Жырдағы Қартқожа, Ақжүніс бейнелері

   Сабақтың  тақырыбы :          Жырдағы Қартқожа, Ақжүніс бейнелері

Сабақтың мақсаты : а)   батырлар жыры туралы түсінігін кеңейту,оқушыларға ойландыратын сауал бере отырып,пікірін тыңдау;

ә) білімдік танымын,шығармашылық қабілетін,тілдік қорын,ізденістерін арттыру;

б) еңбексүйгіштікке,ұқыптылыққа тәрбиелеу;

Сабақтың түрі:      жаңа сабақ

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап,баяндау т.б

Сабақтың көрнекілігі: «Батырлар жыры» кітабы,   дидактикалық материалдар  т.б

Пәнаралық байланыс:          тарих

Сабақтың барысы:

                                          а) Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен амандасу,түгелдеу, оқу құралдарын тексеру, сыныптың тазалығына көңіл бөлу.  Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

                                           ә) Үй тапсырмасын пысықтау:

Үйге берілген тапсырманы  сұраймын.  Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын.

                                б)  Жаңа сабақты түсіндіру.

«Ақжүністей аруым!» Эпостық жырлардағы әйелдер образының ішінде шебер мүсінделген образдардың бірі — Ақжүніс образы. Ол жырда өзіндік ерекше мінезімен, кескін-келбетімен көрінген. Ақжүніс бойындағы қадір-қасиет жырдың өн бойында нанымды да шынайы өрнектелген.

Жыршы эпоста Ақжүніс бейнесін әр қырынан ашқан. Ақын оның сыртқы көрік-пішінін, көз тартар сұлу сымбатын тамаша сипаттаған. Ақжүністің жан лүпілдетер, адамды еріксіз өзіне тартар, әркімді ынтызар етер осы әсем пішінімен жыршы қалай бейнелеген, соған қандай өрнек тапқан? Жыршы Ақжүністің бет ажарын, тән сұлулығын: «Қара жерге қар тамар, қарды көр де, етім көр, қар үстіне қан тамар, қанды көр де, бетім көр»— деп шендестіру тәсілі арқылы біздің көз алдымызға елестетеді. Оның жіпке тартқандай қиылған қас сұлулығын бірден туралап қаламқас деп айтпай «Қиюлы жатқан қалам бар, қаламды көр де қасым көр»—деп бейнелейді, қалам мен қас екеуін шендестіріп, өрнек жасайды. Сол сияқты Ақжүністің бас бітімінің сұлулығын: «Зергер болсаң қасында, алтыннан соққан түйме бар, түймені көр де басым көр»—деп өрнектейді.

Ақжүніс жырда өзінің көз сүріндірер сұлулығымен ғана емес, ақыл-парасатымен де, қайрат-жігерімен де көрінген.

«Ай, Қартқожақ, Қартқожақ». Жырдағы Қартқожақ бейнесі де шынайы сомдалған. Ол — тек батыр ғана емес, үлкен парасат иесі жан. Көпті көрген, талай өмірді басынан кешірген, ерлік-батырлығымен елге танылған жан. Қартқожақ бес жасында-ақ «жас шыбықтан жай» тартып, «жалғыз шиден оқ» атып машықтанған, «жиырма бес жасында, қарт бурадай қомданып, қас батырдай шамданып» ерге тән мінез байқатқан, ал отыз бесінде «қоңыраулы найза қолға алып, «жеңсіз берен» киініп, «көк серек атты борбайлап», «қамалды бұзған айқайлап», ал қырқында «мың кісіге бір өзі» шошынбай барған батыр болған. Ол осы батырлығымен қоса елу беске келгенде «топқа барып бой түзеп», «дауға барған тіл безеп» билік айтқан парасат иесі адам болған.

Қартқожақ — ер. Оның бойына жыршы-ақын шынайы батырға тән мінез-қасиет дарытқан. Ерді ер таниды. Кішілік жасап, Қартқожақты жауым демей, Тарғынның иіліп берген сәлемін «жақсы құптап алады». Тарғынның бұл мінезі батырға ұнаған болса керек. Батыр Ер Тарғынның қас батырға тән ерлігін бірден танып, іштей сүйсінген. «Қайнаған қара бұлттай, қайнап біткен болаттай» шүйіле келген мұнан именбей, «атсаң ат» деп қарсы қарап қасқая тұрып алған, жасы үлкен ағасы деп кезегін берген Тарғынның «айнымай туған ер» екенін байқайды. Тарғынның осы мінезіне риза Қартқожақ оны өлімге қимайды: «мен алпыс беске келген, сақалым қуарған қарт шалмын, бұл ғой, жас болса да қасындағы Ақжүністей сұлуды қиып әм өзінің жанын қиып, маған қарсы тұрды. Бұл аса батыр екен. Мұның өзін де атпайын, атын да атпайын, тек мұның қорамсақтағы жүз алпыс кез оғын атып уатайын. Сонымен оны аяп атпағанымды білдірейін, сонан соң бұл ақылы болса, ойлай білер де, қызды маған тастар да жүре берер» — деп, бір жалғыз доғал оқпен салып қалғанда, Тарғынның қорамсақтағы жүз алпыс кез оғын күлпарша қылып уатып кетті. Бұл сияқты қылық тек шынайы ердің ғана қолынан келеді

Шығармашылық жұмыс: Ақжүніс пен Қартқожаққа мінездеме жазады.

Білімді бекіту :   Өтілген тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын. Түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.

Бағалау :  Сабаққа қатысып отырғандарына қарай білімдері бағаланады.

Үйге тапсырма :   Жырды құрылысына қарай талдап келу