І.Есенберлиннің поэзиясы (1915-1983)

Сабақтың тақырыбы:            І.Есенберлиннің  поэзиясы  (1915-1983)

Сабақтың мақсаты:

а)І.Есенберлин өлеңдерінің мазмұнын меңгерту,көркемдік ерекшелігін ашу.Көркем поэзияның сөз өнерінің құдіретін таныту;

ә) көркем поэзияға деген қызығушылықтарын,эстетикалық талғамдарын кеңейту;

б) Сабақ барысында оқушыларға мәнерлеп оқуға машықтандыру.

 

Сабақтың түрі:                    лекция сабақ

Сабақтың әдісі:                  сұрақ-жауап,түсіндіру

Сабақтың көрнекілігі:      кітаптар,журналдар

Пәнаралық байланыс:      тарих

Сабақтың барысы:

                                     а)  Ұйымдастыру кезеңі:

   Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ә) Үй тапсырмасын пысықтау.

Үйге берілген І.Есенберлиннің өмірбаянын сұраймын.Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын.

1.І.Есенберлин өмір сүрген кезеңі туралы не білесіңдер?

2.І.Есенберлин шығармашылығы неліктен поэзиядан бастау алады деп ойлайсыңдар?

 

б) Жаңа сабақты түсіндіру

 

        І.Есенберлин әдебиет әлемінің босағасын аттағанда поэзия жанырына олжа сала келді. «Сұлтан», «Айша» дастандары 1945 жылы шығып,кейіндері «Адамгершілік жыры» жинағына кірді.Оның алғашқы өлеңдері әйел тақырыбы,батыр қыздар туралы болып көрінді

 

өлеңдері: «Әлия», «Ұмытпаңыз ер қызды», «Домбыра», «Жаңа өлке», «Қыз арманы», «Тыңда көрдім бір қызды», «Көк кептер», «Елге қайтқанда», «Бесік жыры», «Бөбегіме», «Жарға» т.б.

 

поэмалары:  «Көңіл дастаны»,   «Қазақ қызы»,  «Әділбек» т.б.

 

кітаппен жұмыс: Кітаптан өлеңдерін мәнерлеп оқып,өлеңді құрылысына қарай талдайды.

 

білімді бекіту:  І.Есенберлиннің шығармаларындағы махаббат тақырыбы және бүгінгі күндегі махаббаттың жырлануы жайлы өз ойларыңды білдіріңдер.

 

білімді бағалау:  Оқушылардың жауаптарына қарай білімдері бағаланады.

 

үйге тапсырма:  І.Есенберлиннің поэзиясын оқып келуге беремін.