«Менің сүйікті үй жануарларым»

Тақырыбы: «Менің сүйікті үйжануарларым»

Білім беру саласы: «Қатынас»

Кіріктірілген білім салалары:  «Әлеуметтік» «Шығармашылық»

Ұйымдастырылған оқу іс – әрекеті: Тіл дамыту

Мақсаты: жұмбақты шешу арқылы,балаларды өз тәжірибесінен әңгіме құрұуға үйрету.Балалардың үй жануарлары туралы білімдерін жетілдіру.Жанашырлық сезімдерін ояту.

Білімділігі:сыйпаттама беру арқылы,қайда өмір сүретінін,немен қоректенетіні жөнінде түсінік беру.

Дамытушылығы: балаларға айтылған сөзді ұғына білуін дамыту.

Тәрбиелігі: жануарларға қамқор бола білуге тәрбиелеу,жанашырлық скзімдерін ояту.

Әдіс – тәсілдері: көрсету,түсіндіру,слайд,әңгімелеу.

Көрнекіліктер мен құралдар: үй жануарларының ойыншықтары,жануарлар суреттері.Үлестірмелі суреттер,бағбан ата.

 

Іс- әрекет кезеңдеріТәрбиешінің іс — әрекетіБаланың іс әрекеті
Балаларды тапсырманы орындауға қызықтыру (талпындыру)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Шаттық шеңбері:

Біз қандаймыз,қандаймыз

Шұғылалы таңдаймыз

Күлімдеген күндейміз

Ренжеуді біз білмейміз

Қуанасан сен де

Қуанамын мен де

Арайлап атқан күнге

Үлкенге де сіз

Кішіге де сіз

Баршаңызға құрметпен

Бас иеміз біз.

Балалар,жылдың қай мезгілі?

Қыс мезгілінде неше ай бар?

Қыс мезгілінде қандай өзгерістер болады?

Сендер қыс мезгілінде қандай ойындар ойнайсыңдар?

Өте жақсы.Жарайсыңдар!

 

Балалар назарын ойыншық үй жануарларына аударту.Не көріп тұрсыңдар?

Балалар тәрбиешімен бірге қыймыл қозғалыспен қайталайды.

 

 

 

 

 

 

 

Қойылған сұрақтарға жауап береді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сиыр,қой,

түйе,жылқы,

тауық,шошқа

 

 

Балаларды ізденушілікке ұйымдастыру

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Дұрыс айтасыңдар,бұл жануарларды үй жануарлары деп атайды.Үй жануарларына сонымен бірге мысық,итте жатады.Мысық үйде, ал ит болсасыртта үй күзетіп жатады.Ит жеті қазынаның бірі.Балалар сендерді ата-әжелерің қалай еркелетеді.

 

Сендерді үйде сүйкімді төлдер атымен еркелетеді екен,қандай тамаша!

Балалар осы жануарлар төрт түлікке жатады.Түйенің баласы-бота,сиырдың баласы-бұзау,қойдың баласы-қошақан,жылқының баласы-құлыншақ.Халқымыздың байлығы да,берекесі де осылар.Адамға пайдасы өте көп.Сүтін ішеміз,етін жейміз,терісінен киім жасаймыз.Сиырдың,қойдың сүтінен май,құрт,айран,ірмішік жасаймыз.Төрт түлікті қасиетті деп санаған.

 

Дидактикалық ойын:(слайдтан көрсету)

«Өнімін тап!», «Төлін тап!» «Көлеңкесін тап!»

 

Балалар,рахмет сендер өте ақылдысыңдар,бәрін дұрыс таптыңдар.

Осы кезде боран даусы естіліп,есік ашылып бақташы кіреді.

Бақташы ата: Амансыңдар ма балалар,ғафу етіңдер.Бұл қай жер екен?

Қандай балабақша?

Естілмейді қандай балабақша?

Бақташы ата:сендердің төрт түлік туралы айтып жатқандарыңды естіп келдім.Жұмбақтар жасырады.Мен сендарге құр келмей ойын ала келдім.

«Өз жерін тап» «Төлін тап»

Сендер ақылды,білімді балалар екенсіңдер.

 

Сергіту сәті

Тіктеп титтей құлағын,

Ботам қалай жүреді,

Сыртылдатып тұяғын,

Бұзау оған ереді.

Алға созып мойнын,

Ойнақтайды ботақан,

Көкке қарай мұрынын,

Шүйіреді бұзауқан.

 

 

 

 

 

 

 

Құлыным,

ботам,еркем,

қошақаным.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Балалар ойынға қызыға қатысады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Жасұлан» балалар бақшасы

Қайталайды.

 

Жабайы аңдар мен үй жануарларын алдарына таратылған сурет арқылы сызып көрсетеді.Жануарларды төлдерімен топтастырады

 

Қимылын салып жасайды.

Рефлексия (орындаған тапсырмалар негізінде қорытынды шығарып, кемшіліктерді жою)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Дидактикалық ойын: «Даусынан ажырат»

 

Үй жануарлалын атайық?

Пайдасы қандай?

Оларды неге үй жануарлары деп атайды?

Оқу іс-әрекетіне жақсы қатынасқан балаларды мадақтау.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Үнтаспадан естілген дауысты ажыратады.

 

Біз ақылды баламыз,

Айтқан тілді аламыз,

Бүгінгі келген қонаққа,

Сау болыңыз деп айтамыз.

 

Күтілетін нәтиже :

Нені білуі керек: Үй жануарлары қандай екенін,олардың қандай пайдасы бары жайлы

 

Қандай түсініктерді игерді: Жан-жануарлар қалай дыбыстайтынын

 

Меңгерген дағдылары мен іскерліктерді қолдана алады: Үй жануарларының төлдерін қалай атау керектігі

 

 

 

Серуеннің тақырыбы: «Күзгі ағаштарды бақылау»
Мақсаты: күзгі табиғат құбылыстарымен таныстыра отырып, күзгі ағаштарға назарларына аудару. Күзгі ағаштардың ерекшелігімен таныстыру. Табиғатқа деген сүйіспеншіліктерін арттыру. Күзгі табиғаттың сұлулығы мен әсемдігін көре білуге тәрбиелеу.
Құрал жабдықтар: ойынға қажетті атрибуттар, еңбекке қажетті құрал — жабдықтар

Барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі:
Күз
Алтын күз бірде шуақ, бірде салқын
Жер мен көк жалтыраған сап – сары алтын
Ағашта жапырақтар сылдырлайды
Төгілген алтын теңге сансыз жатқан
Сары алтын батсайыдай дала бидай
Үйілген мая – мая қызыл бидай
Қырманда қызыл алтын, қызыл маржан
Жинайды жаратылыс берген сыйдай

— балалар біз серуенге қайда шықтық?
— Қазір жылдың қай мезгілі екен?
— Күз мезгілінде қанша ай бар?
— Бүгін ауа райы қандай екен?

ІІ. Негізгі бөлім:
1. Күзгі ағаштарды бақылау
Дұрыс айтасыңдар! Бүгін балалар біз серуенде күзгі ағаштарды бақылаймыз. Балалар қараңдаршы күзгі ағаштар қандай түске боялған?
— сары түске боялған.
— Жарайсыңдар! Ал олар неге сары түске боялған деп ойлайсыңдар?
— Себебі қазір күз мезгілі. Сондықтан жапырақтар сарғайған.
(балалар ағаштардың жанына барып, оларды бақылайды, жапырақтарына, діңіне назар аударады)
Дұрыс айтасыңдар қараңдаршы ағаштардың бәрі сап — сары алтын түске боялып, жерге сары кілем төселіпті. Күзгі табиғат қандай әсем, сұлу, тамаша еді. Осындай әсем табиғатты біз аялап күтіп, қамқорлық көрсетуіміз керек.
— ал балалар сендер ағаштарды қарап бақыладыңдар. Айтыңдаршы ағаштардың жапырағы тек сары түске бөленген бе?
— Жоқ
— Тағы қандай түсті жапырақтарды кездестіңдер?
— Жасыл, сарғылт, алтын түстес жапырақтарды.
— Жарайсыңдар балалар! Енді осы ағаштардың жерге түскен сары жапырақтарын тергілерің келеді ме?
— Ия
— Ендеше қазір бәріміз күзгі сары жапырақтарды терейік. Топ кірген соң ол жапырақтардан балапан жасаймыз. Жапырақтарды тергенде сап – сары түстісін, әдемісін тереміз. Жарай ма балалар?
— Жарайды.
Балалар күзгі сары жапырақтарды теруге кіріседі.

 

  1. Табиғаттағы еңбек
    — Балалар сендер жапырақтарыңды теріп болдыңдар ма?
    — өздеріңе қажетті жапырақтарды тердіңдер ме?
    — Ендеше балалар біз қазір мына күзгі ағаштардан түскен қалған жапырақтарды жинап тазалап тастайық. Біздің аула тазалаушы тәтейге берген көмегіміз болсын. Ағаштарда бізге рахметін айтсын. Келісесіңдер ме?
    — Келісеміз.
    — Ендеше мен қазір құрал жапырақтарды таратып беремін.
    Ендеше балалар қазір қыз балалар мына сыпырғыштармен мына жапырақтарды тазалап, бір жерге жинасы, ал ұл балалар сол жиналған жапырақтарды арбамен тасып әкетсін.
    (балалар тәрбиешінің нұсқауы бойынша жерді жапырақтардан тазарта бастайды. әр бала өзіне берілген іспен шұғылданады)
    — жарайсыңдар балалар! Сендер бүгін үлкен іс атқардыңдар. Сендерге мына күзгі ағаштар, аула тазалаушы апай үлкен рахметін білдіреді.

    1. Ғажайып сәт: (талдар арасынан қоян секіріп шығады)балалармен амандасып,ойын ойнатады.

 

 

Қимылды ойын: «Қоянға сәбіз бер»

 

Екі қоян орындықта отырады. 3м қашықтықта тұрған екі баланың көзін орамалмен байлап, қолдарына сәбіз ұстатады. Балалар сәбізді қоянның аузына апарып салу керек. Көзі байланған балалар қоянның аузын таба алмай күлкілі жағдайға ұшырайды. Ойын қызықты өтеді.

ІІІ. Қорытынды бөлім:
Жарайсыңдар балалар!
— сонымен балалар бүгін серуенде нені бақыладық?
— Ағаштар қандай түске боялыпты?
— Серуенде тағы немен айналыстық?
— Жарайсыңдар. Бүгін барлығың серуенде өздеріңді тәртіпті ұстап, жақсы еңбек еттіңдер.