС;     АС=Р-2АВ;     АС=12-2*5=2

Жауабы: 2 см

№114

Бер:     АВС-тең бүйірлі

Р=15,6см; 1) АС=АВ-3=ВС-3;    2) АС=АВ+3=ВС+3;

Т/к: АВ,ВС,АС=?

Шешуі: Р=2АВ+АС;     1) АС+АС+3+АС+3=15,6;     АС=3,2;    АВ=ВС=3,2+3=6,2

2) АС+АС-3+АС-3=15,6;       АС=7,2;    АВ=ВС=7,2-3=4,2

Жауабы: 1)3,2см, 6,2см, 6,2см    2) 7,2см, 4,2 см, 4,2см

№115

Бер:     АВС-тең бүйірлі

АВ=BC=2см;      Р=7,5см;

Т/к: АС=?

Шешуі: Р=2АВ+АС;     АС=Р-2АВ;     АС=7,5-2*2=3,5;

Жауабы: 3,5 см

№ 121

Бер:     АВС-тең бүйірлі

АС=АВ/2=ВС/2;      Р=50см;

Т/к: АВ,ВС,АС=?

Шешуі: Р=2АВ+АС;     2АВ+АВ/2=50;          5АВ=100 ;   ВС=АВ=20; АС=АВ/2=10,

Жауабы: 20 см, 20см, 10 см                                               А

№ 122

Бер:     АВС-тең бүйірлі,  ВDC-тең қабырғалы

РАВС=40см;      РВDC=45см;                                           В             С

Т/к: АВ=?    ВС=?

D

Шешуі: Р=2АВ+АС;     АВ=(РАВС-ВС)/2;  ВС= РВDC/3=45/3=15;  АВ=(40-15)/2=12,5;

Жауабы: 12,5см; 15 см

 

6.Сабақты бекіту. 

І.Оқушылар интерактивті тақтаға шығып, семантикалық картадағы бос орынды толтырады.

 

ІІ. ВЕНН диаграммасын толтырады. Әр топ әр бағанды толтырады. Тең қабырғалы және тең бүйірлі үшбұрыштардың ұқсастықтары мен айырмашылықтарын жазады.

ІІІ. Сәйкестендіруді орында:

 

 

 

 

  1. Үйге тапсырма. Бағалау.

Үшбұрыштар тақырыбындағы ережелерді жаттау

  • №113 (І деңгей)
  • №126(ІІ деңгей)