Аңыз әңгімелер

Сабақтың тақырыбы:        Аңыз әңгімелер 

Сабақтың мақсаты:

                                    а) Аңыз әңгімелер туралы түсініктерін кеңейте отырып,оқушылардың ойлау шеберлігін сөйлеу мәдениетін арттыру;

ә) Оқушылардың   бойына әдептілік,инабаттылық, қарапайымдылық қасиеттерін қалыптастыру;

б) Сабақ барысында оқушылардың білімін бақылау арқылы мәнерлеп оқуға үйрету;

Сабақтың түрі:      аралас  сабақ

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру,  мәнерлеп оқу        т.б

Сабақтың көрнекілігі:,    «Шешендік сөздер» кітабы т.б

Пәнаралық байланыс:          тарих

Сабақтың барысы:

                                          а) Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен амандасу,түгелдеу, оқу құралдарын тексеру, сыныптың тазалығына көңіл бөлу.  Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ә) Үй тапсырмасын пысықтау:

Үйге берілген тапсырманы  сұраймын.  Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын.

                                           б) Жаңа сабақты түсіндіру:

Ауыз әдебиетінің бір алуан саласы – аңыз. Аңыз белгілі  бір адамның атына,іс-әрекетіне байланысты туады.

Кейде аңыз әңгімеде шындық оқиға  мен қиял-ғажайып оқиға аралас келіп отырады.  Аңыз әңгіме көбінесе тарихта болған адамның басына құрылады. Ол адам не батыр,не ел басшысы немесе әділ би,ақыл-парасатымен  ел құрметіне бөленген беделді адам болуы мүмкін. Бірақ ол адамдардың  айтқан сөздері мен істеген іс-әрекеттеріне   байланысты айтылған әуелгі шындыққа қоспалар қосылып,сол істепті –міс. Сол айтыпты-мыс дегенәртүрлі лақап біртіндеп аңызға айналады.Оны әңгіме,жыр етіп, біреуден-біреу жаттап алып, кейінгі ұрпаққа жеткізіп отырған.

Қазақ аңыздарындағы Асан қайғы, Жиренше, Қорқыт, Жошы хан  сияқты кейіпкерлер-бәрі де тарихта болған,ел басқарған адамдар,бірақ кейін олардың әрекеттері,сөздері біреуден біреуге  ауызша айтыла-айтыла аңыз болып кеткен. Бұлармен бірге Қожанасыр, Алдаркөсе сияқты қарапайым,  жай адамдар туралы да аңыздар көп.

Шығармашылық жұмыс: Өздері білетін аңыз әңгімелер туралы айтып, ондағы аңыздың бізге берер қандай қасиеттері бар екендігін айтады.

Топпен жұмыс:      Өздері    туған жерлеріңе байланысты қандай аңыздарды  білетіндігі туралы айтады.

Білімді бекіту:

Өтілген тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын. Түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.

1.Аңыз әңгімелер дегеніміз не?

2.Қандай аңыздарды білесіңдер?

3.Аңыздар өмірде болған уақиғаларға құрыла ма?

Білімді бағалау:

Оқушылырдың жауаптарына ,сабаққа белсене қатысып отырғандарына қарай білімдері бағаланады.

Үйге тапсырма:     Аңыз әңгімелер оқып келу.