Ыбырай Алтынсарин

Сабақтың  тақырыбы :     Ыбырай Алтынсарин   

Сабақтың мақсаты :        а)  Ы.Алтынсарин жайлы қысқаша мәлімет беру ,өлеңдерінің мазмұнын меңгерту арқылы табиғаттағы,адам өміріндегі атқарар жүгін таныту,өлеңді түсініп,мәнерлеп,көркем оқи білуге баулу;

ә) оқушының ауызша және жазбаша тіл мәдениетін қалыптастыру,жеке тұлғаны қалыптастыру,ақын тіліне деген көзқарасн білу;

б) адам өміріне жарап жатқан өзеннің пайдасын  білуге,оны қорғауға баулу,қоршаған ортаға құрметпен қарауға баулу,ойынеркін айта алатын қолайлы орта туғызу.

Сабақтың түрі:                    Жаңа сабақ (танымдық сабақ)

Сабақтың әдісі:                   сын тұрғысынан ойлау (ой қозғау,топтастыру)

Сабақтың көрнекілігі:,     бүктемелер,кітаптар т.б.

Пәнаралық байланыс:          тарих,ән-күй

Сабақтың барысы : 

                                    а)  Ұйымдастыру кезеңі :

Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ә)  Үй тапсырмасын пысықтау :

Үйге берілген тапсырманы сұраймын . Оқушыларға өткен тапсырма бойынша бірнеше сұрақтар қоямын.

                                   б)  Жаңа сабақты түсіндіру.

Ыбырай 1841 жылы қазан айының 20-сында қазіргі Қостанай облысы, Қостанай ауданында дүниеге келеді. Үш-төрт жасында әкесі Алтынсары қайтыс болып, атасы Балғожаның қолында өсіп, тәрбиеленеді.

Атасы Балғожа би өз аймағының атақты кісілерінің бірі болған. Ел ішіндегі көп билікті қолында ұстаған би, Орынбор әкімшілігінің алдында да беделді, белгілі кісі болған.

1859 жылы Ыбырай Алтынсарин атасының жақсы танысы, сыйлас кісісі — Орынбордағы Шекаралық комиссияның төрағасы, шығыстанушы белгілі ғалым, профессор В. В. Григорьевпен жақын танысады. Ол Ыбырайға қамқорлықпен қарап, оған өзінің бай кітапханасын еркін пайдалануына жағдай жасайды. Ыбырай Григорьевтің кітапханасынан орыс жазушыларының шығармаларын, орыс және дүние жүзі ағартушы-педагогтерінің еңбектерін, ұлы адамдардың өмірі жайындағы кітаптарды алып, бас алмай оқыған. Мерзімдік басылымдарды оқып тұрған.

Торғай мектебі 1864 жылы ғана ашылады. «Осы жылы қаңтардың 8-і күні көптен күткен ісім орнына келіп, мектеп ашылды. Оған 14 қазақ баласы кірді. Бәрі де жақсы, есті балалар. Мен балаларды оқытуға қойға шапқан аш қасқырдай қызу кірістім», — деп жазады ол белгілі шығыстанушы, профессор Н. И. Ильминскийге жолдаған хатында. Ыбырай мектептегі сабақ пен тәрбие жұмысын сол кездегі орыс мектептері үлгісінде құрады. Сабақты қазақ тілінде жүргізе отырып, ол балаларға орыс тілін үйретуге, пән негіздерінен білім беруге тырысады. Тәрбие жұмысын адамгершілігі мол, жаңа ұрпақ тәрбиелеп шығаруға бейімдейді.

Топтастыру:

                                      өлеңдері                                                             әңгімелері

 

 

 

 

 

 

                                 Аудармалары                                                   мақалалары

 

Кітаппен жұмыс:            Ыбырай  шығармаларын оқып,талдау жасайды.

Білімді бекіту: Өтілген тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын. Түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.

Білімді бағалау: Оқушылырдың жауаптарына ,сабаққа белсене қатысып отырғандарына қарай білімдері бағаланады.

Үйге тапсырма:  Ыбырай Алтынсариннің өмір жолын оқып келу.