Шортанбай Қанайұлы

 

Сабақтың  тақырыбы :          Шортанбай Қанайұлы

Сабақтың мақсаты :  а)    Шортанбай Қанайұлының  шығармаларынан  мәлімет бере отырып, білімдерін жүйелеу,жинақтау және шығармашылық жұмыстар арқылы ақынды  жан-жақты таныту;

ә) оқушыларды адамгершілікке,имандылыққа,асыл қасиеттерге тәрбиелеу;

б) мәнерлі сөйлеуге дағдыландыру, ой-өрісін,ойлау қабілетін,шығармашылық ізденісін дамыту;

Сабақтың түрі :                                 аралас  сабақ

Сабақтың әдісі :                               сұрақ-жауап, түсіндіру, дамыта оқыту

Сабақтың көрнекілігі :                    кітаптар, тірек сызбалар т.б

Пәнаралық байланыс :                    тарих

Сабақтың барысы : 

                                    а)  Ұйымдастыру кезеңі :

Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ә)  Үй тапсырмасын пысықтау :

Үйге берілген тапсырманы сұраймын . Оқушыларға өткен тапсырма бойынша бірнеше сұрақтар қоямын.

                                б)  Жаңа сабақты түсіндіру.

Ресейдің ел билеу жүйесін кезінде қатты сынаған ақынның бірі — Шортанбай Қанайұлы.

Ол 1818 жылы осы күнгі Оңтүстік Қазақстан облысы, Түркістан ауданындағы Қаратау-Қарназ деген жерде дүниеге келген. XIX ғ. орта шенінде Шортанбай Сарыарқаға келіп, Қарқаралы дуанына қарасты Арғын руынан тараған Қаракесек Кеней ішінде өмірінің соңғы жылдарын өткізді. Бастапқы кезде ол Жамантай төренің, кейін Жанғұтты бидің қолында болып, сол жерде қайтыс болды. 19 ғ. екінші жартысында феодализм іргесі ыдырай бастады. 1861 жылғы Ресейде болған крепостнойлық құқықты жою туралы заңның лебі Сарыарқаға да жеткен болатын. Міне, осы кезеңді жіті байқап, ой-түйгендерін ақын өзінің өлеңдері арқылы керсетті. 1868 жылы «Жаңа низам» заңы шықты. Енді қазақ елін билеу жүйесінде өзгерістер болды. Бұрынғы хан, төрелердің үстемдігі әлсіреп, қазақтың өз ішінен шыққан саудагер, байлар қатарға қосылып өз өктемдіктерін жүргізе бастады. Бұл кезде Сарыарқаны сауда-саттық жайлады, мал-мүлік базарға түсті, жәрмеңкелер жандана түсті, базар нарқын ақша биледі. Демек, капитализмнің элементі қазақ жеріне де ене бастағанын көреміз. Осы кезде байи бастаған саудагер, байлар ел билеу ісіне белсене араласуға тырысты. Кешегі феодалдық дәуірдің дәмін татқан Шортанбайлар күні өтіп бара жатқан хандық дәуірді аңсап,    жаңа    ене    бастаған    капиталистік    қарым-қатынасты жатсынады. Ол өзінің «Бір насихат айтайын» деген өлеңінде:

Әуелі қорлар зор болды,

Сондағы зорлар қор болды.

Қайыры жоқ бай шықты,

Сауып ішер сүті жоқ,

Мініп көрер күші жоқ,

Ақша деген мал шықты — деп қазақ аулының тұрмысына жаңа ене бастаған сауда-саттық қатынасына шошына, үрке қарады. Бүкіл  жұрттың  саудаға  араласып  жанталасқа  түскенін  көріп қамығады.

      Кітаппен жұмыс:          Шортанбай Қанайұлының   өлеңдерін       мәнерлеп, нақышына келтіре оқиды.

Білімді бекіту: Өтілген тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын. Түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.

Білімді бағалау:

Оқушылырдың жауаптарына ,сабаққа белсене қатысып отырғандарына қарай білімдері бағаланады.

Үйге тапсырма:         Шортанбай Қанайұлының            өмірі мен шығармаларын оқып келу.