«Менің алғашқы ұстазым»

«Менің алғашқы ұстазым»

«Ұстаз» деген сөзді алғаш рет мектепте үйрендім. Менің ұстазым өте мейірімді адам.Мен өз ұстазыммен мектеп табалдырығын аттаған кезімде таныстым.Ұстазым маған білім,тәрбие үйретеді.Менің ұстазымның аты Бибигүл Насиболлақызы.Біз оны құрметтейміз,сыйлаймыз.Мен өз ұстазымды жақсы көремін.Маған ұстазым бір көргеннен ұнады.

Ұстаз баланың екінші анасы болып саналады.Ұстаз болмаса,өмірдің мәні жоқ,яғни білімді бізге кім береді?

Мектеп жоқ болса ,ұстаз жоқ болса біз ешқандай білім үйрене алмас едік.Өмірдің қызығы білімнен басталады.Білім болмаса біз не істер едік?Мектептің сәні де,мәні де ұстазда.Әр баланың сүйікті ұстазы болады.

Ұстаз бізге:ең алғаш партаға отырудан бастап,әліппе оқулығын қолымызға ұстатып,әріп тани білуді үйретеді.Сонымен қатар ән айтуды,дүниені танып білуді,ауыз әдебиетімен танысуды үйретеді.Ұстаз –адам баласына тәлім тәрбие беретін парасатты,ақылды,даналы және білімді адам.Мен өз мектебімнің ұстаздарынан үйренетін нәрселерім көп деп есептеймін.

Мен өз ұстазым Бибигүл Насиболлақызын алдағы келе жатырған ұстаздар күнімен құттықтай отырып,еңбегіне шығармашылық табыс ,зор денсаулық ,қажымас қайрат,ақ жол тілеймін.

Батыс Қазақстан облысы

Казталов ауданы

Казталовка ауылы

А.Оразбаева ат.ОЖББМ

3 «а» сынып оқушысы   Есентаева Алуа