Бастауыш сынып оқушыларының ана тілі сабақтарында шығармашылық қабілетін дамыту жолдары.

 

 

  Бастауыш сынып оқушыларының ана тілі сабақтарында шығармашылық қабілетін дамыту жолдары.

 

 

Мақсаты:  Оқушылар бойындағы шығармашылық қабілеттерін анықтай отырып,

бала бойындағы рухани  адамгершілік құндылықтар арқылы түрлі іс-әрекетін    қалыптастыру.Балалар бойындағы шығармашылық қабілеттің    белгілерін  анықтау жолдарын іздестіру, қиындықтар мен қарама-қайшылықтарды есепке алу.

 

Міндеті:

1.Оқушылардың бойында жасырын жатқан қабілеттерін шығармашылық жұмыстар арқылы жарыққа шығару;

2.Оқушы бойындағы дара ерекшеліктерді анықтау және жүйелеу.

3.Қазіргі заман талабына сәйкес жаңа технологиялар негізінде  оқушылардың шығармашылық деңгейін  көтеру.

 

Күтілетін нәтиже:

1 Ойы, қиялы,есте сақтау қабілеті дамиды.

  1. Шығармашылық қабілеті артады.
  2. Қоршаған ортаны танып біледі.
  3. Дүниетанымы, ой-өрісі кеңейеді.
  4. Рухани адамгершілік құндылықтарды бағалауға үйренеді.
  5. Өз ой-пікірін ашық, еркін айта білуге төселеді.

 

Қазіргі заман талабы-ғылым мен техниканың деңгейін әрбір оқушыға саналы да терең білімнің берілуін талап етеді.Сондықтан да мектептегі оқу үрдісінің негізгі мақсаты-әртүрлі педагогикалық  әдіс-тәсілдермен жүйелі түрде оқушылардың шығармашылық ойларын дамытып, ғылыми көзқарасы мен белсенділігін  қалыптастыру болып саналады. Ертеңіне лайық ұрпақ тәрбиелемеген елдің келешегі жоқ десек, сол ұрпақты тәрбиелеудегі ұстаз еңбегі ұлы еңбек. «Ұстазын сыйламаған елдің ұрпағы азады»-дейді халық  даналығы. Бастауыш сынып оқушысы тұлғасы мен санасының дамуы қатар жүретін, ерекше құнды, қайталанбас кезең. Сондықтан  бастауыш білім — үздіксіз білім берудегі алғашқы басқышы қиын да жауапты кезең.

Мектеп табалдырығын алғаш аттаған  бала  ешқандай жазу түспеген ақ парақ тәрізді. Ол кіршіксіз ақ параққа жазуды қалай түсіру сол баланың алғашқы

ұстазына байланысты. Себебі  айнала қоршаған ортаны, дүниені әлі танып білмеген балаға айнала қоршаған орта туралы түсінік беріп, оқу, жазуға үйретіп, айналаға зер сала қарап, мәнін түсінуге баулитын білім, ұғымдар мектеп өмірінің алғашқы

 

 

 

сатысында қалыптасады. Осы сәттен бастап оқушы мен ұстаз арасында  белгілі бір қарым-қатынас арқылы  бірлескен жүйелі жұмыс жолға қойылады. Осындай нәтижеге бағытталған жүйелі  жұмысты жүргізуде әрбір ұстаз балаға бала көзбен қарай алатын, баламен балаша тіл табыса алатын, терең білімді, жаңалыққа жаны құмар, ізденуден жалықпайтын, еңбексүйгіш болуы қажет.Ұстаз еңбегі-оқушы білімімен өлшенеді десек, ұстаз еңбегінің күрделілігі әрбір оқушы жүрегіне жол таба білуінде. Алдына келген әрбір баланың бойындағы қабілетті дамыту арқылы өзін, өмірді, әлемді танып білуге, қоғам алдындағы  жауапкершілік қасиеттерін сезіндіре білуінде жатыр. Бала мектеп табалдырығын алғаш аттап , жаңа өмірге бейімделе бастағаннан бастап баланы шығармашылық бағытта жан-жақты дамыту –бүгінгі күннің  басты талабы. Шығармашылық — бүкіл тіршіліктің көзі. Адам баласының сөйлей бастаған кезінен бастап, бүгінгі күнге дейін жеткен жетістіктері шығармашылықтың нәтижесі.

Шығармашылық дегеніміз-адамның өмір шындығына, өзін-өзі тануға ұмтылуы, ізденуі. Шығармашылықтың негізгі сипаты жаңалық ашуға, жаңа тәсілдер табуға  ұмтылу деп айтуға толық негіз бар. Шығармашылық әрекетке оқушының мәселені көре білуі, өз іс-әрекетінің бағдарламасын жасай білуі және ойды іске асыру үшін жаңа идеялар алуы жатады. Жалпы шығармашылық туынды өмірге келгенге дейін ұстаз оқушының өнеге тұтар ақылшысы, пікірлес досы, бапкері болуы тиіс.Баланың шығармашылы, жетістігі әруақытта ұстаз, сынып ұжымы, ата-аналар тарапынан қолдау тауып отыруы тиіс.Сондықтан баланы шығармашылыққа баулуда  ұстаз бойында мына қасиеттер болуы керек.

  • Мұғалім өз шәкіртінің басқаға ұқсамайтын қасиеттерін аша білуі керек;
  • Мұғалім , ой-өрісі кең, жан-жақты білімдар, өз мамандығының шебері болуы керек;
  • Мұғалім өз білімін өз бетінше үздіксіз шыңдай түсуі қажет;
  • Мұғалім оқушының кішкене жетістігін байқап, аңғарымпаз болуы қажет;
  • Мұғалім оқушының жетістігіне бірге қуанып, мадақтап қолдап отыруы қажет;
  • Мұғалім күнделікті сабағын жаңа технология әдіс-тәсілдерін тиімді пайдаланып, шығармашылықпен өткізуі қажет;

Ал ұстаз шәкірттерінен мына төмендегідей қасиеттерді күтеді.

  • Оқушы ой-жүйесі өзінің біліміне берік болуы тиіс;
  • Оқушыда сабаққа деген құлшыныс тұрақты болуы керек;
  • Оқушы білімі,талғамы барлық пәнге дұрыс көзқараста болғаны жөн;
  • Оқушы білімінің тереңдігі пәнаралық байланыста болғаны жөн;
  • Оқушы өз пікірін жеткізуде ойын жинақтап жүйелі түрде айтуы тиіс;

Оқушылардың шығармашылық іс-әрекеттерін, ұлттық мәдениет пен рухани құндылықтарын дамыту негізінен ана тілі арқылы жүзеге асады. Бастауыш

мектептердегі оқытудың мазмұнында ерекше орын алатын пән –ана тілі. Ана тілі бастауыш сыныптарда оқытылатын барлық пәндермен  өзара тығыз байланысты. Ана тілі арқылы оқушының рухани дүниесі байиды.  Балаға ана тілі арқылы  тек

 

 

 

білім беріп қана қоймай, өмірдің ең қымбаттысы, ең асылы-жақсылық пен ізгіліктің ұрығын себеді. Ана тілі пәнінің маңызы туралы Ж. Аймауытов былай дейді: «Оқытатын пәндердің  бәріне бірдей керекті, бәрін қаусырып орап алатын пән ана тілі екені даусыз. Ана тілін жақсы меңгеріп алмай, өзге пәндерді түсіну мүмкін емес. Ана тілін үйрену -сөздерді жаттау, олардың жүйесін, өзгеру заңдарын білу ғана емес, тіл үйренумен қатар, бала тілдің сансыз көп ұғымдарын, ойларын, сезімдерін, сұлу үлгілерін ойлау жүйесін, ой пәлсапасын да меңгереді».

Біздің міндетіміз-оқушыға оның бойында көзге көрінбей тұрған мүмкіншіліктерін ашу, ана тілін оқыту арқылы шығармашылық іс-әрекетті қалыптастыру, өмірде өзін-өзі тануға жетелеу. Осы міндеттерді орындауда мұғалімге бірден-бір керегі-дұрыс, тиімді өдіс-тәсілдерді  пайдаланып, ана тілін оқыту әдістемесін барынша терең меңгеру. Мұғалім сабақты ұйымдастырудың заманауи технологияларын ұтымды түрде қолданған жағдайда, тиімді әдіс-тәсілдерді дұрыс ұйымдастырған жағдайда ғана өз шәкірттерінің ойын шыңдап, белгілі бір жетістіктерге жетері сөзсіз. Бастауыш буында шығармашылықтың алғашқы сатысын іс-әрекет және ойын арқылы бастаған дұрыс. Себебі: ойын баланың дамуындағы  ең күшті әсер

ететін негізгі фактор. Бала ойын ойнауға қызығу арқылы оның ойлау өрісі және қиялдауымен шығармашылық ойлауы тәрбиеленіп, қалыптасып дамиды. Балаларды шығармашылыққа баулуда бірінші сыныпқа  қабылданған балаға әлі кішкентай деп қарамай жас ерекшелігіне сәйкес шығармашылыққа баулу керек

Бір нәрсені жасауға,тудыруға деген талпыныс, қабілеттілік бала бойында  мектеп жасына дейін де көрінеді. Мектепке  келген бала бойында бар сол қабілеттерді

шыңдап жетілдіру мұғалім шеберлігіне байланысты. Бұл кезде шығармашылық қабілетті дамыту ойын әрекетінде жүзеге асады.1-сыныпта балалардың зейіні тұрақсыз, сәл нәрсеге алаңдағыш,тынымсыз болады. Сабақ соңына дейін тыныш отырып, мұғалімнің айтқанын  тыңдап, берілген тапсырманы орындау олар үшін үлкен де қиын жұмыс. Сондықтан бастауыш сынып мұғалімі шыдамдылықпен бала  жүрегіне жол тауып, әрбір сабағын түрлі ойынмен, ойын арқылы орындалатын шығармашылық тапсырмаларды орындатумен  өткізе білуі керек. Әрбір сабақта  оқушының шығармашылық ролін арттырып, еркіндігін қамтамасыз ету арқылы даралық және шығармашылық қабілеттерін, бейімділіктерін  ашып, дамыту қажет. Шығармашылық қабілет әр баланың табиғатында болуы мүмкін. Біздің міндетіміз сол оқушы бойындағы  қабілеттің шығуына мүмкіндік жасау. Ол үшін мұғалім  ана тілі пәнінен өтілетін әрбір тақырыптың өн бойынан  шығармашылық тапсырмаға лайықты жағдайларды іздеп табуы керек. Сабақ барысында кездесетін кейбір

практикалық тапсырмаларды да шығармашылық арнаға бұрып өзгертуге болады.Бастауыш сынып оқушыларының қиялы әдеттегіден тыс, ерекше. Олар естіген әңгімелер, ертегі желісі мен өзі де оларды құрастыра алады.Оқушыларды шығармашылық жұмысқа баулып,олардың белсенділіктерін, қызығушылығын

 

 

 

 

арттыра түсу үшін шығармашылық қабілеттерін сабақта  дамытуда әртүрлі әдіс-тәсілдерді қолдануға болады. Олар мыналар:

  • Мәтін, әңгіме, ертегіні өз беттерінше аяқтау;
  • Ақын, жазушылардың дайын мәтіндерін басқаша өз ойларымен аяқтау;
  • Белгілі мақал негізінде әңгіме жазу;
  • Мәтін бойынша мақал құрастыру;
  • Кейіпкерлерге мінездеме беру;
  • Өлең құрастыру;
  • Әңгімелерді бөліктерге бөліп, ат қою;
  • Логикалық ойлауын дамытатын ойындармен берілген тапсырмаларды тексеру(анаграмма, сөзжұмбақ, ребус, құрастырмалы ойындар)
  • Шығарма бойынша сурет салғызу, ауызша суреттеу, қиялдау арқылы суреттеу
  • Эссе жазу;
  • Ролге бөліп оқу, сахналау;
  • Салыстыра отырып,сипаттау;

Осындай жұмыстарды үнемі жүргізу бала бойындағы қабілет көзін ашып,тілін байытуға, қиялын  ұштауға, өз бетінше ізденуге зор әсерін тигізеді.

Баланы шығармашылықпен жұмыс жасай білуі үшін алдымен ойын дамытып, әрбір жұмыс барысында ойлана білуге жетелеу керек. Онда балаларға ойлануға жетелейтін мынадай тапсырмаларды жиі орындату өз нәтижесін береді.

Мен өз тәжірибемде  оқушыларымды шығармашылыққа баулуда төмендегіше жұмыстар жүргіздім. Мысалы: 1 сыныпта балаларды ойлануға жетелейтін мынадай жұмыстар жүргіздім.

1-тапсырма.Тізбектердің  суретін заңдылығына сәйкес аяқтап сал.
2-тапсырма.  Әр қатардағы жетпей тұрған пішінді сал.

 

 

3-тапсырма.Екі үйді мұқият қара. Өзара 10 айырмашылығын тап.

 

 

4-тапсырма.Әріптерден сөз құрау

А                   Т          С     Ы        Р                   ат,тас, ас, сыр, оқы, ана, ауа   т.б сөздер

Ш         Қ           А             Н                         құрап жазады.

О      П                У        Е     К        Л

 

 

 

 

5-тапсырма. Заңдылығын тауып , қатарды жалғастыр.

 

6-тапсырма. Суреттер арқылы сөз жасау.

7-тапсырма. Ойлан не жөнінде айтылған?

  1. Өзі дөңгелек, жасыл, ала, үлкен әрі дәмдІ ________ .

2.Бұдыр-бұдыр, кіртілдек, ұзын, жасыл  ________ .

3.Ұзын құлақ, сұр, қорқақ      _______ .

4.Азулы, сұр, ашқарақ     ________ .

8-тапсырма. Заңдылығына сәйкес сқздің сыңарын тап.

1.Дәрігер-аурухана,  мұғалім-____________________ .

2.Кеш-кешкі ас, таң- ____________________________ .

  1. Құс-аспан, балық-____________________________ .
  2. Күз-жаңбыр,қыс-____________________________ .

5.Күндіз-күн, түнде-____________________________ .

 

 

 

 

 

Бұл жұмыстарды әр сабақта уақыт тауып орындатуда баланың ойлау қабілеті дамуымен қатар қиялы дамып,аңғарымпаздық қабілеті шыңдалады.Сонымен бірге бала қаламды дұрыс ұстап, түсті ажыратып, суретті тегіс бояуға үйренеді.

Әр сабақтағы жұмыстың  жақсы нәтижеге жетуі бала мен мұғалімнің көңіл-күйіне байланысты. Сондықтан балалармен жұмыс жасауды баланың көңіл-күйіне жағымды ықпал арқылы бастау керек. Сонда ғана іс нәтижелі болмақ.

Бала сыныптан-сыныпқа көшкен сайын дене дамуы жағынан да ой қиялы жағынан да өсіп ілгерілеп отырады. Баланың жас ерекшелігіне орай тапсырма түрлерін де күрделендіріп отырдым. Мысалы 4- сыныпта ана тілінен Шыбын мен көбелек тақырыбын  өткенде балаларға  мынадай тапсырма бердім.

-Әңгіменің соңғы жолдарын оқып, қандай қорытынды пікір айтар едіңдер?

Осы сұрақ төңірегінде балалар өз ойларын былайша бідірді.

Айжан Қорғауова: Шыбынның ісінде ешқандай береке жоқ. Ол тек адамдардың ызыңдап мазасын алып, қонған жерін ластап бүлдіреді. Адамның денсаулығына да зиянын тигізеді. Сондықтан шыбынды ешқайсымыз да жақсы көрмейміз.-деп өз пікірін еркін білдірді.

3-сыныпта  М. Шахановтың Достық өлкесінің заңы өлеңін өтькенде балаларға мынадай сұрақ қойдым.

— Сол баланың орнында өзің болсаң қайтер едің?

-Достық шынайы болса ол ең ұлы сезім. Мен де шын, адал досым үшін бәріне де көнер едім. Алданышова Нұрлы

Сонда байқағаным балаға барынша түрлендіре тапсырмалар берсең, олар бәрін өз әлдерінше жоғары деңгейде қызығушылықпен орындайды.

Бастауыш сыныпта жүргізіле бермейтін шығармашылыққа үйрету жұмысының бірі — өлең жазуға баулу. Бұл жұмысты бірінші сыныптан бастауға болады. Ол үшін алдымен оқушыларға ұйқас сөзінің мәнін түсіндіріп, өлеңдердегі ұйқастарды табуға беріледі. Содан кейін ғана алдымен жеке дыбыстар, сосын буындар, одан кейін берілген жол арқылы ұйқас жасау үйретіледі. Мысалы:

1) — а, а,а                                                   2)    — е- е-  е,

Шашыңды дұрыстап тара                           Барамыз мектепке.

3) — да- да-  да,                     4)    — ға- ға- ға,

Қызықты оқуда.                    Ұшып кетті қарға.

Осы тәртіппен үйретіле бастаған бұл жұмыс кейіннен күрделене түсті.  Енді мұғалім болашақ өлеңнің бірінші жолын тақтаға жазып қояды. Мысалы: «Біз көңілді баламыз», қалған екінші, үшінші, төртінші жолдары ұйқастарды ескере отырып, балалар айтқан ұсыныстардан ең лайықтысын таңдау арқылы құралады. Осылай өлең шумағы дүниеге келеді.Әрине, жұмыс нәтижелі болуы үшін мұндай әдісті тұрақты түрде және жиі қолданып отыруы керек. Оқушылар өз өлеңдерін

белгілі бір тақырыптар  бойынша кішкене кітапша түрінде шығарып отыруға болады.

 

 

 

 

 

 

Сынып жоғарылаған сайын әртүрлі тақырыптарға, олардың ішінде қиял-ғажайыптары да бар, әңгімелер жазуды тапсыратын болдық. Мысалы мынадай тақырыптар:  «Бұл өте қызықты»,  «Ең қымбат нәрсе»,  «Мен қалай құмырсқа

болдым»,   «Қасық болған күнім»,  солай-ақ өзіңді бір сәт үй мүлкінің бірімін деп есептейді.Балалардың қызығушылығын, шығармашылығын оятқанын көрсету үшін олардың жұмыстарынан мысалдар келтірейік.

Сағиданова Гүлзина. Мен кіп-кішкене қызыл құмырсқаға айналдым. Жайымен жүріп келемін. Өз үйімнің есігінің алдында тұрмын. Мені ешкім байқамады. Тіпті мамам да маған қарамайды.Аяғымен таптап басып кететін сияқты. Мен қабырғаға тақала түстім. Бойымды үрей биледі.Әрі қарай жүруге қорқып, қабырғаның жарығына тығылдым. Бұл жер қауіпсіз екен.Енді қорықпай демалуға болады. Мен алаңсыз тәтті ұйқыға кеттім.

Осы тапсырмалар нәтижесінде байқағаным балаға барынша түрлендіре тапсырмалар берсең, олар бәрін өз әлдерінше жоғары деңгейде қызығушылықпен орындауға ұмтылады.Өз ой-пікірлерін қысылмай, еркін жеткізеді.Мұндай сәттерде

үздік оқушылармен таласа үлгірімі нашар деген оқушыларда өз ой-пікірлерін айтуға ұмтылады. Осындай кезде сабаққа көп араласа бермейтін оқушыларды сөйлетіп, олардың пікірін тыңдап қолдау көрсетіп отырдым.Ондай оқушылар бірте-бірте өз ойларын айтуға қысылмайтын болды.Қазіргі таңдағы жаңа технологияларды пайдаланып өткізілетін шығармашылық сабақтардың дәстүрлі сабақтардан ерекшеліктері мынадай:

 

       Дәстүрлі сабақ    Шығармашылық сабақ
       Сабақ мақсаты .

А) мұғалім үшін жаңа материалдар беру

Ә)оқушы үшін  жаңа білімді меңгеру

       Сабақ мақсаты

А) мұғалім үшін  оқушылардың  жаңа нәтижеге бағытталған іс-әрекетін ұйымдастыру.

Ә) оқушы үшін шығармашылық өнім ойлап табу.

   Сабақ іс-әрекет түрі.

А) мүғалім үшін жағңа тақырыпты түсіндір

Ә) оқушы үшін жаңа материялды тыңдау, есте сақтау.

   Сабақ іс-әрекет түрі.

А) мұғалім үшін оқушы шығармашылық іс-әрекетін ұйымдастыру.

Ә) оқушы үшін жаңа нысанды зерттеу, құбылысты талдау.

  Сабақ құрылымы жоспар бойынша өтілуге міндетті. Сабақ құрылымы  жағдайға байланысты

Жоспардан ауытқиды, өзгереді.

Бақылау тақырыпты оқушылардың пысықтауы. Бақылау тақырыптары бойынша

оқушылардың шығармашылық жұмыстардың нәтижесін ұсынуы және қорғауы.

Сабақ тақырыбы көзқарас- кітапта. Сабақ тақырыбы көзқарас- мәселе.

 

 

 

 

 

Жаңа буын Ана тілі оқулықтарындағы (авторлары Рахметова С, Қабатай Б, Ібдікәрімова Т, Жаманқұл П) көркем шығармалардың оқушы шығармашылығын арттыруда мүмкіндігі мол.Ана тілі сабақтары- оқушылардың эстетикалық қызығушылықтары мен қажеттіліктерін дамытудың қайнар көзі.

Эстетикалық қызығу-адамға қажетті эстетикалық құндылықтар мен құбылыстарды танып-білу мақсатымен өз қалауы бойынша  өмірде, өз болмысында жасалатын  нысаналы іс-

әрекет. Эстетикалық ләззаттанған оқушының шығармашылық іс-әрекетте ақыл-ойы толысады. Оны баланың  өзінің танымдық іс-әрекетін туындаған мәселеге орай ұйымдастыра алу қабілетінен көреміз.

Оқушының танымдық шығармашылық  іс-әрекетінің табысты өтуі мұғалімге, оның ізденіс әдістерін дұрыс таңдап алуына байланысты.Шығармашылық жұмыстарды ұйымдастыруда , іріктеуде қойылатын әдістемелік талаптарды үнемі есте ұстаған жөн .

Әдістемелік талаптар.

  1. Шығармашылық тапсырмалар мазмұнының пән бағдарламасында белгіленген оқу материялынан асып кетпеуі керек.
  2. Шығармашылық тапсырмаларды орындау үшін пән бағдарламасында көрсетілмеген ұғымдар мен заңдылықтардың қажет болмауы шарт.
  3. Шығармашылық тапсырмалар мазмқны танымдық сипатта, яғни оқушының ой-өрісін,қиялын дамытатындай ,соған байланысты іс-әрекеттің түрлі амалдарын қолдана алатындай білік қалыптастыруды көздеуі қажет.
  4. Шығармашылық тапсырмаларды құрастыруда оқушының дара ерекшелігін, әдебиетке құштарлығын есепке алу қажет.
  5. Шығармашылық жұмыстарды орындау нәтижесі оөушының ана тілі пәнінен  алатын білімін тереңдетугше ,пәнге деген қызығушылығын арттыруға бағытталуы тиіс.

Сабақта шығармашылық жұмыстарды үнемі жүйелілікпен пайдалану оқушыларды шығармашылыққа баулуда  шәкірт бойындағы қабілет көзін ашып, сөйлеу тілін байытуға,қиялын ұштауға , өз бетінше ізденуге зор әсерін тигізеді.  Шығармашылық жұмыстар оқушыларды ойлауға жетелеп, қызығушылығын оятып, шығармашылық қабілетін арттыруға деген белсенділікке ынталандырады. Шығармашылық жұмыс барысында оқушының бұрыннан білетініне жаңа мәліметтер қосылып,тәжірибесін практикада қолдану білігі қалыптасады.

Қазіргі уақытта білімді, қабілетті ,іскер, әдепті, мейірімді мұғалім ғана оқушысына жақсы қасиеттерді сіңіре отырып, сапалы білім бере алады.

Ол үшіноқыту мен білім берудегі жаңалықтарды жылдам қабылдап, оларды тәжірибеде қолдануда үлкен белсенділік таныту әрбір мұғалімнің міндеті.

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер:

 

  1. Ана тілін оқыту әдістемесі.С.Рахметова. Т.Әбдікәрімова.Р.Базарбекова.
  2. Бастауыш мектеп 2001жыл №8.2004ж. №11.
  3. Бастауыш сынып мұғалімдерінің біріккен әдістемелік жұмыс желісі.

Б.Ә.Құдайбергенова.

  1. Бастауыш мектеп 2006 жыл № 1,5. 2008 ж. № 2
  2. Бастауыш сыныпта оқыту әдістемесі. 2012ж.№ 3

6.Логика. Т.С.Идилова.