М. Жұмабаев «Сүйемін»
Сабақтың тақырыбы М. Жұмабаев «Сүйемін»
Сабақтың мақсаты:
а) М.Жұмавбаевтың ақындық ерекшелігіне тоқталу;
ә) Мағжан өмірі мен «Сүйемін» өлеңінің байланысын ашу;
б) Мағжан туралы деректерді кеңірек түсініп,ұғынуға дағдыландыру;
Сабақтың түрі: дамыта оқыту
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап,талдау,іздену т.б
Сабақтың көрнекілігі: шығармалар жинағы, портреті т.б
Пәнаралық байланыс: тарих
Сабақтың барысы:
а) Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылармен амандасу,түгелдеу, оқу құралдарын тексеру, сыныптың тазалығына көңіл бөлу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
ә) Үй тапсырмасын пысықтау:
Үйге берілген тапсырманы сұраймын. Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын.
б) Жаңа сабақты түсіндіру:
Мағжанның қандай шығармаларын білесіңдер?
Мағжанға айып тағылғанда қандай айып тағылған еді?
Мағжан Жұмабаев (1893-1938)
1.Ақын 2. Зерттеуші 3. Аудармашы
өлеңдері | поэмасы | ||
«Өмір», «Анама», «Сырым» | «Батыр Баян» «Тоқсанның тобы» | «Педагогика» «Бернияз Күлеев» | «Ақбозат» «Большевик баласы» |
А)
Ә) Өлең құрылысына талдау.
Күлдей күңгірт шашы бар, а
Тоқсан бесте жасы бар, а
Көз дегенің сұп-сұр көр, ә
Тасбиқ санап бүгіліп, б
Жерге қарап үңіліп, б
Көрсе ауыр күрсінер, а
Менің бір қарт анам бар, а
Неге екенін білмеймін, в
Сол анамды сүйемін. в
(1 шумақ , 9 тармақ, , 7 буын аралас ұйқас)
Б) Өлең мазмұны
І қатар. Ана,өмірдің алтын кіліті сенде ғана
ІІ қатар. Жар-ердің тірегі.
ІІІ қатар. Туған елін сүйе алмаған,
Сүйе ала ма туған жерін.
Деңгейлік тапсырмалар
І
Сөздер | Мақал-мәтел |
Ата-ана | Жанұя- шағын мемлекет. Әке көрген оқ жонар. Ата-ананың ақылы-қакзулы қара жолмен тең. |
Жар | Ерге жаққан әйел елге де жағады. Әйел-үйдің көркі. Жақсы әйел-ырыс. Алған жарың жақсы болса,айтың-тойың не керек.Жақсы әйел жолдасың,Жоқтан құрап тойғызар. |
Туған ел | |
Туған жер |
ІІ
теңеу | Эпитет |
Күлдей Жыландай Құрандай | Күңгірт Сұп-сұр көр Жабайы жар Ұйқы басқан қабағы |
ІІІ.Шығармашылық (әңгіме,өлең, сурет салу)
Топтастыру жүйесі:
Жанұя құрметтеу ата-ананы жақсы көру достарды сыйлау
Махаббат
Ұстазға деген сүйіспеншілік жерін елін
Білімді бекіту: Өтілген тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын. Түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.
- «Махаббат» деген ұлы ұғымды ауызға алғанда біздің бойымызда қандай адамдық қасиеттер қалыптасады деп ойлайсыңдар?
- Біз осындай адамгершілік ұлы қасиеттерімізді кімге және нелерге арнауымыз керек?
Білімді бағалау: Оқушылырдың жауаптарына ,сабаққа белсене қатысып отырғандарына қарай білімдері бағаланады.
Үйге тапсырма: Мағжан Жұмабаевтың «Сүйемін» өлеңін мәнерлеп оқып келу.